Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руккола қосылған салат: пайдалы тағамның ең оңай рецепті

Опубликовано:

Руккола салаты
Рукколадан жасалған салат. Көрнекі сурет: YouTube / Алексей Безруков

Руккола және асшаян қосылған салат ең дәмді тіскебасар ретінде белгілі. Мұндай салатты жеңіл кешкі ас ретінде жеуге де болады. Біз ұсынған рецепт бойынша дайындалған салат өте дәмді болып шығады.

Орамжапырақ тұқымдасы болып саналатын руккола мыңдаған жылдар бойы белгілі. Дәмі ащы, бірақ жеген кезде сергектік беретін шөпті ежелгі Рим тұрғындары ерекше ұнататын. Сонымен қатар бұл өсімдіктің қоздырушы әрі ауруды басатын күші бар деп есептеледі. Ежелгі римдік аспаздар рукколаның тәтті және ащы дәмі бар жабайы түрін араластырған салатты ерекше жақсы көрді. Содан бері руккола қосылған салат рецептері пайда болды. Соның ішінде асшаяндар мен қызанақ қосылған салат ерекше дәмді болып саналады.

Сипаттамасы

Асханасы: итальян

Санаты: тіскебасар

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісетін уақыты: 6 минут

Мөлшерлік калориясы: 180 ккал

Ингредиенттер

Сарымсақ - 1 түйір

Черри қызанағы - 250 г

Лимон шырыны - 1 шай қасық

Руккола - 150 г

Бал - 1 шай қасық

72 % сары май - 10 г

Зәйтүн майы - 2 ас қасық

Асшаян (креветки) - 250 г

Тұз - дәміне қарай

Ұнтақталған қара бұрыш - дәміне қарай

Қыша - 1 шай қасық

Бальзамды сіркесу - 1 шай қасық

Дайындалуы

1. Рукколаны дайындап алыңыз

Руккола
Тазаланған руккола өсімдігі. Көрнекі сурет: Pxhere

Ыдысқа су толтырып, рукколаны бірнеше рет батырып алыңыз. Суды ауыстырып, тағы да қайталаңыз. Су сүзгіден ағып кеткен соң рукколаны майлықпен құрғатыңыз. Салат дайындаға кезде кептірілмеген көкөністерді немесе шөптерді қосаңыз, өйткені ондағы су тағамның дәмін өзгертеді.

2. Қызанақты тураңыз

Черри қызанағы
Туралған черри қызанағы. Көрнекі сурет: Pxhere

Черри қызанақтарын жуып алып, сүлгімен құрғатыңыз. Қызанақтарды екіге немесе төртке бөліңіз. Черридің орнына орташа көлемдегі кәдімгі қызанақтарды қолдануға болады.

3. Асшаяндарды тазалаңыз

Асшаяндар
Тазартылған асшаян. Көрнекі сурет: YouTube / Алексей Безруков

Қайнатылып мұздатқышқа салынған асшаяндарды аздап ерітіңіз. Қабыршағын, аяғы мен құйрығын және кеудесін алып тастаңыз. Аршылған асшаяндарды арқа жағынан ортасына дейін кесіңіз, қара жіпке ұқсайтын ішегін алып тастаңыз.

4. Сары майды ерітіңіз

Сары май
Ерітілген сары май. Көрнекі сурет: YouTube / Алексей Безруков

Тамақ қуыруға арналған табаны баяу отқа қойыңыз. Таба қызған кезде 10 г сары май қосыңыз. Майды ерітіңіз, бірақ күйіп кетпеу керек.

5. Асшаяндарды қуырыңыз

Табадағы асшаяндар
Табада қуырылған асшаяндар. Көрнекі сурет: YouTube / Алексей Безруков

Асшаяндарды май қызған табаға салып, екі жағын қуырыңыз. Әр бөлігін 2 минуттан аспайтындай пісіріңіз. Асшаяндар сақина тәрізді пішінге айналған кезде ақшыл-сарғылт түске айналады, сол кезде табаққа салыңыз.

6. Дәмдеуіш дайындаңыз

Салат дәмдеуіші
Салатқа қосатын дәмдеуіш. Көрнекі сурет: YouTube / Алексей Безруков

Асшаяндар салқындаған кезде дәмдеуіш дайындаңыз. Шағын ыдысқа 1 шай қасық қыша қосыңыз. 1 шай қасық сұйық бал, бальзамды сірке суы және лимон шырынын құйыңыз. 1 түйір сарымсақты тазалап, үккіштен өткізіңіз. 2 ас қасық Extra Virgin зәйтүн майын құйыңыз. Дәміне қарай бұрыш пен тұз қосып араластырыңыз.

7. Руккола мен қызанаққа дәмдеуіш қосыңыз

Қызанақ пен руккола
Черри қызанағы және руккола. Көрнекі сурет: YouTube / Алексей Безруков

Кептірілген руккола мен черри қызанақтарының жартысын үлкендеу ыдысқа салыңыз. Оның үстіне дәмдеуіш қосыңыз. Екі қасықпен немесе салат қысқышын пайдаланып ингредиенттерді ақырындап араластырыңыз.

8. Салатты дастарқанға қойыңыз

Дайын салат
Дайын руккола салаты. Көрнекі сурет: YouTube / Алексей Безруков

Руккола мен черри қызанақтарынан дайындалған салатты жалпақ табаққа салыңыз. Қуырылған және әбден салқындатылған асшаяндарды көкөністердің үстіне қойыңыз. Содан соң салатқа ыдыста қалған дәмдеуішті құйыңыз. Егер қаласаңыз, дайын салатқа майсыз ақ ірімшік, анар дәндерін және сақина тәрізді туралған чили бұрышы немесе балқарағай жаңғақтарын қосуға болады. Салатты көп тұрғызбай, бірден дастарқанға ұсынған дұрыс.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2044007-rukkola-qosylgan-salat-paidaly-tagamnyn-en-onai-recepti/

pixel