Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пияздың қабығына қуырылған құйрық май: Нұрзинадан жеңіл рецепт

Опубликовано:

Дайын болған құйрық майдың үш түрі. Скриншот
Дайын болған құйрық майдың үш түрі. Скриншот: YouTube/Нұрзина Серікбаева

Қойдың құйрық майы – түркі тілдес елдерде ағзаға пайдалы әрі тойымды тағам саналған. Оны тұздалған, шыжғырылған, пісірілген күйде пайдаланған. Қазақ халқы күні бүгінге дейін құйрық майды дастарханға қойғанды ұнатады. Назарларыңызға фудблогер Нұрзина Серікбаевадан құйрық май пісірудің ерекше рецептісін ұсынамыз.

Құйрық май пісірудің 3 түрлі әдісін Нұрзина Серікбаеваның YouTube арнасынан біле аласыздар. Танымал фудблогер өзінің арнасында көптеген ерекше рецептімен бөлісіп, оқырмандарын қуантып жүр. Бұл жол сіздерге құйрық майды дұрыс пісірудің әдестерін ұсынамыз.

Сипаттамасы:

Асханасы: Орта Азия

Санаты: тіскебасар

Дайындау уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 25-30 минут

Құрамы

Құйрық май – 1 кг

Тұз – дәміне қарай

Лавр жапырағы – дәміне қарай

Қара түйіршіктелген бұрыш – 2 шай қасық

Кориандр – 1 шай қасық

Сарымсақ – 5-6 тісше

Паприка, қара бұрыш – дәміне қарай

Дайындалуы

1. Құйрық майды тұздап аламыз

Құйрық майды тұздау. Скриншот
Құйрық майды тұздау. Скриншот: YouTube/Нұрзина Серікбаева

1 кг жуық құйрық майды алып, тұздап аламыз. Құйрық майды тұздамастан бұрын, оны тілімдеп кесіп, тұздауға дайындаймыз. Сосын тұзды жақсылап сеуіп, құйрық майды тұздаймыз. Майды тоңазытқышқа 1 тәулікке, тұзы сіңгенше қойып қоямыз.

2. Құйрық майды бірнеше бөлікке бөлеміз

Тоңазытқыштан тұзы сіңген құйрық майды алып, бірнеше бөлікке бөлеміз. Егер отбасыңыз шағын болса, құйрық майдың жартысын тұздауға болады.

3. Пияздың қабығын дайындаймыз

Пияздың қабығын дайындау. Скриншот
Пияздың қабығын дайындау. Скриншот: YouTube/Нұрзина Серікбаева

1 кг-дай пияздың қабығын алып, оны пияздан тазартып, жуып аламыз. Ол құйрық майға қызыл реңк беріп тұрады. Осылайша ыдысқа пияздың қабығын салып, үстінен тұз, түйіршік қара бұрыш, лавр жапырағын саламыз. Үстінен құйрық майдың жартысын саламыз.

4. Келесі ыдысқа тұз, қара бұрыш, лавр жапырағын саламыз

Тағы бір ыдыс дайындап, оған тұз, түйіршіктелген қара бұрыш және лавр жапырағын саламыз. Кейін құйрық майдың қалған бөлігін саламыз.

5. Құйрық майды қайнатамыз

Құйрық майды қайнату. Скриншот
Құйрық майды қайнату. Скриншот: YouTube/Нұрзина Серікбаева

Екі ыдыстағы құйрық майға салқын суды құйып, газға қоямыз. Одан бөлек құйрық майды шикі күйінде тұздап немесе ыстау аппаратында дайындауға болады. Сөйтіп орташа отта, құйрық майды 25-30 минут қайнатамыз. Кейін қайнап болған соң, екі ыдыстағы майды сүзіп алып, суытамыз.

6. Дайын майға дәмдеуіштерді қосамыз

Майға дәмдеуіштерді жағу. Скриншот
Майға дәмдеуіштерді жағу. Скриншот: YouTube/Нұрзина Серікбаева

Суыған майға тұз, қара бұрыш, кориандр және сарымсақты үккіштен өткізіп, жақсылап сіңетіндей етіп жағамыз.

7. Құйрық майдың бірін паприкаға аунатамыз

Құйрық майды паприкада аунату. Скриншот
Құйрық майды паприкада аунату. Скриншот: YouTube/Нұрзина Серікбаева

Құйрық майдың бірін паприкаға жақсылап аунатып, сіңетіндей етіп жағамыз. Құйрық майға ысталған паприканы да қолдануға болады. Бұл ретте аталған дәмдеуіштерді базардан сатып алуға кеңес беріледі. Себебі, мұндай паприканың дәмі ерекше болады.

8. Құйрық майдың үш түрін тоңазытқышта суытамыз

Дайын болған құйрық майды жеке-жеке контейнерлерге салып, тоңазытқышта суытып қоямыз. Кейін майды жұқа тілімдерге бөліп, қалауыңызша таңғы немесе түскі аста дастарханға қойып, пайдалансаңыз болады. Құйрық майды, сондай-ақ, тіскебасар ретінде қазы-қартамен бірге дастарханға қойсаңыздар болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2064065-piyazdyn-qabygyna-quyrylgan-quiryq-mai-nurzinadan-zenil-recept/

pixel