Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағамға тұзды көп қосып қойса, не істеуге болады: тиімді 8 әдіс

Опубликовано:

Асхана тұзы. Көрнекі сурет
Асхана тұзы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тұз – кез келген тағамның дәмін келтіретін, құрамдас бөлігі болып саналады. Ал тамаққа тұзды көп қосып қойған жағдайда не істеуге болады? Аспаз сарапшылары Эрин Хаффстетлер мен Джесс Катчер төмендегі кеңестерді ұсынады.

Тамаққа тұзды шектен тыс көп қосып қойған жағдайда оның дәмін қалай кетіруге болады? Ол үшін суды пайдаланыңыз, күрішті адсорбент ретінде қолданыңыз, тағамға картоп немесе қант, бал қосыңыз, қосымша дәмдеуіштер қосуға болады, сондай-ақ қышқылдарды қосыңыз, тіпті болмаса тағамға қаймақ қосып, оны ыстық күйде беріңіз.

Су қосыңыз

Қатты тұздалған көкөністерге суық су құйып, қайнатыңыз. Сосын тағамды 15 минутқа қойып қойыңыз, сол кезде су ондағы тұзды сорып алатын болады. Егер банкадағы қиярлар шамадан тыс тұздалған болса, онда оларды банкадан алып, суық сумен жақсылап жүріңіз. Сосын банкадағы тұздалған суды төгіп тастап, оған балғын жасыл шөптерді салыңыз. Банкаға қиярларды қайта салып, толтырып су құйыңыз. 1-2 күннен кейін қиярдан артық тұзы шығып кететін болады.

Сорпаға тұз көп қосып жіберген жағдайда не істеуге болады? Егер сорпа қатты тұздалған болса, астындағы отты сөндіруге асықпаңыз. Ыдысқа бір стақан қайнаған су құйып, сорпаның дәмін татып көріңіз. Егер сорпада әлі де ащы дәм сақталса, тағы да су құйыңыз. Сорпаның тым сұйық болғанын қаламасаңыз, оған аздап дәнді дақыл немесе макарон қосыңыз.

Адсорбент ретінде күрішті пайдаланыңыз

Күріш дақылдарының артық тұзды өзіне сіңіретін тамаша қасиеті бар. Егер сұйық тағам немесе сұйықтыққа тұз көп қосылып кетсе, онда 100 г күрішті марляға орап, қайнаған суға салыңыз. Сөйтіп тағам дайын болғанша күрішті ыдыс ішінде қалдырыңыз. Тағам дайын болғаннан кейін, одан күрішті алып тастасаңыз болады.

Күрішке тұзды көп қосып қойған жағдайда не істеуге болады?

Тұзы көп күрішті дуршлагқа салып, суық судың астында шайыңыз. Сосын кастрюльге салып, сары май, қайнаған су қосып, қайнатыңыз. Сөйтіп, ондағы сұйықтық кепкенше әбден қайнатыңыз. Тұзы көп болып кеткен палауға бір порция тұздалмаған күріш салып, тағамды жақсылап араластырыңыз. Үстінен тағы 50 мл жылы су құйып, орташа отқа 15 минутқа қойыңыз.

Піскен күріш. Көрнекі сурет
Піскен күріш. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тағамға картоп қосыңыз

Сорпада немесе тағамда картоп көп болса, ол тұзды өзіне жақсы сіңіреді. Ол үшін оны қабығынан аршып, қайнап жатқан тағамға (сорпа, ботқа, палау) тұтастай салыңыз. Картопты тағамда тағы 10-15 минут ұстаңыз. Сөйтіп тағамнан алып тастаңыз. Егер тағамның құрамында картоп болса, оны бірден ұсақтау етіп турап, тағамға қандай мөлшерде қосу керек, сол көлемде қосыңыз.

First For Women әйелдер журналының аспаз сарапшысы Джесс Катчер атап өткендей, картопты тағам дайын болғанша алмаңыз. Себебі картоп тағамға крахмал дәмін беріп, ондағы тұз дәмін кетіруге көмектеседі. Тұзы көп ет фаршына картопты ұсақ үккіштен өткізіп, қосыңыз. Бұл ретте, картопты фарштың көлеміне қарай қосыңыз.

Тағамға қант немесе бал қосыңыз

Тағамдағы тұздың дәмін тәтті дәммен кетіруге болады. Алайда қантты қосарда, ондағы тұз бен қанттың тепе-теңдігін сақтаңыз, әйтпесе тағам жеуге жарамсыз болып қалуы мүмкін. Балды тек тұзы көп қосылған соус, тәттілер мен десертке ғана қосыңыз. Тұзы көп сорпа, көже, борщқа бір дана шақпақ қантты қоссаңыз болады. Оны қасыққа салып, толығымен еріп болған соң, қасықпен қайтадан алып алыңыз.

