Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Май мен қаймаққа бұқтырылған қызыл балық: Адельден дәмді рецепт

Опубликовано:

Балықты дайындау сәті. Скриншот
Балықты дайындау сәті. Скриншот: YouTube/ Готовим с Адель

Қызыл балықты әзірлеу барысында оның дәміне ерекше мән берген жөн. Осы ретте, Адельден қызыл балықты тез әрі дәмді әзірлеудің рецептін ұсынамыз.

Қызыл балық – балықтардың ішіндегі ең құнарлысы әрі дәмдісі. Тарихта қылы балықты алғаш болып француздар XV ғасырдан бастап өсіре бастады деген дерек бар. Аспаздар бұл балықтың ерекше дәмі мен құнарлылығы үшін, жоғары бағалайды. Қызыл балықты дастарханға қуырып, бұқтырып немесе тұздалған күйде береді. Назарларыңызға қаймақ-ірімшік соусында бұқтырылған қылы балықтың жеңіл әрі дәмді рецептісін ұсынамыз.

Сипаттамасы:

Асхана: Еуропалық

Санаты: Басты тағам

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 15 минут

Бір порцияға арналған калория мөлшері: 250 кал

Құрамы:

Аскөк – дәміне қарай

Қаймақ 30% - 150 г

Тұз, қара бұрыш – дәміне қарай

82,5% cары май – 100 г

Қызыл балық – 500 г

Қатты ірімшік – 100 г

Дайындалуы

1.Аскөкті қаймақпен бірге араластырыңыз

Аскөкті жақсылап жуып, ұсақтап тураңыз. Оның жартысын пиалаға салып, қаймақпен бірге араластырыңыз. Қаймақтың майлылығы жоғары болған сайын, қызыл балық та дәмді бола түседі.

Соусты дайындау сәті. Скриншот
Соусты дайындау сәті. Скриншот: YouTube/ Готовим с Адель

2. Ірімшік қосыңыз

Ірімшікті соусқа қосу. Скриншот
Ірімшікті соусқа қосу. Скриншот: YouTube/ Готовим с Адель

Қатты ірімшікті үккіштен өткізіңіз. Ірімшіктің жартысын қаймақ пен аскөк бар пиалаға саламыз. Бәрін жақсылап араластырамыз.

3. Майды дайындаймыз

Майды дайындау. Скриншот
Майды дайындау. Скриншот: YouTube/ Готовим с Адель

Ыдысқа қалған аскөктің жартысын саламыз. Жұмсақ сары майды қосамыз. Дәміне қарай балыққа арналған дәмдеуіштерді қосып, балықты маймен жақсылап ысқылаймыз. Қалған ірімшікті қосып, балықты араластырамыз.

4. Балықты дайындаңыз

Қызыл балық стейктерін сумен жақсылап жуып, құрғақ қағазбен сүртіп аламыз. Алюминий, ас фольгасының екі бөлігін дайындаймыз. Әрқайсысына балықтарды саламыз.

5. Балықтарға қоспаны қосамыз

Балыққа қоспаны қосу. Скриншот
Балыққа қоспаны қосу. Скриншот: YouTube/ Готовим с Адель

Балықты дәміне қарай тұздап, бұрыш қосамыз. Біріншісіне ірімшік-қаймақ соусын, екіншісіне сары май мен ірімшік қоспасын қосамыз. Осылайша балықты пешке салуға дайындаймыз.

6. Балықты пісіреміз

Балықты пісіру. Скриншот
YouTube/ Готовим с Адель : YouTube/ Готовим с Адель

Фольгадағы балықты противеньге саламыз. Пешті 180 °C-қа дейін ысытамыз. Балықты пешке салып, оны 20 минутқа қойып, пісіріп аламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2050979-mai-men-qaimaqqa-buqtyrylgan-qyzyl-balyq-adelden-damdi-recept/

pixel