Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаз етінен пісірілген қақтама: Диана Есенбековадан мерекелік тағам рецепті

Опубликовано:

Қаз еті
Қаз етінен пісірілген қақтама. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Жаңажылдық дастарқанға қандай тағам пісіретініңізді ойланып жүрсеңіз, қаз етінен дайындалатын қақтама рецептін ұсынамыз. Дәмі тіл үйіретін тағам кез келген адамға ұнайды әрі пісірілуі де өте оңай.

Сипаттамасы

Асханасы: еуропалық

Санаты: бас тағам

Дайындау уақыты: 1 тәулік

Пісіру уақыты: 3 сағат

Мөлшерлік калориясы: 201 ккал

Қақтама тағамының тарихы көне кезеңдерден басталады. Тіпті, антрополог ғалымдардың өзі бұл тағам жайлы түрлі пікірде. Қақтаманы ежелгі адамдар үңгірлерде пісірген деген деректер де бар. Ал бұл тағамның атауы француздың "grill" деген сөзінен пайда болған деседі. Қазақша мағынасы "отқа пісіру" дегенді білдіреді.

Ингредиенттер

Қаздың еті - 1 қаз

Тұз - 7-8 ас қасық

Қара бұрыш - дәміне қарай

Лавр жапырағы - дәміне қарай

Су - 500 мл

Қызыл бұрыш - дәміне қарай

Ащы бұрыш - дәміне қарай

Тәтті чили соусы - 3 ас қасық

Қақтама (гриль) пісіруге арналған дәмдеуіш - дәміне қарай

Өсімдік майы - 3 ас қасық

Апельсин - 2-3 дана

Алма 2-3 дана

Дайындалуы

1. Қаздың етін дайындап алыңыз

Қаздың еті
Артық жерлері алынған қаз еті. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Қаздың бас, жамбас бөлігін жәні ішіндегі майларын алып тастаңыз. Содан соң жақсылап жуып, тазалап алыңыз. Қаз етінің сыртын пісек (шприц) арқылы тесіп шығу керек. Етті ыдысқа салып, үстіне молдау қылып тұз себіңіз.

2. Бұрыш қосыңыз

Тұз, бұрыш себу
Тұз, бұрыш және лавр жапырағы салынған қаз еті. Көрнекі сурет: pixabay

Қаздың етіне лавр жапырағын, қара түйір бұрыш салыңыз. Үстіне су құйып, 1 күн бойы бетін жауып қойыңыз. Сол кезде қақтама өте шырынды әрі дәмді болып шығады.

3. Алма мен апельсинді тураңыз

Алма мен апельсин
Туралған алма мен апельсин. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Алма мен апельсинді жуып алыңыз. Алманың ортасындағы дәндерін тазалаңыз. Алманы да, апелсиньді де ортасынан бір бөліп, содан соң тағы бір бөлікке бөліңіз.

4. Маринад дайындаңыз

Маринад дайындау
Қақтамаға арналған маринад. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Ұнтақталған қызыл бұрыш, қара бұрыш және ащы бұрышты ыдысқа салыңыз. Содан соң чили бұрышын қосыңыз. Тұз бен қақтама пісіруге арналған дәмдеуішті қосыңыз. Оның үстіне 3 ас қасық өсімдік майын құйыңыз. Барлық қоспаны жақсылап араластырып, бір күн бойы тұзды суда тұрған қаз етінің үстіне жағып шығыңыз.

5. Қаз етінің ортасына алма мен апельсин салыңыз

Апельсин қосу
Апельсин қосылған қаз еті. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Қаз етінің ортасын ашып, ішіне туралған алма мен апельсинді салыңыз. Содан соң сыртын ине-жіппен тігіп қойыңыз.

6. Қақтаманы пісіріңіз

Табадағы қаз еті
Табаға салынған қаз еті. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Табаның бетіне көлемді етіп қорғасын (фольга) төсеңіз. Себебі қаздың етін фольгамен орап тастау керек. Табаға маринадталған қаздың етін салыңыз. Оның жан-жағына артылып қалған алма мен апельсинді қойып шығыңыз. Фольгамен бетін тығыздап жабыңыз.

Беті жабылған қаздың етін 2 сағаттай пісіріңіз. 2 сағаттан соң оралған фольганы ашып, қайтадан 1 сағат пісіріп шығыңыз. Қаздың етін пісіретін кезде аяғын фольгамен орауды ұмытпаңыз, себебі ет күйіп кетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2053390-qaz-etinen-pisirilgen-qaqtama-diana-esenbekovadan-merekelik-tagam-recepti/

pixel