Ол сорпаны сіңіргенде, басқа қантты салыңыз. Осылайша тағамнан тұздың дәмі кеткенше, бұл әдісті бірнеше рет қайталау керек. Тұздалған қиярды ұсақ бөліктерге бөліп, контейнерге салыңыз. Үстіне 1 ас қасық қант себіңіз. Сосын туралған аскөк, сарымсақты салып, араластырып, 30 минутқа тұндырып қойыңыз.

Құтыдағы бал. Скриншот
Құтыдағы бал. Скриншот: pixabay.com

Тағамға қосымша ингредиенттерді қосыңыз

Тағамдағы тұздың дәмін, өзге ингредиенттерді қосып, кетіруге болады. Мысалы, тұзы көп сорпаға кеспе қосып жіберіңіз, ол тұзды жақсы сіңіреді. Палауға анардың дәндерін салып, 30 минутқа қойып қойыңыз. Құрамында тұзы көп фаршқа қосымша сәбіз, пияз, картоп, кәді, жасыл шөптерді көптеп қосыңыз. Етке, сондай-ақ, піскен күрішті де қоссаңыз болады.

Тұзы көп болып кеткен салатқа жасыл шөптерді көптеп қосып, өсімдік майымен араластырып жіберіңіз. Салатты жаңа ингредиент немесе тұзы жоқ кез келген өнім құтқара алады.

Қышқылдарды пайдаланыңыз

Сорпа, соус, ет тағамдары, паста, салаттар мен басқа да тағамдардағы тұздың дәмін азайту үшін, The Spruce Eats тағам және өнімдер басылымының аспаз сарапшысы Эрин Хаффстетлер мынадай қышқылдарды қосуға кеңес береді:

  • сірке суы, лимон шырыны немесе лайм сөлі
  • балғын қызанақ немесе тұзы жоқ томат соусы.

Картопқа тұзды көп қосып алсақ не болады?

Тағамның рецептісіне сай келетін, қышқыл ингредиентті алып, оны тағамға қосыңыз. Қышқыл компоненттер картоптың ащы дәмін кетіреді. Егер қосатын ингредиентіңізге күмән келтірсеңіз, онда ақ шарап соусы сынды балама қышқылдарды пайдаланыңыз.

Қаймақ қосыңыз

Сүт және қаймақта (кілегей, май, қаймақ) аздаған тәтті дәм болады. Бұл тәтті дәм тағамдағы ащы дәмді кетіруге көмектеседі. Сүт тағамдары тамақты ішкен сәтте тұз дәмінің аз болуына әсер етеді. Мысалы, тұзы көп томат соусы қою қаймақпен томатты-қаймақ соусына айналады. Бір қасық қаймақ борщтағы ащы тұз дәмін кетіреді. Олар тағамды дәмді әрі нәзік ете түседі. Сонымен бірге тағамдағы тұз дәмін өсімдік майлары – сұлы, күріш, кокос, соя сүтімен де кетіруге болады.

Ыстық тағамға қаймақ қосу. Көрнекі сурет
Ыстық тағамға қаймақ қосу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тағамды ыстық күйде беру

WikiHow басылымы тағамды ыстық күйде беруге кеңес береді. Себебі, тағамның температурасына қарай, оның дәмі де өзгереді екен. Бұл әдісті, әсіресе, ыстық тағамдарға пайдаланған жөн. Ол үшін, сорпаны ыстық күйде бергенде, онымен бірге нан тілімдерін де ұсынсаңыз болады.

Екінші тағамдарды ысытқаныңыз жөн болады. Егер тәттілердің құрамында тұз көп болса, онды ыстық шай немесе кофемен ұсыныңыз. Мұндай әдіс ыстық тағамның дәмін өзгертетіні анық.

Тұзды тағамға көп қосып алмау үшін, оны әзірлеу барысында барынша сақ болған дұрыс. Егер тағамдағы тұздың көлемі көп болса, онда жоғарыдағы кеңестерге құлақ түріңіз. Қарапайым әдістер тағамды құтқарып қана қоймай, отбасы мүшелері алдындағы абыройыңызды да сақтап қала алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2046343-tagamga-tuzdy-kop-qosyp-qoisa-ne-isteuge-bolady-tiimdi-8-adis/

pixel