Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ асханасынан 7 тағам: ең оңай пісірілетін TikTok рецептері

Опубликовано:

Ет тамақ
Қазақтың ұлттық ет тағамы. Көрнекі сурет: YouTube скрин Восточный дастархан

Қазақ асханасының тағамдары өте тойымды әрі құрамындағы өнімдер де қолжетімді. TikTok желісіндегі аспаздар қазақ тағамдарының дайындалу әдісін бөлісті. Бұл жазбада ұлттық асхананың ең оңай пісірілетін 7 рецептін жинақтадық.

Ет тағамы (бешбармақ)

Ет – қазақтың гастрономиялық мақтанышы. Дәстүрлі тағамның құрамына мына өнімдер қосылады:

  • ұн - 350 г;
  • су - 150 мл;
  • өсімдік майы - 1 ас қасық;
  • қазы, шұжық, жұмыртқа - 1 тал;
  • сиыр еті - 1 кг;
  • тұз, ұнтақталған қара бұрыш - дәміне қарай;
  • картоп - 5 тал;
  • пияз - 2 тал.

Дайындалуы

  1. Етке су құйыңыз. Тұз бен бұрыш қосыңыз.
  2. Отқа қойылған ет қайнап кетпей тұрып көбігін алыңыз. Содан соң қайнатыңыз.
  3. Жұмыртқа, су мен майды ұнмен араластырып, қолға жабыспайтын қамыр илейміз. Қамырды бірнеше минутқа қалдырыңыз.
  4. Қамырды 2 бөлікке бөліңіз. Әрқайсысын қалыңдығын 3 мм етіп жайыңыз.
  5. Піскен етті сорпадан алыңыз.
  6. Сорпаны сүзіп, картоп пен пиязды қайнатыңыз. Көкөністер дайын болғанда қамырды дайындаңыз.
  7. Ыстық етті тураңыз.
  8. Сорпаға қайнатылған қамырды табаққа салыңыз. Үстіне картоп пен етті, пияздан дайындалған тұздықты салыңыз.

Дәмді ет тағамымен бірге кесеге құйылған сорпаны ұсыныңыз. Сорпаға көк жуа немесе ақжелкен турап қосуға болады.

@gaukharshupenova Бешбармақ#беш #бешбармак #бешбармақ #бешбармаквидео #бешбармакизконины ♬ Erkenci Kuş Jenerik Sözlü - Cem Öget

Әсіп

Әсіп - ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық тағамы. Ең оңай дайындалатын TikTok рецепті бойынша үлкендермен бірге балалар да сүйсініп жейтін әсіп шұжығын бірге жасаңыз.

Ингредиенттер:

  • Өкпе - 300 г;
  • Бауыр - 400-450 г;
  • Пияз - 2 тал;
  • Сарымсақ - 3 түйір;
  • Күріш - 200 г (шала піскен);
  • Су - 150 мл;
  • Тұз, бұрыш - дәміне қарай.

Дайындалуы

  1. Өкпе, бауыр және пиязды ет тартқыштан өткізіп аламыз. Өкпені алдын-ала қайнатып алуға болады.
  2. Оның үстіне күріш салыңыз. Күрішті бір қайнатып, қайнаған суында 10-15 минут ұстау керек.
  3. Дәміне қарай тұз және бұрыш себіңіз. Қалауыңыз бойынша басқа дәмдеуіштер қосуға да болады.
  4. Оның үстіне 150 мл су құйып араластырамыз.
  5. Содан кейін тұзбен жақсылап тазартып жуылған ішектің бір шетін жіппен байлаңыз.
  6. Ішектің екінші жағына өкпе-бауыр, күріштен дайындап алған қоспаны саламыз. Әсіп жарылып кетпеу үшін ішекке салынатын қоспаны қатты нығыздап салмаған дұрыс.
  7. Ішектің екінші жағын жіппен байлаған соң қазанға су құйып, аздап тұз сеуіп, әсіпті саламыз.
  8. Ішіндегі ауаны шығару үшін әсіптің әр жерінен инемен тесіп аламыз.
  9. Әсіп бір қайнаған соң көбігін алып, баяу отта 45-50 минуттай қайнату керек.

Дәмді әрі жұмсақ әсіпті суытып турасаңыз, пішіні бұзылмайды.

