Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орамжапырақтан пісірілген "голубцы": Диана Есенбековадан пайдалы тағам рецепті

Опубликовано:

Қырыққабат жапырағы
Қырыққабат жапырағынан пісірілген тағам. Көрнекі сурет: pixabay

Орамжапырақтан дайындалған "голубцы" - өте жеңіл әрі дәмді тағам түрі. Құрамындағы күріш пен тартылған еттің дәмі ерекше үйлеседі. Фуд-блогер Диана Есенбекова пайдалы тағамның оңай пісірілетін рецептін ұсынады.

Ел ішінде "Голубцы" деп аталып кеткен тағам украин, белорусь, орыс, поляк асханасында пісіріледі. Бұл тағам атауының шығу тарихы белгісіз. Дегенмен әлемнің көп елінде қырыққабат жапырағына орап пісірілетін тағамды білмейтіндер кемде-кем.

Сипаттамасы

Асханасы: славян

Санаты: бас тағам

Дайындау уақыты: 10 минут

Пісіру уақыты: 45 минут

Мөлшерлік калориясы: 174 ккал

Ингредиенттер

Қырыққабат - 1 дана

Өсімдік майы - 30 г

Пияз - 3 дана

Сәбіз - 2 дана

Сарымсақ - 1 түйір

Томат пастасы - дәміне қарай

Су - 200 мл

Тұз - 1 ас қасық

Қызыл бұрыш - 1 ас қасық

Базилик - дәміне қарай

Әмбебап дәмдеуіш - дәміне қарай

Фарш - 500 г

Күріш - 200 г

Жұмыртқа - 2 дана

Дайындалуы

1. Қырыққабатты бөліп алыңыз

Бөлінген қырыққабат
Қазанға салыгнған қырыққабат. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Қырыққабатты таза сумен жуып алып, ортаңғы бөлігін кесіп алып тастаңыз. Содан соң шеткі бөліктерін де алып тастаңыз. Бөлінген қырыққабатты қазанға салып, үстіне ыстық су құйыңыз. Оның бетін табақпен бастырып, қақпағын жауып, 15 минутқа қойыңыз.

2. Пиязды қуырыңыз

Пиязды қуыру
Табада қуырылған пияз. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Пияздың қабығын аршып, тазалап алыңыз. Содан соң майдалап тураңыз. Қызып тұрған табаға өсімдік майын құйыңыз. Оның үстіне туралған пиязды салыңыз.

3. Сәбізді қуырыңыз

Сәбізді қуыру
Табада қуырылған сәбіз. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Сәбіздің қабығын аршып, үккіштен өткізіп алыңыз. Үккіштен өткізген сәбізді қуырылып жатқан пияздың үстіне салыңыз. Пияз бен сәбізді араластыра отырып қуырыңыз.

4. Томат пастасын қосыңыз

Томат пастасы
Томат пастасы қосылған соус. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Сәбіздің үстіне майдалап туралған сарымсақты қосыңыз. Содан соң томат пастасын немесе томат соусын қосып араластырыңыз. 5 минут қуырылғаннан кейін су құйыңыз. Дәміне қарай тұз, ұнтақталған қара бұрыш және қызыл бұрыш қосыңыз. Сонымен бірге кептірілген күнзе (кинза) салып, жақсылап араластырыңыз. Барлығын шамамен 20 минут қайнатыңыз.

5. Салмасын дайындаңыз

Салмасын дайындау
Тартылған ет пен күріш қосылған тағам салмасы. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Фарш, күріш және майдалап туралған пиязды қосыңыз. Дәміне қарай тұз, қара бұрыш пен 2 тал жұмыртқа салып жақсылап араластырыңыз.

6. Қырыққабатқа салма салып ораңыз

Оралған голубцы
Табаға салынған орамжапырақ. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Алдын-ала дайындап алған қырыққабатқа салмасын салып орап шығыңыз. Оралған қырыққабатты табаға тізіп салып шығыңыз. Оның үстіне алдын ала дайындап алған соусты құйыңыз да, 200 градуста қызып тұрған пешке салып, 40 минуттай пісіріп алыңыз. Піскен "голубцы" тағамын табаққа салып, дастарқанға ұсыныңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2051592-qyryqqabattan-pisirilgen-golubcy-diana-esenbekovadan-paidaly-tagam-recepti/

pixel