Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұқтырылған көксерке: Адельден ең дәмді балық рецепті

Опубликовано:

Бұрыш қосылған көксерке
Бұрыш қосып бұқтырылған көксерке балығы. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Бұқтырылған көксерке балығы - диетаға арналған мәзір үшін таптырмас тағам. Ең оңай дайындалатын тұздық бұл балықты ерекше дәмді етеді. Біз ұсынған рецепт бойынша дәмі тіл үйіретін балықты пісіріп көріңіз.

Адельдің рецептерін YouTube арнасынан таба аласыз. Күнделікті және мерекелік кештерге арналған дәмді тағамдар жайлы видеоларды жіберіп алмаңыз. Бұл арнада қолжетімді өнімдерден дәмді әрі пайдалы тағамдарды қалай пісіру керегі айтылады.

Көксерке сүйегі аз, еті жұмсақ әрі майсыз, иісі жоқ болғандықтан ерекше бағаланады. Аспаздар көксеркені қуырып, қайнатып, тұздық қосып бұқтыру арқылы көптеген тағам пісіреді. Адельдің рецепті бойынша балықты бұқтырып пісіру әдісін ұсынамыз. Буға пісірілген балықтың құрамында пайдалы дәрумендер сақталады. Көксеркенің дәміне дәм қосу үшін тұздық дайындаған жөн.

Сипаттамасы

Асханасы: Еуропалық

Санаты: Бас тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісіру уақыты: 20 минут

Мөлшерлік калориясы: 97 ккал

Ингредиенттер

Лимон шырыны - 1 ас қасық

Соя соусы - 3 ас қасық

Ащы бұрыш - 1 тал

Тәтті бұрыш - 1 тал

Күнжіт - дәміне қарай

Лимон қабығының үгіндісі - 1 шай қасық

Көксерке еті - 400 г

Бальзамды сірке су - 1 шай қасық

Дайындалуы

Балық етін дайындап алыңыз

Балық етін турау
Көксерке етін турап аламыз. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Көксерке етін жуып, құрғатыңыз. Балықты бірнеше бөлікке бөліңіз. Туралған балықты маринадтау үшін шұңғыл ыдысқа салыңыз.

Маринад дайындаңыз

Маринад дайындау
Соусқа салынған балық еті. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Ыдыста лимон шырыны мен бальзам соусын араластырыңыз. Соя соусы мен лимон қабығын қосыңыз. Ингредиенттерді араластырып, балық етінің үстіне дайын тұздықты құйыңыз. Балықты маринадтау үшін 10-15 минутқа қалдырыңыз.

Бұрышты тураңыз

Бұрышты турау
Текшелеп туралған тәтті бұрыш. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Чили және болгар бұрышын жуып, құрғатыңыз. Бұрыштың сабағын алып тастап, дәнін тазартыңыз. Бұрышты кішкене текше пішінде тураңыз.

Балықты пісіріңіз

Балықты пісіру
Бұқтыру үшін ыдысқа салынған балық пен тәтті бұрыш. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Балықты пісіру үшін бұқтыру режимі бар кез келген құрылғыны пайдалануға болады. Маринадталған балықты қабығын төмен қаратып, бұқтыруға арналған табаға салыңыз. Содан кейін туралған бұрышты үстіне қойып шығыңыз. Көксеркені 20 минут буға пісіріп алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2039876-buqtyrylgan-kokserke-adelden-en-damdi-balyq-recepti/

pixel