@dana_kurakbai ҮЙЛЕРІҢІЗДЕ ӨКПЕ, БАУЫР СИЯҚТЫ ЕТ ӨНІМДЕРІ ЖЕЛІНБЕСЕ ДӘЛ ОСЫ ТАҒАМДЫ ЖАСАҢЫЗДАР… Толық рецептін Ютуб арнама жүктеп қойдым✅ Ютубтан Dana Kurakbai деп іздесеңіз шығады н/е парақшамдағы ▶️ белгіні бассаңыз болғаны #әсіпдәмдіәсіп #әсіпрецепт #әсіпжасау ♬ оригинальный звук - دانة

Балқаймақ

Балқаймақтың құрамында ақуыз көп, сондықтан мұндай тағам адам ағзасына тек пайдасын береді. Балқаймақ негізінен түрі түйе сүтінен әзірленеді. Балқаймақ қалай дайындалады?

Ингредиенттер

  • Ұн - 2 ас қасық;
  • Кілегей - 200 мл;
  • Бал - 2 ас қасық.

Дайындалуы

  1. Алдымен барлық өнімді жақсылап араластыру керек.
  2. Содан соң баяу жанған отқа қою керек.

Көшпелі қазақ халқының сүт өнімдерінің әрқайсысының өзіндік пайдасы бар. Байқаймақ та сондай құнарлы тағамның бірі.

@nazzh00

Қазақтың ұлттық тәтті тағамы- Балқаймақ ? Ұн-2 а.қ Бал-2 а.қ Кілегей(қаймақ)-200 мл

♬ Solitude - Billie Holiday

Бауырдан пісірілген қуырдақ

Қуырдақ - қазақ асханасындағы ең дәмді тағамдардың бірі. Ал бауырдан пісірілетін қуырдақтың дәмі ерекше тіл үйіреді әрі өте жұмсақ болып шығады. Бұл тағамның құрамына мына өнімдер қосылады:

  • Ет - 300 г;
  • Бауыр - шамамен 250 г;
  • Пияз - 1-2 тал;
  • Картоп - 0,5 кг;
  • Қызанақ - 1 тал;
  • Өсімдік майы - 50 мл.

Дайындалуы

  1. Ет тез әрі жұмсақ пісу үшін 2 ас қ соя соусын қосып, 1 сағат қоя тұрыңыз.
  2. Етті, пиязды май қызартып қуырып алған соң, отты баяулатып, қазанның қақпағын жауып қойыңыз.
  3. Картопты орташа көлемде турап, бауырды да кесіп дайындап қойыңыз. ️Бауырдың сыртқы қабатын алып тастасаңыз өте тез жұмсақ болып піседі.
  4. Ет жұмсарғанда картопты салып 10 минуттай араластыра отырып қуырыңыз. Түсі қызара түскенде бауырды саласыз.
  5. Тұз, бұрыш дәмдеуіштер қосыңыз.
  6. Бауыр тез пісетіндіктен сәл араластырып, үстіне 1 кесе су құйып, 10 минут бұқтырыңыз.
@urbish_amir БАУЫРДАН СОЧНЫЙ ҚУЫРДАҚ? Рецепт: Ет - 300 гр Бауыр - шамамен 250 гр (малдың 1 шт бауыры. Менікі ешкінікі) Пияз - 1/2 дана Картоп - 0,5 кг Қызанақ Қуыру үшін - 50 мл сұйық май ❗️Алдымен ет тез, жұмсақ піссін десеңіз 2 ас қ соевой соус қосып 1 сағ қалдырыңыз. ✅Етті, пиязды май қызартып қуырып баяу отта, қазанның қақпағын жауып қойыңыз ✅ картопты орташа көлемде турап, бауырды да кесіп дайындап қойыңыз. ❗️Бауырдың сыртқы терісін алу керек, сонда өте тез жұмсақ болып піседі. ✅ Ет жұмсарғанда картопты салып 10 мин шамасын араластыра қызартып қуырған соң бауырды саласыз. Арасында тұз, бұрыш дәмдейіштер қоса беріңіз. ✅ Бауыр тез пісетін орган, сондықтан сәл ғана араластырып үстіне 1 пиала су құйып 10 бұқтырыңыз. Ах-ах қандай дәмді тағам шығады дерсіз. Әсіресе ерлер қауымы құлайды бұл тағамға. #бауырданқуырдақ #бауырдақ #бауырқуырдақ #ютубер #рецептужин #ужинзачас #тойымдыас #кешкіас #шымкент #казахстан?? ♬ оригинальный звук - Урбиш Калмуратова

Ши бауырсақ

Қазақтың бауырсағы оңай пісірілуімен көпті баурап алады. Ал ши бауырсақ пісіру арқылы кез келген дастарқанды жайнатып жіберуге болады.

