Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасымықтан дайындалатын сорпа: пайдалы тағамды пісірудің оңай әдісі

Опубликовано:

Жасымық сорпасы
Жасымықтан дайындалған сорпа. Көрнекі сурет: Freepik

Жасымық сорпасы – бұршақ дақылдарының пайдалы қасиеттерін жоғалтпайтын дәмді тағам. Бұл сорпаға қосылатын хош иісті дәмдеуіш пен лимон шырыны Шығыс асханасының ерекшелігін еске түсіреді. Пайдалы әрі құнарлы жасымық сорпасының рецептін сіз де түртіп алыңыз.

Жасымық біздің дәуірімізге дейін өсіріліп келген. Археологтар бұл дақылдың қалдықтарын неолит дәуірінің көрінісі ретінде Таяу Шығыстағы және Ежелгі Мысыр патшаларының зиратынан тапты. Жасымық сорпасы туралы біздің эрамыздың І ғасырында құрастырылған ежелгі римдік "Апиций корпусы" кітабында жазылған. Бүгінде жасымық сорпасы түрік асханасының белгілі тағамы болып саналады. Сорпаға бір тілім лимон мен жалбыз қосылады.

Сипаттамасы

Асханасы: түрік

Санаты: бас тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісіру уақыты: 37 минут

Мөлшерлік калориясы: 57 ккал

Ингредиенттер

Қызыл жасымық - 500г

Сарымсақ - 1 түйір

Паприка - 1 шай қасық

Сәбіз - 320 г

Өсімдік майы - 60 мл

Пияз - 100 г

Лимон - 1 дана

Картоп - 250 г

Тұз - дәміне қарай

Тауық сорпасы - 1500 мл

Жалпақ қияқты пияз - 100 г

82,5 % сары май - 40 г

Аджика - 70 г

Дайындалуы

1. Көкөністерді турап, қуырып алыңыз

Көкөністерді қуыру
Қазанда қуырылған көкөністер. Көрнекі сурет: YouTube/ Айдин Айдинов

Қазанға 1 ас қасық өсімдік майын құйып, қыздырыңыз. Пиязды тазалап, орташа көлемде текшелеп тураңыз. Содан соң қазанға салып, мөлдір қалыпқа жеткенше орташғана жан отта қуырыңыз. Пияз қуырылып жатқан кезде сәбізді аршып, текшелеп тураңыз немесе үккіштен өткізіңіз. Көкөністерді қалай кессеңіз де маңызды емес, өйткені сорпаға қосылатын өнімдерді блендерден өткізіп, езбе жасау керек.

2. Жалпақ қияқты пияз және картоп қосыңыз

Жалпақ қияқты пияз
Туралған жалпақ қияқты пияз. Көрнекі сурет: YouTube/ Айдин Айдинов

Жалпақ қияқты пияздың ақ бөлігін бөліңіз. Оны жарты сақина тәрізді етіп тураңыз. Қазандағы көкөністерге пиязды қосып, араластыру арқылы 2-3 минут қуырыңыз. Жалпақ қияқты пияз жұмсақ әрі сәл тәтті дәмі бар, бұл сорпаға ерекше дәм береді. Картопты аршып, текшелеп тураңыз. Құрамында крахмалы жоғары картоп көкөнісі сорпаны қоюландырады. Картопты көкөністерге қосып, тағы бірнеше минут қуырыңыз.

3. Жасымықты дайындап алыңыз

Жасымықты дайындау
Суық суға салынған жасымық. Көрнекі сурет: YouTube/ Айдин Айдинов

Қызыл жасымық жұмсақ болып келеді, сондықтан ұзақ уақыт суға салуды қажет етпейді. Жасымықты шайып, суық суда 5-10 минут қалдырыңыз. Содан соң суын төгіп, қазандағы көкөністердің үстіне салыңыз. Жасымық пен көкөністерді араластыра отырып, орташа жанған отта 2 минут қуырыңыз.

4. Сорпаны құйыңыз

Сорпаны құю
Жасымық салынған ыдысқа құйылған тауық сорпасы. Көрнекі сурет: YouTube/ Айдин Айдинов

Қазанған тұз қосылмаған тауық сорпасын құйыңыз. Барлығын араластырып, баяу отта 15-20 минут қайнатыңыз. Ингредиенттер жақсы қайнатылуы керек. Жасымық қайнаған кезде сорпаның бетінде пайда болған көбікті алып тастаңыз.

5. Қышқыл дәмді дәмдеуіш дайындаңыз

Дәмдеуіш дайындау
Сорпаға қосатын дәмдеуіш. Көрнекі сурет: YouTube/ Айдин Айдинов

Табаны қыздырыңыз. Сарымсақты аршып, пышақпен майдалап кесіңіз. Табаға сары май және өсімдік майының қалған бөлігін (зәйтүн немесе күнжіт майын қолдануға болады) қосып, қыздырыңыз, Артынша сарымсақ пен ащы аджика қосыңыз. Ингредиенттер күйіп кетпеу үшін табаны оттан алыңыз.

Ысталған құрғақ қызыл бұрыш (паприка) қосып, араластырыңыз. Бұрыш сорпаның дәміне дәм қосады. Табаны отқа 1 минутқа қойып, ингредиенттерді араластыра отырып қуырыңыз. Дәмдеуішті оттан алыңыз да, жартысын жасымық, көкөнітер және сорпа құйылған қазанға салып, жақсылап араластырыңыз.

6. Сорпадан езбе жасаңыз

Езбе дайындау
Езбе тәрізді қоюлатылған сорпа. Көрнекі сурет: YouTube/ Айдин Айдинов

Көкөністер мен сорпаны блендер тостағанына құйып, езбе жасаңыз. Осы кезде тағамның дәмін көріп, татымына қарай тұз қосу керек. Қоспаны қайтадан қазанға құйып, езбе сорпа ысығанша әрі тұз толығымен ерігенше баяу отқа қойыңыз. Қазанға жарты лимон шырынын қосыңыз.

7. Дайын сорпаны табақтарға құйыңыз

Дайын сорпа
Дәмдеуіш қосылған дайын сорпа. Көрнекі сурет: YouTube/ Айдин Айдинов

Жасымық сорпасын шұңғыл ыдысқа құйыңыз. Тағамға ауысып қалған дәмді тұздықтан қосыңыз. Сорпаны бір тілім лимонмен, кесіліп қуырылған нан немесе лаваш нанымен бірге дастарқанға ұсыныңыз.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2046529-zasymyqtan-daiyndalatyn-sorpa-damdi-tagamdy-pisiru-adisi/

pixel