Лобионы қалай дайындаймыз: грузин асханасының ең дәмді тағамының рецепті
Опубликовано:

Хош иісті лобио – грузин асханасының мақтанышы. Бұл дәстүрлі тағамды дайындау үшін оның құпияларын білген дұрыс. Төмендегі рецептті пайдаланып, ерекше тіскебасарды дайындап көріңіз.
Лобио тағамы Грузияда ертеден танымал. Бірақ бұрын оның негізгі құрамы бұршақ емес, боб долихостың ірі тұқымдары болатын. Оны хош иісті шөптермен, дәмдеуіштермен бұқтырып дайындайтын. XVII ғасырдың соңынан бастап лобиоға пісірілген бұршақ қоса бастады. Ең дәмді лобио ұсақ, қызыл түсті бұршақтардан дайындалады деп есептелген. Дәстүрге сай тағамды маринадталған пиязбен, тұздалған көкөністермен, хош иісті грузин таба нандарымен бірге ұсынады.
Сипаттамасы
Асхана: Грузин
Санаты: Тіскебасар
Дайындау уақыты: 5 минут
Дайындалу уақыты: 40 минут
Бір порцияға калориясы: 186 ккал
Құрамы
Сарымсақ – 5 тісше
Бұршақ – 600 гр
Чили бұрышы – 1 дана
Паприка – 1 шай қасық
Өсімдік майы – дәміне қарай
Пияз – 2 дана
Ақжелкен – 30 гр
Грек жаңғағы – 200 гр
Тұз – дәміне қарай
Тауық сорпасы – 800 мл
Кинза – 30 гр
Ақ шарапты сірке суы- 20 мл
Аджика – 2 ас қасық
Дайындалуы
1. Бұршақты дайындау

Лобио үшін 1.5 кг қайнатылған қызыл бұршақ қажет. Шикі күйінде ол шамамен 600 гр бұршақ. Бұршақты тазалап, жуып алыңыз. Бұршақты алдын –ала бір түнге суға салып қойған дұрыс. Кейін оны тағы бір жуып алып, су құйып, жұмсарғанша пісіріп алыңыз. Бұршақ шамамен 1.5 сағатта пісіп, дайын болады. Дайын болғанда, дуршлагқа салыңыз.
2. Пиязды қуыру

Табаға өсімдік майын құйып, қыздырып алыңыз. Пиязды тазалап, ұсақтап турап алыңыз. Пияз жұмсаруы үшін жақсылап үстінен басып, араластырыңыз.
3. Жаңғақ пен сарымсақты ұсату

Жаңғақты алдын-ала қуырып алыңыз. Оны ет тартқыштан өткізіп алыңыз. Артынан сарымсақты ұсатып алыңыз. Соңында ет тартқыштан қуырылған пиязды өткізіңіз.
4. Жаңғақ пастасын дайындау

Ұсатылған жаңғаққа аджикамен 1.5 ас қасықтай шарапты сірке суын қосыңыз. Оған 1 шай қасық тұз қосып, біркелкі массаға келтіріп, араластыру қажет.
5. Дайындықты аяқтау

Терең ыдысқа піскен бұршағыңыздың 1/3 бөлігін салыңыз. Үстінен сорпа құйып, блендермен каша күйіне келтіріңіз. Дайын болған массаны табаға құйып, пешке қойыңыз. Оған дайын жаңғақ пастасын салып, араластырыңыз. Табаға қалған бұршақтың 2/3 бөлігін салыңыз. Кейін оған тәтті қақталған паприка қосамыз. Жақсылап араластырып, 15 минуттай жабық қақпақпен бұқтыру қажет.
6. Бұрыш пен балғын шөптер қосу

Балғын шөптерді жуып, кептіріп алыңыз. Кинза мен ақжелкенді ұсатып алыңыз. Чили бұрышын тазалап, ұсатып тураңыз. Барлығын табаға салып, тағы 5 минуттай бұқтырыңыз. Тағамды безендіру үшін балғын шөптен аздап қалдырыңыз.
7. Тағамды безендіру

Шұңғыл пиалаларды дайындап қойыңыз. Соларға лобионы салып, үстінен балғын шөптермен безендіріңіз. Жарты сақина етіп туралған пиязбен немесе тұздалған көкөністермен дастарханға ұсыныңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2040409-lobiony-qalai-daiyndaimyz-gruzin-asxanasynyn-en-damdi-tagamynyn-recepti/