Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тауық етінен фрикасе: ең оңай классикалық рецепт

Опубликовано:

Дәмді фрикасе. Скриншот
Дәмді фрикасе. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

Классикалық фрикасе – бұл қаймақты соуста бұқтырылып пісірілген, тауықтан дайындалған рагу. Бірінші етті қуырып аламыз, кейін бұқтырамыз. Ол өте нәзік әрі дәмі тіл үйіретін дәмді болып шығады. Төмендегі рецептіні қолданып, дайындап көріңіз.

Фрикасе – өте қызықты аңызға ие, ежелгі француз тағамы. Бір нұсқа бойынша Напалеон Банопарт тауық етін жек көретіндігі соншама, аспаздарына оны дайындауға тыйым салады. Бір аспазы ол тыйымды білмей, тауық етін оған әр түрлі дәмдеуіштер қосып дайындап береді. Император ол тағамның дәмін татып, ұнатып, фрикассені императорлық мәзірге қосуға рұқсат береді. Осыдан кейін, әдетте тек шаруалардың дастарханынан табылатын фрикасе, әуелі француз байларының, кейін еуропалық байлардың дастарханында кеңінен таныла бастады.

Сипаттамасы

Асхана: Француз

Санаты: Басты тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Дайындалу уақыты: 1 сағат

Бір порцияға калориясы: 141 ккал

Құрамы

Сарымсақ - 2 тісше

Қою қаймақ 33% - 480 мл

Бидай ұны – 3 ас қасық

Пияз – 2 дана

Тауық аяқтары – 4 дана

Ақжелкен – дәміне қарай

Шампиньон саңырауқұлағы – 300 гр

Тұз – дәміне қарай

Қара бұрыш – дәміне қарай

Тауық сорпасы – 720 мл

Лавр жапырағы – 2 дана

Тимьян – 3 дана

Ақ шарап – 120 мл

Май 82.5% - 60 гр

Дайындалуы

1. Тауық етін дайындау

Тауық аяқтарын жуып, артық суын қағазбен сүртіп тастаңыз. Тауық етін сүйегінен бөліп алыңыз. Етті жақсылап тұздап, бұрыштап алыңыз.

Тауық етін дайындау. Скриншот
Тауық етін дайындау. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

2. Етті қуырып алу

Түбі қалың табаққа сары майды ерітіп алыңыз. Май қызған уақытта, етті салыңыз. Бөлінген бөліктерді екі жағынан сарғайғанша қуырып алу керек. Дайын етті бөлек ыдысқа салып, майды табада қалдырыңыз.

Етті қуырып алу. Скриншот
Етті қуырып алу. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

3. Көкөністерді дайындау

Көкөністерді дайындау. Скриншот
Көкөністерді дайындау. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

Пиязды тазалап, жартылай дөңгелек етіп тураңыз. Саңырауқұлақты тазалап, ірілерін екіге бөліңіз, ұсақтарын сол қалпында қалдырыңыз. Еттен қалған майға пиязбен саңырауқұлақты қуырып алыңыз. Табаға лавр жапырағы мен тимьянның 3 бұтағын салыңыз. Егер балғын тимьян болмаса, оны кептірілген тимьянмен алмастыруға болады. Саңырауқұлақ пен пиязды дайын болғанша, артық суынан арылғанша қуырыңыз.

4. Ұн мен шарап қосу

Ұн мен шарап қосу. Скриншот
Ұн мен шарап қосу. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

Табадағы көкөністер дайын болған соң оған ұсатылып туралған сарымсақ қосып, араластырыңыз. Үстінен електен ұн өткізіп салып, біркелкі араласуына назар аударыңыз. 1 минуттай қуырған соң, оған Шардоне шарабын қосыңыз.

5. Табаға сорпа құю

Тағамға сорпа құю. Скриншот
Тағамға сорпа құю. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

Табаға тауық сорпасын құйыңыз. Дәміне қарай тұз, қара бұрыш қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырып, бірнеше минут бұқтырыңыз. Кейін оған қуырылған тауық етін салып, тағы 10 минуттай, таба қақпағын жауып бұқтырамыз. Уақыт өткен соң, таба қақпағын ашып, 20 минуттай, орташа отта пісіреміз.

6. Майлы қаймақ қосу

Майлы қаймақ қосу. Скриншот
Майлы қаймақ қосу. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

Табадағы тауық етін теріп алыңыз. Табада қалған соусқа майлы сливки қосыңыз. Соустың қайнауын күту қажет.

7. Тағамды дайындауды аяқтау

Дайын тағам. Скриншот
Дайын тағам. Скриншот: YouTube/ RecipeTin Eats

Дайын соусқа тауық етін қайта салып, пештің отын өшіріңіз. Ақжелкенді ұсақтап турап, еттің бетіне себіңіз. Фрикасенің жанына гарнир ретінде пісірілген картоп немесе күрішпен бірге дастарханға ұсынуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2039923-tauyq-etinen-frikase-en-onai-klassikalyq-recept/

pixel