8 наурызда уақытты қалай қызықты өткізуге болады: ересектерге арналған жарыстар мен ойындар топтамасы
Жарияланған күні:
8 наурыз мейрамы - адамзаттың ең нәзік жаратылысы әйелдер қауымына алғыс білдіретін күн. Бұл күні қыз-келіншектер отбасы мүшелерінен, ұжымдағы әріптестерінен құттықтау сөзін естіп, сыйлықтар алады. Ал қызықты ойындар мен жарыстар арқылы мерекені көңілді өткізуге болады.
Ән сайысы
Әйелдер ұжымына мерекелік құрмет көрсете отырып, 8 наурыз мейрамы әйелдер қауымының өз құқығы үшін күресуінен пайда болғанын еске сала кеткен жөн. Қазіргі әйелдердің күресі кеңседегі немесе асүйдегі теңдікке қатысты әзілдеп те айтылады. 8 наурыздағы бейресми корпоративтік жиындар әйелдер мен ерлер арасындағы көңілді қалжыңмен өтеді.
Мерекеде ұйымдастырған қарапайым ән байқауы ұжымды сергітеді. Ол үшін жиналған әйелдер бір топ, ерлер бір топ болып бөліну керек. Әр топ кезек-кезек әйелдің аты аталған өлең шумағын айтады (ойын шарты әр түрлі болуы мүмкін). Әнмен жауап бере алмаған команда жеңіледі, ал соңғы боп ән салғандар жеңіске жетеді.
Сөмкедегі заттар
Әйелдер күні дәстүрлі түрде сыйлық берумен басталады. Қыз-келіншектерге немесе әріптестерге жақсы көңіл-күй сыйлау үшін психологтың ұсыныстарына құлақ асыңыз. Арулардың сөмкелері көптеген сыйлық пен кәдесыйға толады, онда күтпеген заттар болуы мүмкін.
Бұл ойынды компанияның әйелдер бөлігі қатысатын сайыс арқылы ұйымдастыруға болады. Кеш жүргізушісі әліпбидің кез келген әрпін атайды, сөмке иелері сол әріптен басталатын заттарды алып шығады. Сөмкесінде көп адам күтпеген зат шыққан немесе басқа заттарды көп тапқан ойыншы жеңімпаз атанады.
Детектив ойыны
Ұзақ дайындықты және ерекше ортаны қажет етпейтін қарапайым шарттары бар жарыстар немесе ойындар компанияға немесе корпоративтік іс-шараға өте қолайлы. Мысалы детектив ойыны қызықты өтеді. Бұл ойын арқылы қыздар жағы қырағылығын таныта алады.
Ойынды ер адам бастайды, ол барлық адамның алдында бір минут жүріп шығады, ал қыздар оған мұқият қарайды. Бөлмеге қайта кірген ер адамның сырт келбеті өзгереді. Ал қыздар қандай өзгеріс жасағанын табуы керек. Барлығын тез тапқан қатысушы жеңеді.
Би жарысы
Мерекелік кештер бисіз өтпейді, биді одан сайын қызықты етуге болады. Ол үшін әрбір жұп аяқ киімін ауыстырады, содан кейін жылдам би басталады.
Қыздар өз өлшемінен бес есе үлкен ерлердің аяқ киімін түсіріп алмауға тырысады, ал жігіттерге әйелдердің биік өкшелі аяқ киімін киіп билеу тіпті қиын. Бұл жарыста ең епті жұп жеңеді, бірақ мұндай сайыс күлкілі әрі көңілді болғандықтан жеңімпаз болу маңызды емес.
"Күйгелек әйелдер"
Мерекелік кеште әйелдердің әлсіз тұсын қалжыңға қосу айып емес. Мұндай жарыс үшін сізге тек бір рет қолданылатын табақ жинақтары (әрбір қатысушыға 5 дана) және бос орын қажет.
Қатысушылар табақтардыі кезек-кезек лақтырады, осы кезде табақ лақтырған лақтырған адам ұрсып тұрғандай айқайлайды. Бұл ойында табақты алысқа лақтырған адам ғана емес, оның өзгелерді күлдіре білген темпераменті ескеріледі.
