Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпке танымал испан чизкейгі: десерттің дайындалу жолы қандай

Опубликовано:

Испан чизкейкі, Скриншот
Испан чизкейкі, Скриншот: YouTube/ Preppy Kitchen

"Сан Себастьян" кез-келген гурман үшін таптырмас десерт. Ортасында нәзік салмасы бар десерттің сырты қытырлақ карамельден тұрады. Өз бетіңізше испан тәттісін дайындау жолын есте сақтап қалуға тырысыңыз.

Испан елінде "Сан Себастьян" (баскский чизкейк) чизкейгі – халық арасында күйген чизкейк деп танымал. Себебі оның беті қоңыр, күйген қытырлақ күйде ұсынылады. Десерт отыз жылдан аса уақыт дайындалып келеді. Ең алғаш рет оны 1990 жылы аспаз Сантьяго Ривера, Сан Себастьян (Басков) қаласында жасаған.

Ол дәстүрлі үгітілмелі қамырды емес, негізі нәзік болып шығатын рецепт бойынша дайындаған. Күйдірілген чизкейк халық арасында тез таралып кетті. Десертті дайындаудың басты құпиясы, оған сапалы өнімдер қолданып, рецепті бойынша пропорцияларды қатаң ұстану болып табылады.

Сипаттамасы

Асхана: Испан

Санаты: Десерт

Дайындау уақыты: 5 минут

Дайындалу уақыты: 15 минут

Бір порцияға калориясы: 277 ккал

Құрамы

Жұмыртқа – 4 дана

Қоюлатылған қаймақ 33% - 360 мл

Қант – 200 гр

Бидай ұны – 2 ас қасық

Тұз – 6 гр

Кілегейлі ірімшік – 680 гр

Ваниль экстракты – 2 шай қасық

Дайындалуы

1. Чизкейк формасын дайындау

Форманы дайындау, Скриншот
Форманы дайындау, Скриншот: YouTube/ Preppy Kitchen

Десертті әзірлемес бұрын, дайындалып алыңыз. Пешке 200 градус қойып, қыздырып алыңыз. Пештің жоғарғы және төменгі жақтарын қосып қойыңыз. Формаңыздың астына пергамент қағазын екі қабаттап төсеп алыңыз. Формаңыз түгелімен пергаментпен жабылуын қадағалаңыз. Форманы противеньге қойыңыз.

2. Кілегейлі ірімшікті араластыру

Кілегейлі ірімшікті дайындау. Скриншот
Кілегейлі ірімшікті дайындау. Скриншот: YouTube/ Preppy Kitchen

Чизкейк негізі біркелкі массада болуы үшін, кілегейлі ірімшігіңіз бөлме температурасында болғаны дұрыс. Оны ыдысқа салып, миксердің ең төменгі жылдамдығында араластырып бастаңыз. Оған аздап тұз, қант және ваниль экстрактын қосыңыз. Қант пен тұз толығымен еріп кеткенше миксерлеу қажет. Барлығы 3 минуттай уақыт араластырған дүрыс.

3. Жұмыртқа мен ұн қосу

Жұмыртқа мен ұн қосу. Скриншот
Жұмыртқа мен ұн қосу. Скриншот: YouTube/ Preppy Kitchen

Жұмыртқаны тоңазытқыштан алдын-ала шығарып бөлме температурасына дейін жылытып алған абзал. Кілегейлі ірімшікті араластырып тұрып, бір-бірден жұмыртқа қосып тұрыңыз. Массаңыз біркелкі болғанда миксерлеуді тоқтатып, ұн сала бастаймыз. Қайтадан барлығы бір массаға келгенше миксерлейміз.

4. Қою қаймақты құю

Қою қаймақты құю. Скриншот
Қою қаймақты құю. Скриншот: YouTube/ Preppy Kitchen

Миксердің төменгі жылдамдығында араластырып тұрып, массаға майлы сливки құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, жарты минуттай нәзік массаға келгенше араластырамыз.

5. Қамырды формаға құю

Қамырды формаға құю. Скриншот
Қамырды формаға құю. Скриншот: YouTube/ Preppy Kitchen

Алдын-ала дайындалған формаға қамырды құямыз. Форманы столға 1-2 рет тастап, артық ауадан арыламыз.

6. Чизкейкті пісіру

Чизкейкті 45 минут пісіреміз. Қамырдың көлемі көтеріліп, ал беті қоңырлануын күту керек. Дайын болған десертті формасында суытып алған жөн. Кейін оны шамамен 5 сағатқа тоңазытқышқа салып қоямыз. Бұл чизкейк формасының сақталуына ықпалын тигізеді. Дастарханға қоймас бұрын оны формадан босатып, пергамент қағазын алып тастау керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2041066-kopke-tanymal-ispan-cizkeigi-deserttin-daiyndalu-zoly-qandai/

pixel