Тауық еті қосылған салат: дәмді әрі ерекше рецепт
Жарияланған күні:
Славян асханасының "Нәзіктік" салаты – қарапайым құрамды ерекше тіскебасар. Қышқылтым қара өрік оған ерекше пикантты дәм береді.
1980 жылдары қатпарлы салат түрлері көбейді. Оларды Кеңес заманының адамдары, америкалықтар, араб елдерінің тұрғындары жасай бастады. Ол кезде мұндай салаттардың жүздеген түрі бар еді.
Солардың ішінде күні бүгінге дейін дастарханнан түспейтін салаттардың бірі - "Нәзіктік" салаты. Оның құрамы өте қарапайым әрі қолжетімді, сонымен бірге пикантты дәмімен ерекшеленеді. Оны көбі мерекелік дастарханға дайындайды.
Сипаттамасы
Асхана: Славян
Санаты: Тіскебасар
Дайындау уақыты: 4 минут
Дайындалу уақыты: 12 минут
Бір порцияның калориясы: 430 ккал
Құрамы
Жұмыртқа – 2 дана
Қияр – 200 гр
Майонез – 100 гр
Грек жаңғағы – 50 гр
Кептірілген қара өрік – 100 гр
Тауық филесі – 450 гр
Қатты ірімшік – 100 гр
Дайындалуы
1. Филені дайындау
Тауық филесін 20 минуттай қайнаған суда пісіріп, кейін бірден суық суға салып, суытып алыңыз. Суға піскен филе орнына, қақталған филені де қолдансаңыз болады. Суыған тауық етін 0.6-0.8 см өлщемде, кубик формасында турап, ыдысқа салыңыз.
2. Қиярды турау
Суық суда қиярды жуып алу қажет. Сыртын тазалап, шамамен тауық кубиктері өлшемінде тураңыз. Туралған қиярды таза ыдысқа салып қойыңыз.
3. Қара өрікті турау
Қара өрік тым құрғақ болса, оны алдын-ала жылы суға салып қойыңыз. Жұмсақ қара өрікті тазалар жуып, құрғатып алыңыз. Сүйегі болса, алып тастаңыз. Кептірілген қара өрікті де кубик формасында турап алыңыз.
4. Жұмыртқаны үккіштен өткізу
Пісіріліп, кейін суық суда суыған жұмыртқаның қабығын аршып алыңыз. Оны үккіштің ұсақ пышағынан өткізіп алыңыз.
5. Ірімшікті үккіштен өткізу
Қатты ірімшіктің беткі қабатын алып тастаңыз. Оны да үккіштен өткізіп, бөлек ыдысқа салып қойыңыз. Сыр қышқыл емес, бірақ қатты болғаны дұрыс. Эстон, чеддер, пешехонский, пармезан сырлары – өте ыңғайлы.
6. Жаңғақты ұсақтау
Блендерге тазартылған, 50 гр жаңғақты салыңыз. Өте ұсақ етіп, блендерден өткізіп алыңыз. Ал егер блендеріңіз болмаса, қарапайым оқтаумен де ұсатып алуға болады.
7. Салатты жинау
Салатқа креманка немесе арнайы түбі тереңдеу ыдыстар ыңғайлы. Барлық құрам бөліктерін, кезегімен салып шығу қажет. Ең алдымен қиярды саламыз. Кейін тауық еті, кептірілген қара өрік, жұмыртқа және сырды салыңыз. Әр қабатқа майонез жағып отыруды ұмытпаңыз. Майонез орнына грек иогуртын немесе қыша қосылған қаймақты қолдануға болады. Салат ортасына тағы майонез салып, оның үстінен ұсатылған грек жаңғағын себіңіз. Салатты салқын жерде 30 минутқа қалдырып, дастарханға ұсынсаңыз болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2038428-tauyq-eti-qosylgan-salat-damdi-ari-erekse-recept/