Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетаға таптырмас тағам: Диана Есенбекова сұлы жармасынан пісірілген құймақ рецептін ұсынады

Опубликовано:

Дәмді құймақ
Сұлы жармасынан пісірілген құймақ. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Құймақ - жұмсақ әрі ерекше дәмі бар тіскебасар түрі. Әсіресе, таңғы асқа пісірілген құймақ тәбетті ашады. Ал калориясы аз әрі ағзаға пайдалы тағам жеуге көшсеңіз, сұлы жармасынан дайындалатын құймақ рецепті бір кәдеңізге жарасын.

Әр апта сайын шығатын жаңа рецептерден хабардар болу үшін Супер келін Диананың YouTube арнасына жазылуды ұмытпаңыздар. Арнада күнделікті және отбасылық мерекелерге арналған қолжетімді әрі дәмді тағамдарды пісіру әдістері тұрақты түрде салынып тұрады.

Құймақ - славян халықтары арасында танымал тағам. Құймақты ескі славян тіліндегі "млин" сөзімен байланыстырады. Бұл ұн тарту әдісіне қатысты айтылады. Жұмсақ қамырдан дайындалатын құймақ тағамы V ғасырда пайда болған деседі.

Сипаттамасы

Асханасы: славян

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісіру уақыты: 20 минут

Мөлшерлік калориясы: 136 ккал

Ингредиенттер

Тауық жұмыртқасы - 2 дана

Сүт - 200 мл

Қант - 3 ас қасық

Қамыр қопсытқышы - 1 шай қасық

Сұлы үлпегі - 150 г

Өсімдік майы 3 ас қасық

Дайындалуы

1. Жұмыртқа, сүт және қантты араластырамыз

Сүт пен жұмыртқа
Ыдыстағы сүт пен жұмыртқа. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Шұңғыл ыдысқа 2 тал тауық жұмыртқасын жарып саламыз. Оның үстіне 1 стақан жылы сүт құямыз. Сұйық қоспаны жақсылап араластырамыз.

2. Қамыр қопсытқышын қосамыз

Қант қосу
Қант қосылған қоспа. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Құймақ қоспасына 3 ас қасық қант қосып, ерігенше араластыру керек. Содан соң 1 шай қасық қамыр қопсытқышын қосамыз да, сұйық қоспаны әбден араластырамыз.

3. Сұлы жармасын саламыз

Сұлы жармасы
Құймақ қоспасына салынған сұлы үлпегі. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Ең алдымен сұлы жармасын блендерден өткізіп, майдалап аламыз. Ұнтақталған жарманы сұйық қоспаға қосып араластырамыз.

4. Өсімдік майын құямыз

Өсімдік майын құю
Өсімдік майы құйылған құймақ қоспасы. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Құймақ қоспасына 3 ас қасық өсімдік майын қосамыз. Май құйғаннан кейін қоспаны жақсылап араластырып аламыз. Сұйық май құймақтың жұмсақ болып шығуы үшін қажет.

5. Құймақты табаға құйып пісіреміз

Құймақты пісіру
Ожаумен табаға құйылған құймақ. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Құймақты пісіру үшін табаның түбін жақсылап майлап аламыз. Содан кейін бір ожау қоспаны табаға құямыз. Құймақтың бір беті піскен соң ыңғайлы қасықпен екінші жағына аударамыз. Екінші беті сарғылт-қызыл болып піскен кезде құймақты аламыз. Содан соң ыдыстағы құймақ қоспасы таусылғанша ожаумен табаға құйып, барлығын пісіріп аламыз.

6. Піскен құймақтарды ыдысқа саламыз

Дайын құймақтар
Ыдысқа салынған құймақ. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Сұлы үлпегінен пісірілетін шырынды құймақтар дайын болды. Өте пайдалы әрі жұмсақ құймақтарды ыдысқа салып, дастарқанға ұсыныңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2046916-dietaga-taptyrmas-tagam-diana-esenbekova-suly-zarmasynan-pisirilgen-quimaq-receptin-usynady/

pixel