Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зімбір пірәндіктері: ең оңай әрі қолжетімді рецепт

Опубликовано:

Зімбір пірәндіктері. Көрнекі сурет
Зімбір пірәндіктері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Зімбір пірәндіктері Еуропа және АҚШ-та кең таралған. Оларды ыстық шай немесе какаомен, жақындарыңызбен бірге дәм татуға кеңес беріледі. Осы орайда дәмі тіл үйірер десерттің ең оңай әрі қолжетімді рецептін назарларыңызға ұсынамыз.

Зімбір пірәндіктерінің Отаны ретінде британдық Макет Дрейтон қаласы саналады. Тарихи деректер бойынша, дәл осы қалада алғаш рет дәмді пірәндіктер әзірленген екен. Ұлыбританияға дәмді десерттің рецептісін крест жорығына қатысушылар әкелді деген аңыз бар. Ал, XVIII ғасырдың басында зімбіп пірәндіктері Еуропаның барлық елдері бойынша таныла бастайды.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: Десерт

Дайындау уақыты: 4 сағат

Дайындалу уақыты: 10 минут

Бір порцияға арналған калория мөлшері: 264 ккал

Құрамы:

Тауық жұмыртқасы - 1 дана

Бидай ұны – 440 г

Сүт – 30 мл

72,2% сары май – 175 г

Зімбір – 1 ас қасық

Тұз – 0,5 шай қасық

Ас содасы - 1 шай қасық

Мускат жаңғағы – 0,5 шай қасық

Корица – 1 ас қасық

Қант пудрасы – 224 г

Ваниль - 1 шай қасық

Қоңыр қант – 150 г

Қалампыр – 0,5 шай қасық

Меласса – 160 мл

Дайындалуы

1. Құрғақ элементтерді араластырыңыз

Пірәндіктің құрғақ құрамын араластыру. Скриншот
Пірәндіктің құрғақ құрамын араластыру. Скриншот: Дмитрий Суходольскийдің жеке архиві

Үлкен ыдыста ұн, ас содасы, тұз, зімбір, корица, мускат жаңғағы және қалампырды араластырыңыз.

2. Майды ерітіңіз

Майды еріту. Скриншот
Майды еріту. Скриншот: Дмитрий Суходольскийдің жеке архиві

Басқа ыдысқа миксермен 145 г майды шайқаңыз, ол крем тәрізді (1–2 минут) және үлпілдек болуы керек. Қоңыр қант, меласса немесе балды қосып, орташа жылдамдықта араластырыңыз. Сосын жұмыртқа мен ванильді қосып, қамырды жоғары жылдамдықта тағы да 2 минут миксермен араластырыңыз.

3. Қамырды илеңіз

Қамырды ұнмен қосу. Скриншот
Қамырды ұнмен қосу. Скриншот: Дмитрий Суходольскийдің жеке архиві

Ұнды майы бар ыдысқа сеуіп, қамыр илеңіз. Дайын қамыр жабысқан әрі жұмсақ болады.

4. Дайын қамырды суытыңыз

Қамырды бірдей екі бөлікке бөліп, олардан диск жасап, пленкамен жақсылап орап қойыңыз. Кейін тоңазытқышқа 3 немесе одан да көп сағатқа суытуға қойып қойыңыз. Бұл қамырды суытуға арналған маңызды қадам болып саналады.

5. Қамырға пішін беріңіз

Қамырға пішін беру. Скриншот
Қамырға пішін беру. Скриншот: Дмитрий Суходольскийдің жеке архиві

Пешті 180 °C-қа дейін ысытып, оған пергамент қағазын салыңыз. Тоңазытқыштан қамырдың бір бөлігін алыңыз. Қамырдың қалған бөлігі тоңазытқышта тұра берген абзал. Дастарханға ұнды көптеп сеуіп, қалыңдығы 0,5 см болатын қамырды жайыңыз. Қамыр бөлініп кетпес үшін, оны екі жақ бетіне жиі аударып отырыңыз.

Қамырдан түрлі пішіндегі пірәндіктерді жасаңыз. Дайын болған соң, бәрін противеньге салыңыз. Қамырдың қалған бөлігімен де дәл осылай жасаңыз.

6. Пірәндіктерді пісіріп, суытып қойыңыз

Пірәндіктерді пісіру. Скриншот
Пірәндіктерді пісіру. Скриншот: Дмитрий Суходольскийдің жеке архиві

Зімбір пірәндіктерін 7–8 минут пісіріңіз. Оларды пеште көп ұстамаған дұрыс, себебі қамыры қатайып кетуі мүмкін. Пірәндіктерді 5 минуттай суытыңыз, сосын оны торға қойып қойсаңыз болады. Пірәндіктерді безендірместен бұрын, олардың жақсылап суығынына көз жеткізіп алыңыз.

7. Глазурь жасап, пірәндіктерді әсемдеуге кірісіңіз

Глазурьді дайындау. Скриншот
Глазурьді дайындау. Скриншот: Дмитрий Суходольскийдің жеке архиві

Глазурь үшін сары май (30 г), сүт және 112 г қант пудрасын араластырыңыз. Қант пудрасының қалған бөлігін де қосып, тағы да жақсылап сұйылтыңыз. Сосын оны безендіру қабына салып, пірәндіктерді қалауыңызша безендірсеңіз болады. Глазурьдің толықтай кебуін күтіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2051252-zimbir-pirandikteri-en-onai-ari-qolzetimdi-recept/

pixel