Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Манпар тағамы: үй жағдайында пісірілетін ең оңай рецепт

Опубликовано:

Манпар тағамы
Дәмді манпар тағамы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хош иісті манпар тағамын пісіру арқылы күнделікті түскі асыңызды мерекеге айналдыруға болады. Орталық Азия халқы дайындайтын бұл сорпаның дәмі тіл үйіреді. Манпар өте оңай әрі жылдам дайындалады.

Манпарды Орталық Азияның көптеген халқы пісіреді. Бұл тағам рецепті бойынша ұйғырлар мен өзбектердің, қазақтар мен қырғыздардың, тәжіктер мен қарақалпақ жұртының өз нұсқасы бар. Лағманнан кем түспейтін сұйық манпар сорпасы Азиядан басқа жерлерде де пісірілетін болды. Манпарға көбінесе картоп, болгар бұрышы, қызанақ сәбіз және пияз қосылады. Тағамға қосылатын көкөністер жыл мезгіліне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ манпар құрамында қай кезде де жұқа қамыр болады. Тағамды пісіру кезінде сорпаның құнары мен дәмі қамырға сіңеді, сондықтан ол манпардың маңызды қоспасы саналады.

Сипаттамасы

Асханасы: Азиялық

Санаты: бас тағам

Дайындау уақыты: 4 минут

Пісіру уақыты: 12 минут

Мөлшерлік калориясы: 115 ккал

Ингредиенттер

Тауық жұмыртқасы - 1 тал

Аскөк - дәміне қарай

Қызанақ - 100 г

Тәтті бұрыш - 150 г

Жоғары сорттық бидай ұны - 120 г

Сәбіз - 100 г

Өсімдік майы - 50 г

Басты пияз - 80 г

Картоп - 200 г

Ақжелкен - дәміне қарай

Ұнтақталған қара бұрыш - 1 шай қасық

Су - 2 л

Сиыр еті - 650 г

Томат пастасы - 1 ас қасық

Дайындалуы

1. Етті тураңыз

Ет турау
Орташалап туралған сиыр еті. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Сиыр етін (төс еті, шпатель, пашина) суық сумен жуып, қағаз майлықпен құрғатыңыз. Етті кішкене (бөдене жұмыртқасынан сәл кішірек) бөліктерге бөліп, текшелеп тураңыз. Сиыр етінің орнына қой немесе жылқы етін қосуға болады.

2. Пиязды тураңыз

Пияз турау
Текшелеп туралған пияз. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Орташа көлемді пиязды қабығынан тазалаңыз. Егер пияздың қабығын аршу қиынға соқса, сыртын сулап, бірнеше минутқа қалдырыңыз, сол кезде оңай аршылады. Пиязды 6-8 мм болатындай текшелеп кесіп, бөлек табаққа салыңыз.

3. Сәбізді тураңыз

Сәбіз турау
Текшелеп туралған сәбіз. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Сәбізді суық сумен шайып, бүлінген жерлерін алып тастап, тазалаңыз. Текшелеп туралған сәбізді бөлек ыдысқа салыңыз.

4. Қызанақты майдалап тураңыз

Қызанақ турау
Майдалап туралған қызанақ. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Жуылған қызанақтың сабағын алып тастаңыз да, көлденеңінен дөңгелектеп кесіңіз, содан кейін сәбіз бен пияздан шамамен екі есе үлкен болатындай етіп текшелеп тураңыз. Қызанақтың орнына 1 ас қасық томат пастасын қосуға болады.

5. Тазаланған тәтті бұрышты тураңыз

Бұрышты турау
Туралған тәтті бұрыш. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Болгар бұрышын жуып, түбі мен дәндерін алып тастаңыз және ішкі жағын тазалаңыз. Бұрышты ұзын 4-6 жолаққа бөліңіз. Содан кейін қалыңдығын шамамен 1 см етіп тураңыз.

6. Картопты дайындап алыңыз

Картоп турау
Текшелеп туралған картоп. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Орташа көлемдегі екі картопты жуып, тазалаңыз. Егер бүлінген жерлері болса, алып тастаңыз. Картоп түйнектерін 1,5 см етіп текшелеп тураңыз.

