Естен тандырады: ерлер әйелдерге арналған қандай иіс суларды ұнатады
Жарияланған күні:
Иіс су ерлер үшін де, әйелдер үшін де маңызды гардеробтың маңызды атрибутикасы саналады. Әсіресе әйелдерге арналған хош иісті әтірлер ерлерді естен тандырып, нәзік жандыларды тартымды ете түседі. Мамандар әтірлер адамға жақсы естеліктер ғана емес, түрлі эмоция сыйлайтынын айтады. LoudFact және Chic Рursuit журналдары ерлер қауымының көңілінен шыққан әйелдер иіс сулар тізімін ұсынады.
Әйелдерге арналған үздік иіс сулар қандай?
Парфюмерия жайлы Perfume мамандандырылған ресурсы мен LoudFact және Chic Рursuit әйелдер журналдары ең сүйікті хош иістерінің қатарына Black Opium, Hypnotic Poison, Coco Mademoiselle, Vanilla 28, J’adore, Bloom, Black Orchid, Baccarat Rouge 540, Crystal Noir және Delina-ны жатқызды.
Black Opium (Yves Saint Laurent)
Ерлердің пікірінше ең хош иісті парфюмерия түрі қандай? Your Tango ресурсы ерлерді естен тандыратын хош иістер тізіміне ваниль, шоколад және бергамотты енгізді. Айта кетерлігі, бұл ноталар Black Opium, Hypnotic Poison, Coco Mademoiselle, Vanilla 28-дің құрамында бар екен.
Black Opium парфюмериясы Perfume ресурсының нұсқасы бойынша ерлердің ең сүйікті 5 хош иісінің қатарына кіретін көрінеді. Иіс су әйелдердің ең тартымды қасиеттерін көрсетеді: өз-өзіне деген сенімділік, әйелге тән жұмбақ мінез, батылдық және сексуалдық.
Парфюмерия тарихы 1977 жылдан бастау алады, ал иіс судың заманауи нұсқасы 2009 жылы пайда болған. Шығыс ноталары бар танымал парфюмерия брендтің ерекше қолтаңбасына айналды. Әтірдің негізінде жасмин, миндаль және кофе бар. Жоғарғы ноталар - қызғылт бұрыш, алмұрт және апельсин гүлі. Әтірді балқарағай және ваниль толықтыра түседі, олар букетке сезімталдық береді және оның беріктігін қамтамасыз етеді.
Hypnotic Poison (Dior)
1998 жылы нарыққа шыққан атышулы иіс су пішіні алмаға ұқсайтын бөтелкемен жарыққа шықты. Иіс суды айналысқа енгізу үшін парфюмер-шебер Анник Менардо жұмыс істеді. Мамандар хош иісті иіс су кез келген ер адамның көңілінен шығатынын айтады.
Композицияда парфюмерияның негізгі ноталарында сезімтал және ащы иісті ванильге басымдық беріледі. Сонымен бірге әтір кокос, қара өрік және сары өрік хош иістерімен, сондай-ақ жасмин, раушан ағашы, раушан гүлі, лалагүл, тубероз және қара зеренің нәзік хош иісімен толықтырылған.
Coco Mademoiselle (Chanel)
Иіс су 2001 жылы Chanel француз сән үйімен шығарылды. Атауындағы Mademoiselle сөзі оның жас, еркін, тәуелсіз қыздарға арналған парфюмерия екенін айғақтайды. Парфюмер Жак Польжды хош иісті шығаруға жас Коконың (лақап аты Габриэль Шанель) бейнесі шабыттандырды деген болжам бар.
Хош иісте мандарин, апельсин және бергамот бар. Сонымен бірге оның құрамында жасмин, раушан, мимоза және иланг-иланг та табылады. Ал, әтірдің негізгі хош иісінде ваниль, тонк бұршақтары, ветивер және ақ мускус бар.
Kayali Vanilla 28 (Kayali Fragrances)
Vanilla 28 хош иісі 2018 жылы шығарылды және оны жасаушы парфюмер Габриэла Челариу болды. Chic Рursuit журналы парфюмерия сұранысқа ие екенін және ерлер қауымы тарапынан жоғары бағаланатынын айтады.
Иіс су байлық, өмірлік күш-қуат пен сенімділікті білдіреді. Қоңыр қант пен тонк бұршақтары парфюмерияның негізгі құрамы болып саналады. Ванильді хош иісі жоғарғы ноталарда (жасмин және ванильді орхидея) сезіледі. Хош иісті әтірді амбра, мускус және пачулидің хош иісі толықтыра түседі.
J’adore (Dior)
Christian Dior бренді 1999 жылы J'adore хош иісін шығарды және ол заманауи парфюмерияның классикасына айналды. Онда сәнді, еркіндікті сүйетін Диор ханымның бейнесі бейнелеген. Әтірдің нәзік хош иісі ерлер қауымы тарапынан жоғары бағаға ие болған.
