Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кепкен жемістер қосылған шығыс бәліші: Гүлжанат Нұрышовадан дәмді рецепт

Опубликовано:

Шығыс бәліші. Скриншот
Шығыс бәліші. Скриншот: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Шығыс халықтарының тәттілері барша әлемге танымал. Солардың бірі кепкен жемістерден әзірленген шығыс бәліші. Бүгін сіздерге дәмді әрі тез жасалатын шығыс бәлішінің рецептін ұсынамыз.

Кепкен жемістер тарихы Таяу Шығыстан бастау алады. Ежелгі Месопотамияда кепкен құрма ерекше танымал болған. Адамдар оны тағам ретінде ғана емес, ақша орнына да пайдаланған. Ежелгі Римде де кепкен жемістер ақша орнына жұмсалған, ал Қытайда кепкен жемістер үйлену тойына арналған ең үздік сыйлық деп танылған. Қазіргі таңда кепкен жемістерді жеке десерт ретінде пайдаланады және оны түрлі тәттіні пісіргенде пайдаланады. Ендеше, жақындарыңызға кепкен жемістерден дәмі тіл үйірер бәліш әзірлеп беріңіз.

Сипаттамасы

Асхана: Шығыс

Санаты: Десерт

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Бір порцияға арналған калориясы: 335 ккал

Құрамы

Жұмыртқа – 1 дана

Қант – 50 г

Бидай ұны – 300 г

Тәтті, қайнатылған сүт – 300 г

Сары өрік – дәміне қарай

Мейіз – дәміне қарай

Грек жаңғағы – дәміне қарай

Қопсытқыш – 6 г

82,5% сары май – 150 г

Дайындалуы

1. Құрғақ ингредиенттерді араластырамыз

Құрғақ ингридиенттерді араластыру. Скриншот
Құрғақ ингридиенттерді араластыру. Скриншот: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Ұнды електен өткізіп, ыдысқа саламыз. Оған қант пен қопсытқышты саламыз. Бәрін жақсылап араластырамыз.

2. Май мен ұнды араластырамыз

Тоңазытқыштан сары майды алдын ала шығарып қоямыз. Ол бөлме темпаратурасына дейін жылып, жұмсаруы тиіс. Майды ұсақтап турап, ұнға қосамыз. Сөйтіп қолымызбен май мен ұнды араластырамыз.

3. Қамырын илейміз

Қамырды илеу. Скриншот
Қамырды илеу. Скриншот: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Ұнға бір жұмыртқаны қосамыз. Сөйтіп, жұмсақ, үгітілмелі қамыр илейміз. Қамырды ыдысқа салып, бетін пленкамен жауып, тоңазытқышқа саламыз.

4. Кепкен жемістерді дайындаймыз

Бәліштің салмасына үйде бар, кез келген кепкен жемісті салуға болады. Мына рецептіде сары өрік, мейіз және грек жаңғағы пайдаланылады. Кепкен жемістер мен жаңғақты ұсақтар тураймыз.

5. Қамырды жаямыз

Қамырды жаямыз. Скриншот
Қамырды жаямыз. Скриншот: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Суыған қамырды жаямыз, сосын диаметрі 20-22 см болатын формаға саламыз, сөйтіп бәліштің қамырын әзірлеп аламыз.

6. Салманы бәлішке саламыз

Салманы бәлішке саламыз. Скриншот
Салманы бәлішке саламыз. Скриншот: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Қамырға сары өрік, мейіз бен ұсақталған жаңғақты саламыз. Оларды қамыр үстіне біртекті етіп жайыңыз. Салманың үстінен қоюлатылған сүтті құямыз, сөйтіп қамырдың шетіндегі артық тұстарын пышақпен алып, бәлішті толығымен дайындап бітеміз.

7. Бәлішті пісіреміз

Бәлішті пісіреміз. Скриншот
Бәлішті пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Пешті 180°C-қа дейін ысытамыз. Бәлішті 30–35 минут бойы пісіреміз. Дайын болған десертті дастарханға шаймен немесе түрік кофесімен бірге ұсынсаңыз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2047302-kepken-zemister-qosylgan-sygys-balisi-gulzanat-nurysovadan-damdi-recept/

pixel