Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйікті адамыңды қалай ұмытуға болады: психологтан 5 құнды кеңес

Опубликовано:

Сүйіктіңізбен айырылысу. Көрнекі сурет
Сүйіктіңізбен айырылысу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кез келген адам үшін сүйіктісімен ұмыту, өмірдің жаңа белесіне өту ауыр сынақ болуы мүмкін. Осы орайда, бұл кезеңді қалай жеңілдетуге болады? Психологтар 5 құнды кеңесті бөлісті.

Айырылысуды жеңіл өткеріп, сүйіктіңізбен қалай қош айтысуға болады?

Ол үшін өзіңізге тек шындықты айтып, жақындарыңыздан қолдау күтіңіз. Өміріңізден ол жайлы барлық естеліктерді алып тастаңыз, өзіңізге айырылысуды еңсеруге уақыт беріңіз және ол жайлы көп ойлай бермеңіз.

Өзіңізге шындықты айтыңыз

Қарым-қатынастың сіз үшін ауыр болғанын мойындап, жеңілдеңіз. Сіз оған бауыр басып қалғансыз, әйтпесе баяғыда-ақ одан бас тартатын едіңіз. Өзіңізге өзіңіз адал болсаңыз, сіз бұл сезімнен тез арыласыз. Және осы қарым-қатынасқа басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Бауыр басып қалған адамыңызға тәуелділіктен арылу үшін – сіз алдымен өзіңізге-өзіңіз аталған сезімнің алдамшы болғанын түсінуіңіз керек.

Сіздің бұған дейінгі қарым-қатынас жаныңызды әбден жүдеткенін сезген сәтте ғана, сіз бұрынғы ара қатынасыңызға нүкте қоя аласыз. Мұндай кеңесті философия докторы Берит Брогаард береді. Сондықтан өз-өзіңізге соңына дейін сенімді болыңыз. Себебі, жылдар бойы осындай жүрегіңізге салмақ түсіретін қарым-қатынас сізге қаншалықты қажетті болуы мүмкін? Осы сұраққа алдымен өзіңізге-өзіңіз дұрыс әрі нақты жауап бергеніңіз дұрыс.

Жақындарыңыздың қолдауына жүгініңіз

Бұрынғы сүйіктіңізбен ажырасқаннан кейін, өзіңізбен өзіңіз қалып, уайым-қайғыға берілетініңіз рас. Десе де, бұл сізге ішкі жан дүниеңіздегі сырқатты жаза алмайды. Ондайда, жақыныңыздың жылуына, қолдауына жүгініңіз. Мысалы, нағыз достарыңыз ол адамды тез ұмытуға көмектесіп, сізге алдыға ұмтылуға жәрдемдеседі.

Сондықтан олармен бірге көп уақыт өткізіңіз, демалыңыз, серуендеңіз. Философия докторы Арт Маркман әлеуметтік қарым-қатынас – бақытты болудың көзі деп айтқан. Оның зерттеуінше, адамдар достарымен жиі кездескен сайын, ол өзін барынша бақыттырақ сезінеді екен. Ал, қоғамнан тыс қалғандар адамдардың жанына жара салады, дейді Берит Брогаард.

Жақын құрбылар дастархан басында. Көрнекі сурет
Жақын құрбылар дастархан басында. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өміріңізден ол адам жайлы естеліктің барлығын алып тастаңыз

Бұрынғы сүйіктіңізде қалай ұмытуға болады? Әлеуметтік психолог Тереза Дидонато онымен кездесуге мүмкіндік беретін барлық жолдарды ысырып тастауға, жалпы оған қатысты барлық дүниеден бас тартуға кеңес береді. Бұл тұрғыда ол төмендегідей кеңес береді:

  • оның барлық байланыс номерлерін өшіріңіз;
  • әлеуметтік желілердегі парақшаларды бұғаттаңыз;
  • қоңырау шалмаңыз, тіпті кездейсоқ кездесуге тырысыңыз;
  • ол баруы мүмкін отырыстар мен басқа да іс-шаралардан бас тартыңыз;
  • достарыңыз бен жақындарыңыздан сізге ол адам туралы айтпауын сұраңыз;
  • ол туралы еске түсіретін барлық нәрселерден арылыңыз;
  • бірге демалған жерлерге баруға кеңес берілмейді;
  • осы қарым-қатынасқа байланысты барлық композицияларды плееріңізден өшіріп тастаңыз.

Мамандар көңіл-күйіңізді түсіретін романтикалық, қайғылы әндерді тыңдамауға кеңес береді. Жүрегіңізді ауыртып, көңіл-күйіңізді түсіретін сезімнен аулақ болыңыз. Мүмкіндігінше бәрін тезірек ұмыту үшін, қарым-қатынасқа түбегейлі нүкте қойыңыз. Бұрынғы қарым-қатынаспен өмір сүру әдетінен арылыңыз, бұл сіздің психологиялық тұрғыда тездетіп жинақталуыңызға жол ашады.

Ұялы телефон және құлаққап. Көрнекі сурет
Ұялы телефон және құлаққап. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өзіңізге сезімді ұмытуға уақыт беріңіз

Сүйіктіңізді қалай жіберуге болады? Сүйіктіңізбен айырылысу қаншалықты қиын екенін сезініңіз, бұл сізге жүрегіңіздегі жарадан тездетіп жазылуға мүмкіндік береді. Неғұрлым осы әрекетке көбірек уақыт берсеңіз, соғұрлым бұрынғы ғашығыңызды тез ұмытасыз. Уайымдау – өзіңізге жақын адамнан айырылу сезімі, деп жазады WebMD.

Өзіңізді бойыңыздағы сезімді қабылдаған сәтте ғана, сіз тездетіп жаңа өмірге қадам баса аласыз. Ол сізге, сонымен бірге күйзелістен де тездетіп шығуға мүмкіндік береді. Ал, ішкі сезіміңізді өзіңізде тұндыра берген сайын, денсаулығыңыз сыр беріп, ашушаңдыққа, ұйқының қашуына әкелуі мүмкін. Бұрынғы өміріңіз, тек қазіргі өміріңіз жақсарған сәтте ғана ұмытыла бастайды. Бәрі тек өз қолыңызда. Уақыт – емші, бәрі реттеледі, тек сабырмен күтіңіз.

Айырылысу жайлы ойдан арылыңыз

Егер ойыңызға сіздің бұрынғы сүйіктіңіз қайта-қайта орала берсе, онда өз ойыңызды басқарып үйреніңіз. Мұндай ойға себепкер болатын – кафе, жұмысқа бару жолы, күн тәртібі, бәрін реттеңіз. Сіз жаңа әдеттермен бірге жаңа өмір бастауыңыз тиіс.

Мұңлы ару. Көрнекі сурет
Мұңлы ару. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жақыныңызды тездетіп ұмыту – оңай шаруа емес. Оны жалғыз өзіңізге еңсеру қиынға соғады. Сондықтан жоғарыдағы бес кеңесті естен шығармаңыз.

Осы орайда өзіңіздің сүйікті ісіңіз, хобби, спорт, кітап оқу, кроссворд шешу жайлы да ұмытпаңыз, сонда ойыңыз бір сәт сергитін болады. Мамандар, сонымен бірге, миды артық ойдан арылту үшін, оны қағазға жазып, алысқа қоюға кеңес береді. Яғни, бұрынғы ғашығыңызға өкпе-ренішті жүректе ұстамаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2048724-suiikti-adamyndy-qalai-umytuga-bolady-5-qundy-kenes/

pixel