Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кимчи дайындау әдісі: фуд-блогер Кларадан пайдалы рецепт

Опубликовано:

Кимчи дайындау
Корейдің кимчи салаты. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кимчи - корей халқының дәстүрлі тағамы. Ашытылған қырыққабаттың құрамында адам ағзасына қажет дәрумендер мен талшықтар сақталады. Кимчиді ауызекі тілде "чимчи" деп те атайды. Қыстың суық күндерінде тәбетті ашатын әрі калориясы төмен пайдалы рецепт бір кәдеңізге жарасын.

Кимчи салатының пайда болған нақты уақыты белгісіз. Кейінгі корей деректеріне сүйенсек, кимчи туралы ең көне жазбалар біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдыққа табылған. Оңтүстік Корея зерттеушілері кимчи туралы алғашқы жазбаша дереккөзді ертедегі қытайлық "Ши Цзин" поэзиялық жинағынан тапқан еді.

Сипаттамасы

Асханасы: корей

Санаты: бас тағам

Дайындау уақыты: 2 күн

Калориясы: 59 ккал

Ингредиенттер

  • Пекин орамжапырағы - 1 дана
  • Су - 3-4 л (орамжапырақ батып тұратындай мөлшерде)
  • Тұз - дәміне қарай
  • Ащы бұрыштан жасалған арнайы дәмдеуіш - дәміне қарай.

Дайындалуы

1. Пекин орамжапырағын тұздаңыз

Тұздалған қырыққабат
Тұздалған пекин орамжапырағы. Көрнекі сурет: Клара Мамбетова

Алдымен пекин орамжапырағын жақсылап жуып алыңыз. Тазартылған орамжапырақты тұздап шығыңыз. Пекин орамжапырағының үстіңгі бөлігін кесіп алып тастаңыз. Содан соң ортасынан бөліп, шұңғыл ыдысқа салыңыз. Кесілген орамжапырақтың әрбір жапырағының арасына жақсылап тұз сеуіп, үстіне салқын су құйыңыз. Ыдыстың бетін қатты затпен басып жауып, 2 күн сол қалыпта қоя тұрыңыз.

2. Дәмдеуіш жағыңыз

Дәмдеуіш жағу
Дәмдеуіш жағылған пекин орамжапырағы. Көрнекі сурет: Клара Мамбетова

Екі күннен соң тұздалған пекин орамжапырағы жұмсарып шығады. Оны салқын сумен жақсылап шайып алыңыз. Жапырақтардың арасына қызыл бұрыштан дайындалған ащы дәмдеуіш жағып шығыңыз. Мұндай арнайы дәмдеуіштер дүкендерде дайын күйде сатылады.

3. Арнайы ыдысқа салыңыз

Ыдыстағы кимчи
Ыдысқа салынған кимчи. Көрнекі сурет: Клара Мамбетова

Дәмдеуіш жағылған пекин орамжапырағын орап, беті жабылатын контейнер ыдысқа салыңыз. Содан кейін тоңазытқышқа қою керек. Дайын кимчиді кез келген тағаммен қосып жеуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2062592-kimci-daiyndau-adisi-fud-bloger-klaradan-paidaly-recept/

pixel