Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай тұшпарасын үй жағдайында қалай дайындауға болады: дәмді әрі оңай рецепт

Опубликовано:

Қытай тұшпарасы. Көрнекі сурет
Қытай тұшпарасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қытай тұшпарасы өзінің дәмділігі әрі жасалу ерекшелігімен әйгіленеді. Тұшпараға фаршты көптеп салып, сірке суымен бірге жейді. Қолыңызда дайын рецепт болса, Қытай тұшпарасын пісіру өте оңай.

Тұшпара – Cолтүстік Қытайда кеңінен тараған тағам. Аңыз бойынша оны Шығыс Хань тұсында өмір сүрген, емші Чжан Чжунцзин ойлап тапқан деген дерек бар.

Қытайдағы ең танымал тұшпара түрі қандай? Қытайдағы ең танымал тұшпара цзяоцзы деп аталады. Одан бөлек сяолунбао, шаомай және т.б. түрлері бар.

Қытай тұшпарасын қалай жасау керек? Қытай тұшпарасын варениктер сияқты түйеді: қамырды шеңбер формада орташа етіп жайып, ішіне салмасын салып, екі бетін бір-біріне жабыстырып, түйесіз.

Қытай тұшпарасы жай тұшпарадан несімен ерекшеленеді? Қытай тұшпарасы кәдімгі тұшпараға қарағанда көлемі жағынан үлкен болады және салмасы тұрғысынан әр түрлі болады.

Қытай тұшпарасын немен дайындайды? Қытай тұшпарасын әдетте ет және түрлі көкөністерден (орамжапырақ, асқабақ, сәбіз, кәді) әзірлейді.

Сипаттама

Асхана: Қытай

Санаты: Басты тағам

Дайындалу уақыты: 6 минут

Дайын болу уақыты: 25 минут

Бір порцияға арналған калория мөлшері: 445 ккал

Құрамы

Тауық жұмыртқасы – 2 дана

Сарымсақ - 2 тісше

Соя соусы – 1 г

Бидай ұны – 320 г

Өсімдік майы – 4 ас қасық

Жасыл жуа – 200 г

Зімбір – 5 г

Тұз - 7 г

Қара бұрыш - 1 г

Су – 155 мл

Коньяк - 1 ас қасық

Фарш – 400 г

Дайындалуы

1. Қамыр илеңіз

Қамырды илеу. Скриншот
Қамырды илеу. Скриншот: YouTube/China Sichuan Food

Ыдысқа 300 г бидай ұнын салып, 2 г тұз қосып, араластырыңыз. Сосын 155 г су құйып, қамырды қаттылау қылып илеңіз. Егер тұшпараны қайнататын болсаңыз, суық суды пайдаланғаныңыз жөн. Дайын қамырды 15 минутқа салқындатып қойыңыз.

2. Қамырды тындырыңыз

Қамырды тұндырып қою. Скриншот
Қамырды тұндырып қою. Скриншот: YouTube/China Sichuan Food

Салқындаған қамырды алып, тағы 2 минут илеңіз. Сөйтіп оны 1 сағатқа тындырып қойыңыз.

3. Фаршты дайындаңыз

Фаршты дайындау. Скриншот
Фаршты дайындау. Скриншот: YouTube/China Sichuan Food

Таза ыдысқа майлылығы шамамен 20% болатын фаршты салыңыз. Оған 1 шай қасық тұз бен 0,5  шай қасық қара бұрышты салыңыз, сосын 1 ас қасық соя соусы мен 1 шай қасық коньякты қосыңыз. Кейін 2 жұмыртқаны салыңыз. Балғын 5 г зімбір мен 3 тісше сарымсақты үккіштен өткізіңіз. Дәміне қарай 1 шай қасық устрица соусын қоссаңыз болады. Фаршты қасықпен немесе таяқшалармен жақсылап араластырыңыз.

