Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бәліш пісіруге арналған қамыр: ең оңай дайындалатын рецепт

Опубликовано:

Қамыр және оқтау
Бөліктерге бөлінген қамыр және оқтау. Көрнекі сурет: pixabay.com

Иіні қанып, дұрыс дайындалған қамырдан дәмді бәліш пісіруге болады. Қамыр дайындауға біраз уақыт кетеді, дегенмен нәтижесі көңіл қуантады. Осы рецепт бойынша пісірілген бәліштер өте дәмді әрі жұмсақ болып шығады.

XIX ғасырда сыра қайнатушылар таза ашытқы дақылдарын алған болатын. Таза ашытқыдан жасалған алғашқы тоқаш " kaisersemmel " деп аталады. 1867 жылы бұл өнімді Париждегі дүниежүзілік көрмеде веналық нан пісірушілер ұсынды. Тоқаштың құрамына ұн, уыт, ашытқы, су және тұз қосылған болатын. Осы жылдар ішінде ашытқы қамырының көптеген рецепті пайда болды, олардың арасында майқоспа көбірек қолданылды. Оның құрамында қант, май және жұмыртқа бар, сондықтан пісірілген тағамдардың дәмін келтіреді. Мұндай қамыр ұзақ уақытқа дейін жарамды болады.

Сипаттамасы

Асханасы: еуропалық

Санаты: бас тағам

Дайындау уақыты: 6 минут

Дайын болатын уақыты: 20 минут

Мөлшерлік калориясы: 150 ккал

Ингредиенттер

Тауық жұмыртқасы - 2 тал

Қант - 75 г

Жоғары сорттық бидай ұны - 600 г

Сүт - 150 мл

Өсімдік майы - 75 г

2,5 % айран - 150 мл

Ашытқы - 20 г

Тұз - 1 шай қасық

Дайындалуы

Ашытқы қамыр дайындаңыз

Ашытқы дайындау
Қамырдың ашытқысын дайындау. Көрнекі сурет: YouTube / Выпечка и кулинария

150 мл сүтті дене температурасына дейін қыздырыңыз (36-38 °C). Сүтті қамыр илейтін ыдысқа құйыңыз. 1 ас қасық қант, 20 г ашытқы (⅕ 100 грамм пакеттің бөлігі) немесе 1 шай қасық құрғақ түрін қосыңыз. Сүтке салынған қант пен ашытқы бөлінгенше қасықпен араластырыңыз. 4 ас қасық ұн қосыңыз және түйірлері әбден кеткенше араластырыңыз. Қамыр құймаққа қарағанда сұйықтау болуы керек.

Қамыр ашытқысының көтерілгенін күтіңіз

Беті жабылған ашытқы
Беті жабылған қамыр ашытқысы. Көрнекі сурет: YouTube / Выпечка и кулинария

Қамыр ашытқысы тұрған ыдыстың бетін полиэтилен орамасымен немесе қақпақпен жауып, жылы жерде қалдырыңыз. Бұл шамамен 25-35 минут уақытты алады.

Қант, тұз, жұмыртқа және өсімдік майын араластырыңыз

Жұмыртқа, тұз, өсімдік майы
Тұз, жұмыртқа және өсімдік майы. Көрнекі сурет: YouTube / Выпечка и кулинария

Қамырға қосатын жұмыртқа бөлме температурасында болуы керек. Ыдысқа 1 жұмыртқаны қосыңыз. Тағы бір жұмыртқаның сарысын бөліп алып, ақуызын ыдысқа салыңыз. Ал жұмыртқаның сарысы бәлішті пеш салардың алдында бетін майлауға қажет болады. Жұмыртқаға 1 шай қасық тұз, 2 ас қасық қант немесе тәттірек болу үшін 4 ас қасық салыңыз. Сонымен бірге 60 г өсімдік майын (4 ас қасық) құйып, бұлғауышпен араластырыңыз.

Айран құйыңыз

Айран құю
Айран құйылған қоспа. Көрнекі сурет: YouTube / Выпечка и кулинария

Жұмыртқа салынған ыдысқа бөлме температурасындағы жылы айранды құйыңыз. Бұлғауышпен баяу араластыра отырып, ыдыстағы қоспа біркелкі болғанша араластырыңыз. Ыдысты жауып, бөлме температурасында қоя тұрыңыз.

Ашытқыны майқоспа нанға қосыңыз

Ашытқымен араластыру
Жұмыртқа қосылған қоспа мен ашытқы. Көрнекі сурет: YouTube / Выпечка и кулинария

Қамыр ашытқысының көлемі шамамен екі есе артып, бетінде көпіршіктер пайда болған кезде, ыдыстан пленканы алыңыз. Қоспаны бұлғауышпен ақырындап араластырып, дайындап қойған қоспаны қосыңыз. Тәтті бәліштерге арналған қамырға ванильді қант қосуға болады. Арасындағы түйіршіктер ерігенше араластырыңыз.

Ұн қосып, қамыр илеңіз

Қамыр илеу
Қамыр илеу сәті. Көрнекі сурет: YouTube / Выпечка и кулинария

Қамыр ашытқысы қосылған қамырға елеуіштен өткен ұнды қосыңыз. Қамырды асүй қалағымен немесе қасықпен илеңіз. Қамыр қалың болған кезде 15 мл өсімдік майын құйып, қолыңызбен илеу керек. Май қамырға сіңген кезде оны ұн себілген үстелдің үстіне қойып, шамамен 10 минут илеңіз.

Қамырдың көтерілгенін күтіңіз

Қамырдың көтерілуі
Қамыр көтерілу үшін беті пленкамен жабылады. Көрнекі сурет: YouTube / Выпечка и кулинария

Дайын қамырды дөңгелек пішінге келтіріп, өсімдік майымен майланған ыдысқа салыңыз. Ыдыстың бетін пленкамен және екі қабатталған ас үй сүлгісімен жабыңыз. Қамыр жақсы көтерілу үшін жылы жерде 30-40 минутқа қалдырыңыз.

Қамырды қайтарып илеп, көтерілгенін күтіңіз

Қамырды қайтарып илеу
Қайтарып иленген бәліш қамыры. Көрнекі сурет: YouTube / Выпечка и кулинария

Көтерілген қамырды үстел үстіне қойыңыз. Артық газын шығару үшін оны аздап бастырыңыз. Бұл процедура дайын өнімдердің біркелкі болуына көмектеседі. Қамырды қайтадан дөңгелектеп, ыдысқа салыңыз. Бетін жауып, жақсылап көтерілу үшін тағы 20 минутқа қалдырыңыз.

Көтерілген қамырдан бәліш пісіріңіз

Көтерілген қамыр
Көтерілген бәліш қамыры. Көрнекі сурет: YouTube / Выпечка и кулинария

Дайын қамырды дәмді бәліш пісіру үшін қолданыңыз. Қамырдың салмағы шамамен 1,2 кг болады. Бәліш салмасына 500-600 г өнім (жұмыртқа мен көк қосылған күріш, тартылған ет, шұжық өнімдері, езілген картоп, бұқтырылған қырыққабат, сүзбе, ірімшік) қажет. Егер сіз тәтті бәліш дайындағыңыз келсе, джем, тосап, жеміс-жидектің барлық түрін қолдана аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2040442-balis-pisiruge-arnalgan-qamyr-en-onai-daiyndalatyn-recept/

pixel