jitsu gif
Тағам

    Ең дәмді шампиньон: үй жағдайында саңырауқұлақты қалай қуыруға болады

    Шампиньон саңырауқұлағы
    Шампиньон саңырауқұлағы және ірімшік, көкөністер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қуырылған саңырауқұлақтың ерекше дәмі бар. Қызарта қуырылған саңырауқұлақ қосылған кез келген тағам дастарханның сәні. Біз ұсынған рецепт бойынша пісірілген шампиньон өте дәмді болып шығады.

    Жыл он екі ай бойы табыла кететін әрі қолжетімді шампиньонның дәмі ерекше әрі жұмсақ боп келеді. Бұл жасанды жағдайда өсірілетін саңырауқұлақтар болып саналады. Оны салатқа қосады, ал маринадталған саңырауқұлақтар өз алдына бір тағам боп есептеледі. Саңырауқұлақпен дәмді сорпалар дайындалады, оны бұқтырып, мангалға пісіріп немесе қуыру арқылы тағам жасауға болады. Саңырауқұлақты қуыру өте оңай әрі аз уақытта піседі.

    Сипаттамасы

    Асханасы: еуропалық

    Санаты: бас тағам

    Дайындау уақыты: 6 минут

    Пісіру уақыты: 20 минут

    Мөлшерлік калориясы: 290 ккал

    Ингредиенттер

    Сарымсақ - 6 түйір

    72 % сары май - 30 г

    Зәйтүн майы - 2 ас қасық

    Ақжелкен - 300 г

    Шампиньон саңырауқұлағы - 300 г

    Тұз - дәміне қарай

    Ұнтақталған қара бұрыш - дәміне қарай

    Ақ құрғақ шарап - 3 ас қасық.

    Дайындалуы

    1. Шампиньонды дайындап алыңыз

    Шампиньон саңырауқұлақтары
    Ыдысқа салынған шампиньон саңырауқұлағы. Көрнекі сурет: YouTube / Food Chain TV

    Орташа көлемдегі шампиньондарды (30 г дейін) ыдысқа салып, су құйыңыз және қолыңызбен жуыңыз. Егер қатты лас болса, суға 1 шай қасық ұн қосыңыз, ол жеңіл тазалауға көмектеседі. Жуылған саңырауқұлақтарды сумен шайып, майлықпен жақсылап құрғатыңыз.

    2. Шампиньонды тураңыз

    Саңырауқұлақты турау
    Туралған шампиньон саңырауқұлақтары. Көрнекі сурет: YouTube / Food Chain TV

    Әбден құрғатылған саңырауқұлақтарды ұзындығы бойынша екіге бөліңіз. Егер саңырауқұлақ көлемі үлкендеу болса (50 г-нан артық), онда төртке бөліңіз. Кішкентай саңырауқұлақтарды бөлмей, тұтас күйінде қалдырыңыз. Кесілген саңырауқұлақтарды табаққа салыңыз.

    3. Сарымсақты майдалаңыз

    Майдаланған сарымсақ
    Майдалап туралған сарымсақ. Көрнекі сурет: YouTube / Food Chain TV

    6 түйір сарымсақты бөліңіз. Егер сарымсақты ұнатсаңыз, көбірек қосыңыз. Сарымсақтың қабығын аршып, майдалап тураңыз.

    4. Ақжелкенді тураңыз

    Ақжелкен турау
    Туралған ақжелкен жапырақтары. Көрнекі сурет: YouTube / Food Chain TV

    Ақжелкеннің шамамен үштен бір бөлігін үлкен сабақтарынан тазартыңыз. Жіңішке жапырақтары бар бөлігін пышақпен жақсылап тураңыз. Туралған ақжелкеннің көлемі сарымсақпен бірдей болу керек. Ақжелкеннің орнына аскөк қолдануға да болады.

    5. Майды қыздырыңыз

    Майды қыздыру
    Табада қыздырылған май. Көрнекі сурет: YouTube / Food Chain TV

    Үлкен табаны шамамен ⅔ қуат көзіне қосылған отқа қойыңыз. Таба қызған кезде 2 ас қасық зәйтүн майын құйыңыз. Егер зәйтүн майы болмаса, кез-келген иіссіз өсімдік майын қолдануға болады.

    6. Саңырауқұлақты қуырыңыз

    Қуырылған саңырауқұлақ
    Табада қуырылған шампиньон саңырауқұлағы. Көрнекі сурет: YouTube / Food Chain TV

    Май қыза бастағанда туралған саңырауқұлақтарды салыңыз. Отты бәсеңдетпей, үнемі араластырып отырыңыз. Саңырауқұлақтан су бөлінгенше майға қуырыңыз. Араластыра отырып, саңырауқұлақтың суы сарқылғанша қуырыңыз.

    7. Сары май және тұз қосыңыз

    Сары май қосу
    Сары май қосылған саңырауқұлақ. Көрнекі сурет: YouTube / Food Chain TV

    Табадағы сұйықтық сарқылған кезде үстіне 30 г сары май салыңыз. Шампиньонды дәміне қарай тұздап алыңыз. Сары майды ерітіп, саңырауқұлақты араластырыңыз.

    8. Сарымсақ пен ақжелкен қосыңыз

    Сарымсақ пен ақжелкен
    Сарымсақ және ақжелкен қосылған шампиньон. Көрнекі сурет: YouTube / Food Chain TV

    Майдалап туралған сарымсақ пен ақжелкеннің жартысына жуығын қосыңыз. Жақсылап араластырып, сарымсақтың хош иісі шыққанша пісіріңіз. Содан кейін отта тағы 30 секунд ұстаңыз.

    9. Табаға ақ шарап құйыңыз

    Ақ шарап құю
    Ақ шарап құйылған шампиньон саңырауқұлағы. Көрнекі сурет: YouTube / Food Chain TV

    Саңырауқұлаққа 3 ас қасық құрғақ ақ шарап қосыңыз. Кез-келген қолжетімді табиғи шарапты қолдансаңыз болады. Егер шарап тұтынбасаңыз, табаға 1:2 қатынасында сумен араластырылған жүзім сірке суын құйыңыз. Саңырауқұлақты араластырып, суы азайғанша пісіріңіз.

    10. Ақжелкеннің қалған бөлігін қосыңыз

    Дайын шампиньон
    Қуырылған шампиньон саңырауқұлағы. Көрнекі сурет: YouTube / Food Chain TV

    Туралған ақжелкеннен қалғанын дайын саңырауқұлақтың үстіне салыңыз. Шампиньонды араластырыңыз, 30 секунд қыздырып, оттан алыңыз. Ыстық саңырауқұлақты табаққа салып, өз алдына бір тағам ретінде ұсынуға немесе котлет, стейк, қуырылған тауық етімен, картоп езбесімен бірге дастарқанға қойсаңыз да болады.

    Рецепт видеосы

    Ең дәмді шампиньон: үй жағдайында саңырауқұлақты қалай қуыруға болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.