4. Көк жуаны тураңыз

Туралған жасыл жуа. Көрнекі сурет
Туралған көк жуа. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көк жуаны (200 г) c салқын сумен жақсылап шайыңыз. Жуаны таза орамалға салып, жақсылап құрғатыңыз. Оны ұсақтап тураңыз. Қалауыңызға қарай 150–180 г көк жуаны пекин орамжапырағына, сәбіз, асқабақ немесе балғын саңырауқұлаққа алмастыра аласыз.

5. Көк жуаны фаршқа қосыңыз

Жуаны фаршқа қосу. Скриншот
Жуаны фаршқа қосу. Скриншот: YouTube/China Sichuan Food

Фаршқа шамамен 3 ас қасық туралған көк жуаны салыңыз. Табада 2 ас қасық өсімдік майын қыздырып алып, жуаға қосыңыз. Фаршты жақсылап араластырып, тұзы сіңуі үшін 15 минутқа қалдырып қойыңыз. Тұшпараны дайындау алдында қалған жуа мен 2 ас қасық салқын өсімдік майын фаршқа қосып, тағы араластырыңыз. Соның арқасында жуаға тұз сіңбей, ол өз сөлін сақтап қала алады.

6. Қамырды жайыңыз

Қамырды жаю. Скриншот
Қамырды жаю. Скриншот: YouTube/China Sichuan Food

Салқындатылған қамырды тақтайға жайыңыз. Оны грек жаңғағы пішінде, салмағы шамамен 10 г болатындай етіп тураңыз. Бөліктерге аздап ұн себіңіз. Сөйтіп әр бөлікті домалақ етіп жайыңыз. Әр домалақтың қалыңдығы 2 мм, диаметрі 7-8 см болуға тиіс.

7. Тұшпараны түйіңіз

Қытай тұшпарасын түю. Скриншот
Қытай тұшпарасын түю. Скриншот: YouTube/China Sichuan Food

Cол қолыңызға қамырды салып, ортасына шамамен 1 шай қасық салманы салыңыз. Қамырдың екі жақ бетін түйіп, вареник пішінінде әзірлеңіз. Дайын тұшпараны тақтайшаға жайып қойыңыз. Дәл осындай жолмен қалған цзяоцзыды түйіп шығыңыз.

8. Тұшпараны қайнатып алыңыз

Дайын тұшпараны қайнатып алу. Скриншот
Дайын тұшпараны қайнатып алу. Скриншот: YouTube/China Sichuan Food

Кастрюльге ортадан жоғары етіп су құйып, қайнатыңыз. Оған шым-шым тұз салыңыз. Қайнаған суға тұшпараның үштен бірін салып, бір-біріне жабысып қалмауы үшін, араластырыңыз. Су қайнап, тұшпара дайын болып, судың бетіне шыққан кезде, 60 мл суық су құйыңыз. Су қайта қайнаған соң тағы 5-6 минут қайнатыңыз. Тұшпара дайын болғанда оның қамыры ісіне бастайды. Сол уақытта оны оттан алсаңыз болады.

9. Дайын тұшпараны дастарханға қойыңыз

Тұшпараны дастарханға қою. Скриншот
Тұшпараны дастарханға қою. Скриншот: YouTube/China Sichuan Food

Дайын тұшпараны табаққа салып, дастарханға қойыңыз. Цзяоцзы тағамын күнжіт майы қосылған қара қытай сірке суымен араластырып беру керек. Қалауыңызша оған үккіштен өткен зімбір немесе туралған кинзаны, ащы бұрышты қоссаңыз болады. Соусты бөлек пиалада ұсыныңыз. Егер қытай соусы болмаса, оның орнына бальзамикалық немесе соя соусын қосуға болады. Тұшпараны жеместен бұрын оны соусқа малып алыңыз. Сонда тұшпара дәмді болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2046264-qytai-tusparasyn-ui-zagdaiynda-qalai-daiyndauga-bolady-damdi-ari-onai-recept/

pixel