Иіс судың жоғарғы ноталарында алмұрт, қауын, магнолия, шабдалы, мандарин және бергамоттың хош иісі бар. Ортаңғы ноталар жасмин, лалагүл, тубероза, фрезия, раушан, орхидея және шегіргүлдің хош иісімен толықтырылған. Негізгі ноталарға мускус, ваниль, қаражидек және балқарағай жатқызылған.
Bloom (Gucci)
Bloom хош иісі - Gucci сән брендінің өте танымал өнімі. Бестселлер формуласы негізінде бірнеше қапталдар (жаңартылған хош иістер) шығарылды. Loud Fact журналы Gucci креативті директоры Алессандро Мишельдің мақсаты әйелдердің шынайылығын, өмірге деген құштарлығын және әртүрлілігін атап өтетін хош иіс жасау болғанын хабарлайды.
Хош иіс өте берік – ол парфюмерияныөзгелерден ерекшелейтін тағы бір қасиеті болып табылады. Бұл сезімтал, әйелге тән еркіндікті білдіретін хош иіс композициясының иісі бір тәулік бойы кетпейді. Иіс судың негізін тубероза мен сирек кездесетін үнді квисквалисімен үйлесім тапқан жасмин құрайды.
Black Orchid (Tom Ford)
Black Orchid хош иісін 2006 жылы парфюмерлер Дэвид Апель мен Пьер Негрен ойлап тапқан. Хош иіс цитрус пен орхидеяның ноталарымен ерекшеленеді, ортаңғы ноталарда оған хош иістің ащы тәтті шоколадтың иісін беретін трюфель нотасы қосылады.
Fourth Sense иіс сулар жайлы сайты Том Фордтың Black Orchid бастапқыда әйелдерге арналған хош иіс ретінде жасалғанын хабарлайды. Алайда, парфюмерияның иісі оларды унисекс хош иістеріне жатқызуға мүмкіндік береді. Ол ер адамдарға да, әйелдерге де өте келеді, себебі әтір олардың терісінде түрлі хош иіс болып себіледі.
Baccarat Rouge 540 (Maison Francis Kurkdjian)
Иіс су Maison Francis Kurkdjian-пен Baccarat хрусталь үйінің 250 жылдығына орай әзірленген. Оған Rouge 540 атауы кездейсоқ берілмеген. Baccarat-ты "rouge à l 'or" деп те атайды — ол кристалды 24 караттық алтын ұнтағымен араластырып, 540°C температурада қыздырғанда пайда болатын отты қызыл жарқыл деген мағынаны білдіреді.
Иіс судың негізін ағаш, амбра және жылы хош иіс құрайды. Жоғарғы ноталарда шафран мен жасмин, негізін балқарағай мен шырша шайыры құрайды. Chic Pursuit басылымы бұл гүлді иіс суды ерлер де, әйелдер де пайдалана алатынын айтады. Сонымен қатар, терінің әртүрлілігіне қарай, парфюмерия қолданғаннан кейін орта есеппен 10-12 сағатқа дейін адам терісінде хош иісін сақтай алады екен.
Crystal Noir (Versace)
Crystal Noir иіс суы Versace брендінің парфюмері Антуан Ли 2005 жылы ойлап тапқан. Иіс судыңқұрамы гүлді және шығыс ноталарының үйлесімімен, тәтті иістің тепе-теңдігін көрсетеді. Иіс судыңжоғары ноталарына хош иісті зімбір, кардамон және бұрыш кіреді. Негізгі ноталарға кокос, гардения, апельсин гүлі және пион жатады.
Сонымен бірге, негізгі ноталарды — амбра, сандал ағашы және мускус құрайды. Гардения гүлдері иіс суға нәзік тропикалық нотасы бар тәтті, майлы хош иіс сыйлап,жоғары талғампаздықтың символына айналады. Бұл иіс суын қолданатын әйел жарқырап, ер адамдардың жүрегін жаулап алатыны анық.
Delina (Parfums de Marly)
Парфюмер Квентин Биш қолға алған Parfums de Marly гүлінің хош иісі әлемді 2017 жылы бағындырды. Иіс судың өз ерекшеліктері бар және ол бір уақытта тәтті әрі нәзік бола алады. Парфюмерия өз иесінефранцуз әйелінің сүйкімділігі мен жұмбақтығын бере алады.
Композицияның бастапқы аккорды личи мен рауағаштың хош иісін, жүрек ноталары ретінде раушан мен ванильді, ал негізгі нота ретінде ақ мускус пен кашмераннан хош иісін сыйлайды. Сезімтал иіс су әйел адамның бойындағы талғампаздық пен сұлулықты паш ете алады.
Коко Шанель: "Иіс су - бұл көзге өрінбейтін, бірақ ұмытылмас, теңдесі жоқ сезім сыйлайтын сәнді аксессуар. Ол әйелдің келгенінен бастап кеткеніне дейін онымен бірге болады және ол жайлы адамға әсер қалдырады" деп айтқан. Аталған топтамада айтылған өз иіс суыңызды таңдап, сүйіктіңізді қуантуды ұмытпаңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2060242-esten-tandyrady-erler-aielderge-arnalgan-qandai-iis-sulardy-unatady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.