7. Етті қуырыңыз

Етті қуыру
Табада қызған майға қуырылған ет. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Қазанның немесе түбі қалың табаға 50 мл өсімдік майын құйыңыз. Май қызған кезде туралған етті салып, бір минутқа қуырыңыз. Етті араластырып, қоңыр түске айналғанша қатты жанған отта пісіріңіз.

8. Пияз қосыңыз

Пияз қосылған ет
Қуырылған етке қосылған пияз. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Ет қуырылып жатқан табаға туралған пиязды салыңыз. Қаласаңыз, майдалап туралған сарымсақты қосуға болады. Қазандағы етті араластыра отырып, пияздың түсі мөлдір болғанша қуырыңыз.

9. Сәбіз, қызанақ және тәтті бұрыш қосыңыз

Қызынақ, сәбіз, бұрыш қосу
Қазанға салынған қызанақ пен тәтті бұрыш. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Қазанға сәбіз салып, бәрін бірге араластырыңыз. Артынша туралған қызанақ пен болгар бұрышын салыңыз. Барлығын қайтадан араластырып, шамамен 3 минут пісіріңіз. Осы кезде отқа су құйылған шәйнек қоюды ұмытпаңыз.

10. Көкөністерге тұздық қосыңыз

Томат пастасын қосу
Қуырылған ет пен көкөністерге қосылған томат пастасы. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Ет пен көкөністер қуырылып жатқан қазанға 1 шай қасық қара бұрыш пен 1 ас қасық томат пастасын салыңыз. Барлығын араластырып, сәбіз жұмсарғанша (5 минут) орташа жанған отта пісіруді жалғастырыңыз.

11. Су құйыңыз

Су құю
Қазанға құйылған қайнаған су. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Тағам пісіп жатқан ыдысқа қайнаған су құйыңыз. Сорпа бұрқылдап қайнағанша күтіңіз және қазан қақпағын жабыңыз. Жанып тұрған отты үштен біріне дейін азайтып, сорпаны тағы 15 минут пісіріңіз.

12. Картоп салыңыз

Картоп қосу
Тағамға қосылған картоп пен тұз. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

15 минут өткен соң туралған картопты манпарға салыңыз. Дәміне қарай тұз қосыңыз. Қазанды жауып, тағы 10 минут пісіріңіз.

13. Қамыр илеңіз

Тағам қамырын илеу
Манпар тағамына арнап иленген қамыр. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Таза, құрғақ ыдысқа 1 тал тауық жұмыртқасын салыңыз. 30 мл су құйып араластырыңыз, аздап тұз сеуіп, 120 г ұн қосыңыз. Қатты қамырды илеп, қақпағын жабыңыз да, 10 минутқа қалдырыңыз.

14. Қамырды жайып, кесіңіз

Қамырды кесу
Төртбұрышты етіп кесілген қамыр. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Ұн себілген үстел үстіне қамырды қойып, қалыңдығы 1,5 мм-ден аспайтындай етіп жайыңыз. Қамырды ирек пішіндегі арнайы құралмен немесе күнделікті қолданатын пышақпен 2,5–3 см көлемінде квадрат тәрізді кесіңіз.

15. Манпар қамырын қазанға салыңыз

Манпар қамырын салу
Қазанға салынған манпар қамыры. Көрнекі сурет: YouTube / Akerke Kadyr

Картоп салғаннан кейін 10 минут өткен кезде манпарға қамырын салыңыз. Қамырды сорпаға аздап қосыңыз, бір-біріне жабысып қалмас үшін үнемі араластырып отырыңыз. Сорпаны қайнатыңыз. Қамыр бетіне қалқып шыққан кезде пешті өшіріп, туралған көк шөптерді қазанға салыңыз. Тағам піскеннен кейін дәмдірек болу үшін қазанның қақпағын 5 минут ашпай тұра тұрыңыз, содан кейін табақтарға құйып, дастарқанға ұсынсаңыз болады.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2041046-manpar-tagamy-ui-zagdaiynda-pisiriletin-en-onai-recept/

pixel