Ингредиенттер

  • ұн - 600 г;
  • сары май - 100 г;
  • сүт - 250 мл;
  • тауық жұмыртқасы - 2 тал;
  • қант - 100 г;
  • ас содасы - 1 шай қасық;
  • сұйық май - 200 мл.

Дайындалуы

  1. Жылы суға қант, тұз, жұмыртқаны салып араластырамыз.
  2. Содан кейін сұйық май құйып, бден араластырыңыз.
  3. Ұнға ас содасын салып, алдын-ала дайындап алған сұйық қоспаны құйып, қамыр илеу керек.
  4. Иленген қамырдың бетін жауып, 5-10 минут қоя тұрыңыз.
  5. Содан соң қамырды екі бөлікке бөліп жаямыз.
  6. Ши бауырсақты кесіп, қызып тұрған майға қуырып аламыз.

Ши бауырсақты кесу әдісін мына видеодан көре аласыздар.

@aizhanashatovna #рекомендации #хочуврек #fur ши бауырсақ рецептісі#шибауырсақ ♬ İlle De Aşk - Mustafa Ceceli

Жаппасай

Қазақ асханасында фаршпен қандай тағамдар пісіруге болады? Сиыр еті және көкөністер қосылған жаппасай тағамын дайындап көріңіз.

Ингредиенттер

  • жұмыртқа, пияз, сәбіз, қызанақ - 1 талдан;
  • картоп - 2 тал;
  • тұз - 1 шай қасық;
  • су - 450 мл;
  • ұн - 500 г;
  • сиыр етінен дайындалған фарш - 400 г;
  • томат пастасы - 1 ас қасық;
  • тұз, ұнтақталған қара бұрыш, паприка - дәміне қарай.

Дайындалуы

  1. 150 мл суға тұзды ерітіп алыңыз. Жұмыртқа қосып араластырыңыз.
  2. Қоспаны ұнға қосып, қамыр илеңіз. Қамырды ас орауға арналға пленкамен орап, 20 минут қоя тұрыңыз.
  3. Қамырды жұқа қылып жайып, өсімдік майымен майлаңыз. Қамырды тік төртбұрыш етіп кесіп, әрқайсысын екіге ораңыз.
  4. Фаршты қуырып, томат пастасын қосыңыз.
  5. Көкөністерді тазалап, майда текше пішінінде тураңыз да, фарштың үстіне салыңыз. дәміне қарай тұз бен бұрыш қосыңыз. 300 мл су құйып, жартылай дайын болғанша пісіріңіз.
  6. Табаны қақпақпен жауып, баяу отта шамамен 20 минут қайнатыңыз.

Ет пен көкөністі табақтың ортасына, ал қамырды шетіне салыңыз. Көк шөптер және қаймақпен ұсынсаңыз болады.

@dilbara.kuanysh Сәлем қалайсыздар?Жаппасай 1 рет дайындауым,и 1рет жеп көрдім? өте дәмді тағам? жасап көріңіз?#жаппасай#оразакабылболсын #лайкбас #dilbarakuanysh ♬ оригинальный звук - dilbara.kuanysh

Құрт жасау

Құрт - қазақ халқының сүттен дайындалатын ұлттық өнімі. Оның құрамында ағзаға қуат беретін түрлі дәрумен бар.

Ингредиенттер:

  • Күбі айраны - 5 л;
  • Тұз - дәміне қарай.

Дайындалуы

  1. Дайын күбі айранын үлкен ыдысқа құйып алып, отқа қоямыз.
  2. Бір қайнағаннан кейін отты өшіріп, суытамыз.
  3. Содан соң үлкен дорбаға құямыз. Дорба ішінде құрт 1-2 сағат тұруы керек. Сол кезде сары суы сарқылады.
  4. Суы сарқылған құртты дорбадан шығарып, үлкен ыдысқа саламыз да, тұз қосып илейміз.
  5. Әбден иіні қанған кезде пішінін келтіріп, құрт жасаймыз.
@jarkynmilk Құрт жасау құпиясы?? #табиғиөнім #құрт #курт #пайдалы ♬ Nirvana - Official Sound Studio

Қазақ асханасында тағамның алуан түрі бар. Қазақ тағамдары қамырдан, жылқы, қой етінен, сүт өнімдерінен жасалады. Өзіңізді және жақындарыңызды қуанту үшін TikTok арқылы бірге тағам пісіріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2042344-qazaq-asxanasynan-7-tagam-en-onai-pisiriletin-tiktok-recepteri/

pixel