Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қой еті мен орамжапырақ қосылған сірне: ең оңай рецепт

Опубликовано:

Қой етінен сірне. Скриншот
Қой етінен сірне. Скриншот: YouTube/Дастархан - вкусные рецепты

Қазақ асханасы негізінен етті тағамдарымен танымал. Солардың бірі шырынды әрі хош иісті – сірне тағамы. Бұл ұлттық тағамды дайындау үшін төмендегі рецептіні пайдаланыңыз.

Ерте заманнан бері, сірне қазақ асханасында ерекше орынға ие. Бұрынғы кезде шабандар қой қарнына ет пен іш май салып дайындаған. Қарынды толтырып, жерге қазып, үстінен от жағып, түні бойы пісірген. Ал қазір бұл ұлттық тағамның ерекшелігі, қой етінің өз шырынында бірнеше сағат пісіріліп, дәмі тіл үйіретіндей дәмді етіп дайындалуында. Дәстүр бойынша сірнені қазанда, үлкен көлемде пісіреді.

Сипаттамасы

Асхана: Қазақ

Санаты: Басты тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Дайындалу уақыты: 1 сағат

Бір порцияға калориясы: 300 ккал

Құрамы

Сарымсақ – 2 дана

Тәтті бұрыш – 400 гр

Cәбіз – 850 гр

Пияз – 1100 гр

Картоп – 2 кг

Орамжапырақ – 1 дана

Ақжелкен – дәміне қарай

Тұз – 150 гр

Қой еті – 3500 гр

Құйрық май – 250 гр

Лавр жапырағы – 5 дана

Бұрыш – 15 гр

Дайындалуы

1. Ақжелкен мен пиязды турау

Пиязды тазалап алыңыз. Ақжелкен немесе кинза шөбін жуып, кептіріп алыңыз. Пиязды жарты дөңгелек етіп турап, ұсақталған ақжелкенмен араластырыңыз.

Ақжелкен мен пиязды турау. Скриншот
Ақжелкен мен пиязды турау. Скриншот: YouTube/Дастархан - вкусные рецепты

2. Көкөністерді дайындау

Көкөністерді әуелі жуып алыңыз. Қырық қабаттың жапырақтарын бөлек-бөлек дайындаңыз. Картоп пен сәбізді тазалаңыз. Сәбізді орташа дөңгелек етіп тураймыз. Тәтті бұрыштың ортасын тазалап, ірі етіп тураңыз. Екі дана сарымсақты тазалап, тісшелерін бөлек дайындаймыз.

Көкөністерді дайындау. Скриншот
Көкөністерді дайындау. Скриншот: YouTube/Дастархан - вкусные рецепты

3. Қой етін дайындау

Қой етін жуып, үлкен бөліктерге бөлеміз. Етке 3,5 ас қасық тұз қосып, жақсылап араластырыңыз. Оған іш майын немесе құйрық майын қосып жіберіңіз.

Қой етін дайындау. Скриншот
Қой етін дайындау. Скриншот: YouTube/Дастархан - вкусные рецепты

4. Қазанға етті салу

Қазан түбіне әуелі құйрық май немесе іш майын салыңыз. Үстінен тұздалған етті саламыз. Оған қара бұрыш пен лавр жапырағын қосамыз.

Етті қазанға салу. Скриншот
Етті қазанға салу. Скриншот: YouTube/Дастархан - вкусные рецепты

5. Көкөністерді салу

Еттің үстіне туралған пиязбен ақжелкенді саламыз. 0,5 ас қасық тұз салуға ұмытпаңыз. Кейін кезегімен картоп,сәбіз, тәтті бұрыш және сарымсақты саламыз. Үстінен тағы 1.5 ас қасық тұз қосыңыз. Көкөністердің бетін орамжапырақтың жапырақтарымен толығымен жабу керек. Қолыңызбен барлығын басып, қазанның қақпағын жауып қоямыз.

6. Сірнені дайындау

Қазанды отқа қойып, жақсылап қыздырып алыңыз. Еті қуырыла бастаған уақытта отты баяулатып, әлсіз отта 3-4 сағат бұқтырып пісіру керек. Егер етіңіз жас малдыкі болса 3 сағат, ал егер кәрі мал болса 4 сағат пісіру керек.

Сірнені дайындау. Скриншот
Сірнені дайындау. Скриншот: YouTube/Дастархан - вкусные рецепты

7. Сірнені безендіру

Қой еті піскен кезде, бірден дастарханға ұсыныңыз. Табаққа ең алдымен қырық қабат жапырақтарын, шетіне көкөністерді, ал ортасына етті салып беріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2038546-qoi-eti-men-oramzapyraq-qosylgan-sirne-en-onai-recept/

pixel