Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылдық дастарханды қалай безендіруге болады: ерекше әрі ұтымды идеялар

Опубликовано:

Жаңа жылдық дастархан. Көрнекі сурет
Жаңа жылдық дастархан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жылдық дастархан – мерекені тойлаудың маңызды бөлігі. Биылғы жылы дастарханды қалай безендіруге болады? Құнды кеңестерді декор жайлы кітаптардың авторы Хелен Спарклинг пен Юлия Фирсова айтып берді.

2024 жылы жаңа жылдық дастарханды безендіру ережелері

2024 жаңа жылдық үстел декоры қандай болуы керек? Алдағы жыл - жер стихиясына жататын жасыл ағашты Айдаһар жылы. Жаңа жылдық дастарханды безендіруде табиғи түстерге мән беріледі: жасыл және оның реңктері, терракота, құм тәрізді түс, кілегей, беж және қоңыр реңктері. Реңкті түстер ретінде қызыл, жасыл және алтын түсті реңктерге мән берсеңіздер болады.

Табиғи емес, неон реңкті түстерден аулақ болыңыз. "Дастархан этикеті өнері" кітабының авторы Хелен Спарклинг жаңа жылдық дастархан бөлменің жалпы дизайнының бөлігі екенін және стиль мен түс бойынша жалпы интерьер дизайнымен үйлесуі керек екенін айтады. Сондықтан бөлменің сыртқы келбеті және ондағы интерьерді ескеріңіз. Айдаһар жылы қарсаңында үйдің декорында табиғи түстер мен әшекейлерге артықшылық берілгетіндіктен, жаңа жылдық дастархан дизайнында алтын жолаққа мән беріңіз.

Жаңа жылдық дастарханды қалай безендіру керек?

Дастарханды безендіру барысында келесі кеңестерді ескеріңіз:

  1. Қандай сервировка жасайтыныңызды ойластырыңыз. Үстелде ыдыс-аяқ пен безендірубұйымдармен тығыз болмауы керек.
  2. Алдағы жылдың символы жаңалық пен жаңа идеяларды жоғары бағалайды. Сондықтан, жаңа дастархан жайып, детальдерге назар аударыңыз. Айдаһар үшін әдемілік маңызды болғандықтан, жоғары сапалы тоқыма декоры, әдемі ыдыс-аяқ, алтын түспен безендірілген шамдарға назар аударыңыз.
  3. Ыдыс-аяқтарды жалпы декорға сәйкес келетін түс схемасына сәйкес таңдаңыз.
  4. Безендіруде табиғи материалдарды қолданыңыз: табиғи шырша бұтақтары, қабықтар мен шырша жаңғақтары.
  5. Дастарханға шырша гирляндасын, жаңа жылдық гүл шоқтарын қойыңыз.
  6. Табиғи трендте болу үшін, ағаш ыдыстарға жеңіл тағамдар мен тіскебасарларды салыңыз.
  7. Безендіру пішініне назар аударыңыз. Шыршаның бұтақ гирляндасын айдаһар жотасына ұқсайтындай етіп орналастырыңыз.
  8. Дәстүрлі қонақтарға арналған карталарды ашық хаттарға салыңыз. Шағын жеке карталарды алдын-ала дайындаңыз және оларға жылы тілектер жазыңыз. Осылайша әр қонақ жылы тілегі бар картаны алады.

Айдаһар жылы дастарханда не болмауы керек?

Жаңа жылдық үстелге әсіресе сынықтары бар ескі ыдыс-аяқ, ескі дастархан жайып, пластиктен жасалған әшекейлерді пайдаланбаған жөн. Дастархан қарапайым, бірақ жоғары талғаммен әзірленуі керек. Мерекелік дастархан мәзірінің де өз ерекшеліктері бар. Дастарханға қоян етін қоймаған жөн. Келесі жылдың символы айдаһар болса да, Қытай күнтізбесі бойынша ол тізгінді тек 2024 жылдың 10 ақпанында қабылдайды, ал жаңа жыл түні өткен жылдың символы қоянның ықпалымен өтеді.

Айдаһар жылы тауық (тым қарапайым тағам), өңделген тағамдар, консервілерді дастархан мәзіріне қоспаған абзал, себебі ол табиғи өнімдерді ұнатады. Шығыс мәдениетінде Айдаһар жомарт жануар, сондықтан тағамдардың түр-түрін дастарханға қойсаңыз болады. Жаңа жылдық мәзірге мынадай тағамдарды қосуға болады:

  • қызыл ет, құс еті (үйрек, күркетауық, қаз), балық;
  • жаңа піскен көкөністер мен жемістер;
  • тәттілер;
  • құс еті қосылған салаттар;
  • бұқтырылған көкөністер;
  • күріш тағамдары.

