Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хош иісті алма тоқашы: Адельден жеңіл рецепт

Опубликовано:

Алма тоқаштары. Скриншот
Алма тоқаштары. Скриншот: YouTube/ Готовим с Адель

Балғын алмадан жасалған дәмді десерт ересектерге де, балаларға ұнайтыны анық. Алма сақиналары тез әрі оңай дайындалады, ал бастысы – қолда бар тағамдардан әзірленеді. Адельден оңай рецептті сақтап, дәмді десертті дайындап көріңіз.

Алма сақиналарының рецепті Италиядан бастау алады, онда бұл тағам "фрителле ди меле" (frittelle di mele) деп аталады. Оны алғаш рет алма плантацияларымен әйгіленген Трентино-Альто-Адидже өңірінде дайындаған. Десертті корицамен бұлғанған клярда, майға қуырып әзірлейді. Сөйтіп, алма тоқаштарының бетіне қант пудрасын себеді. Десертті ваниль балмұздақпен немесе кілегеймен толықтыруға болады.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: Десерт

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 10 минут

Бір порцияға арналған калория мөлшері: 184 ккал

Құрамы

Алма – 3 дана

Қант – дәміне қарай

Бидай ұны – 130 г

Сүт – 180 мл

Сұйық май – 150 мл

Жүгері крахмалы – 35 г

Корица – дәміне қарай

Дайындалуы

1. Алманы тураңыз

Жұмсақ, піскен алмаларды жуыңыз. Қабығын аршымай, алманы 7–8 мм қалыңдықта сақина пішінінде кесеміз. Пластик бөтелкесі немесе арнайы кондитерлік шприцтің көмегімен ортасын кесіп аламыз.

Алма сақиналарын дайындау. Скриншот
Алма сақиналарын дайындау. Скриншот: YouTube/ Готовим с Адель

2. Қамырын илеңіз

Қамырды илеу. Скриншот
Қамырды илеу. Скриншот: YouTube/ Готовим с Адель

Ыдыста корица, крахмал және ұнды араластырамыз. Оған біртіндеп сүтті құямыз. Сөйтіп, қамырды илейміз.

3. Майды қыздырыңыз

Майды қыздыру. Скриншот
Майды қыздыру. Скриншот: YouTube/ Готовим с Адель

Отқа қалыңдығы орташа табаны қоямыз. Оған өсімдік майын құйып, жақсылап қыздырамыз. Алманы қамырға былғап, қызып тұрған майға саламыз.

4. Тоқаштарды дайындаңыз

Тоқаштарды дайындау. Скриншот
Тоқаштарды дайындау. Скриншот: YouTube/ Готовим с Адель

Қамырға былғанған алманың екі жағын қызып тұрған майда 2 минут қуырамыз. Дайын алма тоқаштарын тәрелкеге салып, қағаз сүлгімен артық майын сіңіріп аламыз. Тәрелке түбіне аздаған қант пен корицаны саламыз. Үстіне алма сақиналарын саламыз. Дастарханға қояр алдында қант пудрасын себеміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2051210-xos-iisti-alma-toqasy-adelden-zenil-recept/

pixel