Бестің шайына арналған ірімшік бәліші: тез әрі оңай рецепт
Жарияланған күні:
Ірімшік бәліші жылдам әрі тез дайындалады. Дәмді, қатты тәтті және аса майлы емес бәлішті бестің шайымен ішуге болады. Осы орайда, назарларыңызға ірімшік бәлішінің рецептісін ұсынамыз.
Ірімшік бәліші — ол Дё-Севрдің оңтүстіктің департаментінде орналасқан, Пуату-Шарант франциялық өңірінде пісірілетін кекс түрі. Ерекше тәттіні түрлі пішіндерде әзірлейді. Бүгінгі заманауи бәлішті пісіру өте оңай. Сары майсыз пісірілетін бұл десерт жақындарыңыздың көңілінен шығатынын анық.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа
Санаты: Десерт
Дайындалу уақыты: 3 минуты
Дайын болу уақыты: 6 минут
Бір порцияға арналған калориясы: 530 ккал
Құрамы
Жұмыртқа – 4 дана
Ірімшік – 400 г
Қант – 180 г
Бидай ұны – 320 г
Мейіз – 150 г
Тұз – 1 г
Ас содасы – 1 шай қасық
Ванильді қант – 1 шай қасық
Дайындалуы
1. Құрғақ құрамын араластырамыз
Құрғақ ыдысқа електен өткен 320 г бидай ұнын саламыз (200 мл-лік 2 стақан). Үстінен 1 стақан қант, шым-шым тұз, 1 шай қасық ванильді қант және 1 шай қасық ас содасын саламыз. Бәрін жақсылап араластырамыз. Соданың орнына қопсытқышты да қосуға болады.
2. Ірімшікті қосыңыз
Бәліш үшін қарапайым, дүкен сатып алынатын, майлылығы 5% болатын ірімшікті пайдаланыңыз. Оны ұнға қосып, жақсылап араластырыңыз.
3. Мейіз қосыңыз
Мейізді дуршлагта жуып алыңыз. Одан суын сығып, әбден кептіріп алыңыз. Кепкен жемістерді қамырға салып, бәрін жақсылап араластырамыз. Мейіздің орнына кез келген балғын немесе қатқан жеміс-жидектерді, цукат, сары өрікті қоссаңыз болады, ал егер қаламасаңыз, бәлішке ештеңе қоспаса да болады.
4. Жұмыртқа қосыңыз
Тәрелкеге үй температурасындағы 4 жұмыртқаны салып, жақсылап араластырыңыз. Сосын оны ірімшікпен араластырыңыз. Нәтижесінде қою масса пайда болады.
5. Қамырды формаға салыңыз
Диаметрі 25–28 см болатын формаға май жағып, аздап ұн себіңіз. Ұнды бір қалыпты етіп формаға сеуіп шығыңыз. Артық ұнды алып тастасаңыз болады. Сосын үстіне ірімшік қосылған қамырды салыңыз.
6. Бәлішті пісіріңіз
Пешті 150°С-қа дейін ысытыңыз. Қамырды пештің ортасына қойыңыз. Сөйтіп оны 30-35 минут бойы пісіріп алыңыз. Бәліштің піскен-піспегенін оның ортасына ағаш таяқша салып біліңіз, егер таяқша құрғақ шықса, онда ол піскен деген сөз, егер дымқыл болып шықса, онда оны пеште тағы 5-10 минут ұстау керек деген сөз.
7. Бәлішті дастарханға қойыңыз
Бәлішті дастарханға қойыңыз. Ол үшін оны формадан ақырындап, алып шығыңыз. Қалауыңыз бойынша бәлішті қант ұнтағымен безендірсеңіз болады. Бәлішті кесіп, оны шайға немесе кофеге беріңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2047307-bestin-saiyna-arnalgan-irimsik-balisi-tez-ari-onai-recept/