Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрік пиццасы пидені қалай әзірлейміз: ең дәмді рецепт

Опубликовано:

Түрік пидесі. Көрнекі сурет
Түрік пидесі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Пиццаның түрікше нұсқасы – қытырлақ нанмен етті салмадан тұрады. Оның шығыс елдеріне тән ерекшелігі бар. Рецептті пайдаланып, үй жағдайында түрік тағамын дайындап көріңіз.

Пиде – түріктің дәстүрлі тағамы. Ол алғаш рет Қара теңіз жағалауында XIX ғасырдың ортасында пайда болған деген мәліметтер бар. Бафра қаласының аспаздары алғашқылардың бірі болып шикі қамырға салма салып тағам дайындаған деседі. Тағамды "толық пиде" деп атаған. Уақыт өте келе пиденің формасы өзгеріп, ал салмасы әр түрлі болып өзгере бастаған.

Сипаттамасы

Асхана: Түрік

Санаты: Басты тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Дайындалу уақыты: 60 минут

Бір порцияға калориясы: 284 ккал

Құрамы

Жұмыртқа – 2 дана

Сарымсақ – 1 ас қасық

Сиыр етінен фарш – 500 гр

Ірімшік – 100 гр

Қант – 1 шай қасық

Чили бұрышы – 1 дана

Паприка – 1 шай қасық

Бидай ұны – 240 гр

Сүт – 100 мл

Зәйтүн майы – 4 ас қасық

Пияз – 100 гр

Күнжіт – дәміне қарай

Зімбір – 1 ас қасық

Ақжелкен – 1 шай қасық

Тұз – 2 шай қасық

Қара бұрыш – 1 гр

Кинза – дәміне қарай

Кориандр – 2 шай қасық

Моцарелла – 200 гр

Орегано – 1 шай қасық

Тмин – 1 шай қасық

Құрғақ ашытқы – 5 гр

Куркума – 1 гр

Чили бұрышының ұнтағы – 1 шай қасық

Томат пастасы – 2 ас қасық

Дайындалуы

1. Құрғақ құрамдарын араластырып аламыз

Құрғақ құрамын араластыру. Скриншот
Құрғақ құрамын араластыру. Скриншот: YouTube/ Recipes of the world

Шұңғыл ыдысқа бидай ұнын електен өткіземіз. Оған 1 шай қасық қант пен сода, жарты қасық құрғақ ашытқы қосып, барлығын араластырып аламыз.

2. Сұйық құрамдарын араластыру

Cұйық құрамын араластыру. Скриншот
Cұйық құрамын араластыру. Скриншот: YouTube/ Recipes of the world

Пиалаға бір жұмыртқаны жарып, оның ағы мен сарысын араластырамыз. Ұнға жұмыртқаны, 1 ас қасық өсімдік майын және 100 мл жылы сүт құямыз. Қолыңызбен барлығын жақсылап араластырып, илей бастаңыз. Бұл жолмен дайындалған қамыр тығыз әрі жұмсақ болып шығады.

3. Қамырды илеу

Қамырды барлық ұнның қолданылып , қамырыңыздың ыдысқа жабыспауына дейін жақсылап илеңіз. Қамыр біркелкі массаға айналғанда, оның үстінен 1 ас қасық зәйтүн майын құйып, әріқарай илейміз. Дайын қамырды ыдысқа салып, бетін жауып, жылы жерге 2 сағатқа қалдырыңыз.

4. Пияз, сарымсақ және зімбірді қуыру

Пияз, сарымсақ, зімбірді қуыру. Скриншот
Пияз, сарымсақ, зімбірді қуыру. Скриншот: YouTube/ Recipes of the world

Зімбір мен сарымсақтан паста жасаңыз. Ол үшін оларды тазалап, ұсақ үккіштен өткізіп аламыз. Әрқайсысынан 1 ас қасықтан алып араластырамыз. Табаға 2 ас қасық зәйтүн майын құйып, қыздырамыз. Оған араласқан зімбір мен сарымсақты салып, 1-2 минуттай қуырамыз. Пиязды тазалап, ұсақтап тураймыз. Кейін оны да табаға салып, барлығын бірге тағы 2-3 минуттай қуыру қажет.

5. Фарш қуыру

Фаршты қуыру. Скриншот
Фаршты қуыру. Скриншот: YouTube/ Recipes of the world

Табаға сиыр етінің фаршын саламыз. Ол орташа майлы болуы керек. Сиыр етінің фаршын қой немесе тауық фаршына алмастыруға болады. Фарштың түсі өзгергенше, араластырып тұрып қуырыңыз. Кейін оның бетін жауып, тағы 8-10 минуттай пісіреміз.

6. Дәмдеуіштер қосу

Дәмдеуіштерді қосу. Скриншот
Дәмдеуіштерді қосу. Скриншот: YouTube/ Recipes of the world

Фаршты араластырыңыз. Оған 1 шай қасық тұз, ұсатылған кориандр, тмин, чили бұрышының ұнтағын, паприка, орегано қосып, жарты қасық қара бұрыш және ¼ мөлшерде куркума салыңыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Кейін оған 2 ас қасық томат пастасын қосып, тағы 2 минуттай қуырамыз.

7. Бұрыш пен балғын шөптерді қосу

Балғын шөптерді қосу. Скриншот
Балғын шөптерді қосу. Скриншот: YouTube/ Recipes of the world

Чили бұрышы мен кинзаны жуып, ұсақтап тураймыз. Дәміне қарай чили бұрышын қалауыңызша қосыңыз. Туралған шөптерді фаршқа қосып, араластырып алған соң, пешті сөндіруге болады.

8. Ірімшікті салма дайындау

Салмасын дайындау. Скриншот
Салмасын дайындау. Скриншот: YouTube/ Recipes of the world

Үккіштің ірі жағында моцарелла ірімшігін өткізіңіз. Оған ірі ірімшік, 1 шай қасықтан кептірілген ақжелкен, кориандр және қалауыңызша ұсақталған чили бұрышын қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырыңыз.

9. Қамырды бөлу

Қамырды бөлу. Скриншот
Қамырды бөлу. Скриншот: YouTube/ Recipes of the world

Дайын қамырды тағы бір илеп алыңыз. Оны тең 4 бөлікке бөліңіз. Әр бөлікті шар формасына келтіріп, бетін жауып, 10-15 минутқа тындырыңыз.

10. Пиде формасын дайындау

Формаға келтіру. Скриншот
Формаға келтіру. Скриншот: YouTube/ Recipes of the world

Үстел үстіне ұн сеуіп алыңыз. Әр қамыр бөліктерін овал формасында жайып, противеньге төселген пергаментке қойып шығыңыз. Жайылған овалдың шеттеріне ірімшікті салманы салып, орап, жабамыз.

11. Фаршты салу

Әр оралған овалдың ортасына қуырылған фаршты саламыз. Фаршты қамырдың бетіне біркелкі жайып шығамыз. Бетіне ірімшікті салманы себеміз. Пиалаға бір жұмыртқаны жарып, араластырып, пиденің шеттеріне жағып шығамыз.

12. Пиде пісіру

Пешті 200 градусқа дейін қыздырып аламыз. Пиде шеттеріне күнжіт сеуіп, противеньді пешке саламыз. Тағамды қамыры қызарғанша, 15-20 минут пісіреміз. Дайын пиденің үстіне балғын шөптерді сеуіп, дастарханға ұсыныңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2042020-turik-piccasy-pideni-qalai-azirleimiz-en-damdi-recept/

pixel