Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хош иісті марокколық шай: үй жағдайында қалай дайындауға болады

Опубликовано:

Марокко шайы. Скриншот
Марокко шайы. Скриншот: YouTube/Kalsoom’s Kitchen Recipes

Дәмі тіл үйіретін әрі хош иісті марокколық шайды ұмыту оңай емес. Ол денеңізді босатып, суық күнде жылулық бере алады. Дұрыс рецепт бойынша, шайды дайындаудың қиындығы жоқ.

Африканың солтүстік-батысында, мұсылмандар көп тұратын аймақта марокколық немесе мағрибтық шай кеңінен таралған. Шай ішу дәстүрі замнаға сай өзгерген. Ол XIX ғасырда, британдықтар көк шайды Мароккоға экспортқа шығара бастаған уақыттан бастау алады. Жергілікті тұрғындарға шайдың денені босатуы ұнаса, енді біріне оның ащы дәмі ұнамаған.

Сол кемшілігін жою үшін олар шайға жалбызбен көп мөлшерде қант қоса бастаған. Қонақтарға ұсынарда, оның хош иісін ерекшелендіру үшін раушан гүлін немесе корица қосқан. Шайға қалауыңызша корица, қалампыр, кардамон қосу дәстүрге айналған.

Сипаттамасы

Асхана: Азия

Санаты: Сусын

Дайындау уақыты: 3 минут

Дайындалу уақыты: 5 минут

Бір порцияға калориясы: 45 ккал

Құрамы

Қант – 2 ас қасық

Су – 500 мл

Көк шай – 2 ас қасық

Жалбыз – 50 гр

Кардамон – 6 шт

Дайындалуы

1. Қазанға су құйыңыз

Суды пешке қою. Скриншот
Суды пешке қою. Скриншот: YouTube/Kalsoom’s Kitchen Recipes

1 л көлемдегі ыдыста пешке қойыңыз. Оған 500 мл таза, суық су құйыңыз. Пешті ең қатты отқа қойып, суды 1 минуттай жылытып алыңыз.

2. Көк шай мен кардамон қосу

Көк шай мен кардамон қосу. Скриншот
Көк шай мен кардамон қосу. Скриншот: YouTube/Kalsoom’s Kitchen Recipes

Жылы суға 2 ас қасық, ірі жапырақты көк шай салыңыз. Оған кардоман дәндерін қосыңыз. Қатты отта, суды араластырып тұруды ұмытпаңыз. Кардоман дәндерін балғын зімбірмен (10 гр) алмастыруға болады. Зімбірді турап салған жөн.

3. Қант қосып, қайнату

Қант қосу. Скриншот
Қант қосу. Скриншот: YouTube/Kalsoom’s Kitchen Recipes

Қайнайын деп тұрған шайға 2 ас қасық қант салыңыз. Шайдың тәтті болғанын қаласаңыз, оданда көп салуға болады. Шайды жақсылап қайнатып алыңыз.

4. Шайды тындыру

Шайды тындыру. Скриншот
Шайды тындыру. Скриншот: YouTube/Kalsoom’s Kitchen Recipes

Шай қайнағанда, отты сөндіріңіз. Ыдыстың бетін жауып, 5 минуттай тындырып қойыңыз. Көк шай жапырақтары ыдыстың түбіне түскенін күтіңіз.

5. Шайды ұсыну

Шайды ұсыну. Скриншот
Шайды ұсыну. Скриншот: YouTube/Kalsoom’s Kitchen Recipes

Көлемі 500 мл-ден кем емес шәйнекті ыстық сумен шайып алыңыз. Оған жуылып, кептірілген жалбызды салыңыз. Шәйнекке тындырылған шайды құйып, 2-3 минуттан соң қонақтарыңыздың кесесіне құйып берсеңіз болады. Әдетте марокколық шайға металл шәйнектер мен шыны кеселер қолданылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2039559-xos-iisti-marokkolyq-sai-ui-zagdaiynda-qalai-daiyndauga-bolady/

pixel