Жылды жақсы қарсы алу үшін, дастарханды безендіріп қана қоймай, оны дәмді әрі ерекше тағамдармен толтырыңыз. Жылдың сәтті өтуі үшін, осы аталған кеңестердің барлығына құлақ асыңыз.

Рождествоға арналған күрке еті. Көрнекі сурет
Рождествоға арналған күрке еті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жылдық дастарханды безендіру нұсқалары

2024 жылы жаңа жылдық дастарханды қалай безендіру керек? Дастарханды биыл классикалық, экологиялық, минималистік немесе рустикалық стильде безендіріп көріңіз.

Классикалық үлгі

"Жайлы өмір сүр! Стильді декордың құпиялары" атты кітаптың авторы Юлия Фирсованың айтуынша,классикалық стиль дәстүрлі жаңа жылдық дастарханды безендіру үлгісі болып табылады. Классикалық үлгіде дастарханды безендіру үшін, сізге әдемі ыдыс-аяқ пен ас құралдары, дастархан, раннер және тоқылған майлықтар қажет.

Дастарханға сән беру үшін майлық сақиналарын, түрлі мөлшердегі шамдарды, шам ұстағыштарды, кішкентай шырша шарларын немесе мүсіншелерді, қылқан жапырақты бұтақтарды пайдаланыңыз.

Жаңа жылдық дастарханды безендіру үлгісі. Көрнекі сурет
Жаңа жылдық дастарханды безендіру үлгісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Экологиялық стиль

Good Homes басылымы үй стилі мен декор идеялары бар жылтыр пластикалық әшекейлерден аулақ болуға және дизайн шешімі үшін ғана емес, сонымен қатар түстер палитрасы үшін табиғи ресурстарына жүгінуге кеңес береді. Қысқы серуен басылымы, мұндай стиль үшін қарағай жаңғақтарын, бұтақтарды пайдалануға болады дейді. Сол сияқты табиғи зығырдан жасалған дастархан заманауи әрі қарапайым болып көрінеді.

Ал, табиғи тоқыма бұйымдары мен керамикалық ыдыс-аяқтар бұл стильдің табиғилығын көрсететін болады. Дастархан ерекшелігі ретінде шыршаның кішкентай бұтақшаларын майлықпен бірге табаққа қоюға болады.

Минималистік стиль

Минималистік стиль безендірудің қарапайымдылығымен, әсемдігімен және нақтылығымен ерекшеленеді. Үстелді қосымша безендіру элементтерімен толтыра бермеңіз. Жоғары талғам менұстамдылыққа басымдық беріңіз.

Үстелдің ортасына шырша бұтақтарының немесе эвкалипт бұтақшаларынан композиция жасап қойыңыз. Оны классикалық ұзартылған шамдармен толықтырыңыз. Бір реңктегі ыдыстар мен мөлдір бокалдарды қойыңыз.

Жаңа жылдық дастархан. Көрнекі сурет
Жаңа жылдық дастархан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Рустикалық стиль

Дастархан безендірудің бұл стилі табиғилық пен романтизмді білдіреді. "Декупаж және қоршаған орта. Стильді интерьерге арналған авторлық декор техникасы" кітабының авторы Ольга Комарницкаяның пікірінше, рустикалық стильдегі безендіруде табиғи материалдар, негізінен ағаш, тас, металлдарқолданылады.

Тіскебасарлар мен салаттар үшін, ағаш ыдыстарды немесе тақтайшаларды, сондай-ақ табақтарға арналған тіректер ретінде ағаш кесінділерді, түрлі-түсті майлықтарды пайдаланыңыз. Табиғи жасылшөп, ұсақ деталь немесе зығыр матасынан жасалған майлықтар мұндай стильге әдемі реңк береді. Негізгі түс ретінде ақшылтым және қоңырқай түстерге басымдық беріңіз.

Жаңа жылдық дастарханды безендіруде қиялыңызда шек болмасын. Дастарханды безендіруде мұқият ойластырып, ыдыс-аяқ, ас құралдары мен дастарханның тоқыма бұйымдарына мән беріңіз. Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін, жаңа жылдық дастарханға шырша ойыншықтары, бұтақтар, гирлянды, шамдарды қолданыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2051201-zana-zyldyq-dastarxandy-qalai-bezendiruge-bolady-erekse-ari-utymdy-ideyalar/

pixel