"Әдемі ерін"
Әйелдер макияжды кез келген жағдайда және айнасыз жасай алады. Олар бұл қабілетін мерекелік кеште достарының ортасында көрсете алады. Бірақ жарыстың шарттары күрделене түседі: ерніңізді айнасыз ғана емес, қолдың көмегінсіз бояу керек.
Әрбір қатысушының қасындағы жұбы ерін далабын қозғалмастан қолында ұстауы керек. Қыздар қолдарын артына қойып, ер адамдардың қолындағы далапты жағуға тырысады. Мұны кім дұрыс орындаса, сол жеңіске жетеді, ал сайыс өте қызықты өтеді.
Қыздардың әртістік қабілеті
Арулар мерекесінде әріптестер арасында кімнің әртістік қабілеті барын анықтауға мүмкіндік бар. Бұл жарыс аз-мәз дайындықты қажет етеді. Алдымен сүйкімді мысықтың суреті көрсетіледі және барлық қатысушы оған алған әсерлерін кішкентай қағазға бір сөзбен жазады (тәтті, сұлу, сүйкімді).
Жазылған барлық сөз бір ыдысқа салынады. Содан кейін сайысқа қатысушылар осы қағаздарды кезекпен алады, олардың міндеті жазылған сөздерді өз сөзімен оқу. Мысалы: "О, мен қандаймын..." Ең әдемі әрі ойнақы оқып берген қатысушы жеңеді.
Әдетте қыздардың кумирі болады. Олар танымал әртістердің, орындаушылардың немесе спортшылардың жанкүйерлеріне айналады. Көңілді мерекелік кеште сіздегі фанатизмді анық көрсете аласыз.
Байқауға арнап ұжымдағы қыздардың танымал кумирі бейнеленген постер сатып алу қажет. Қатысушылар ерін далабын жаңартады, көздерін байлап, бірінен соң бірін портретке апарады. Олар бейнені сүюі керек. Ерінге жақын сүйген адам жеңімпаз болады.
СМС сайысы
Бұл байқау жігіттерге корпоративтік іс-шарада өнер көрсетуге мүмкіндік береді. Байқау үшін жүргізушілер ер азаматтардың жұбайларына шартты түрде жіберетін SMS мәтіндерін дайындауы керек. Бұл жарысқа жұп болып қатысады.
Жігіт СМС мәтінін өзіне оқып, мазмұнын ым-ишарамен, қимылмен, мимикамен жеткізеді. Мұндай көркем миниатюра арқылы оның ойындағы жұбы не туралы айтып жатқанын түсіну керек. Ойынға мынадай мәтіндер дайындап қоюға болады:
- "Шабаданым ұрланды. Анам дүниеге әкелген кездегідей киімде тұрмын. Маған киім салып жібер".
- "Билет жоқ, ауа райы нашар. Мен әуежайда отырмын, мас емеспін, сағындым".
- "Мен төлқұжатымды ұмытып кетіппін, ол сенің әмияныңда қалды. Пойыз жолсерігінен беріп жіберші".
Бұдан да басқа көптеген күлкілі жағдайды ойлап табуға болады. Жағдайдың мәнін дәл жеткізген әрі аша білген жұп жеңімпаз атанады.
Кутюрье байқауы
Бұл жігіттерді әйелдер киімінің күрделі бөліктерін қаншалықты білетінін анықтайтын қызықты жарыс. Қатысушыға киім бөлшегін атау немесе оның пікірінше бұл қай жерде орналасқанын көрсету ұсынылады.
Әйелдерге жақсы таныс болғанымен, ер адамдар үшін жұмбақ саналатын ойық, оймакілтек, жең бүкпесі, желбіреуіш, белдік, қиық, аспа бау және басқа да атаулар айтылады. Әйелдер сәні туралы көп білетін қатысушысы жеңіске жетеді, бірақ жарыс барлығы үшін көңілді өтеді.
Халықаралық әйелдер күніне арналған жеке IWD сайты бар. Бұл қандай да бір мейрам үшін сирек кездесетін жағдай. Бұл күн гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізу ұмтылысымен еске қалды, мұны кез келген ортада әзілге толы жарыстар ұйымдастырған кезде де естен шығармаған жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2064304-8-nauryzda-uaqytty-qalai-qyzyqty-otkizuge-bolady-eresekterge-arnalgan-zarystar-men-oiyndar-toptamasy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.