Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауырдан жасалған: Кларадан ең дәмді әрі құнарлы салаттың рецепті

Опубликовано:

Бауырдан жасалатын оңай әрі дәмді салат. Скриншот
Бауырдан жасалатын оңай әрі дәмді салат. Скриншот: Instagram/klarita_mambetova

Бауыр - адам ағзасына пайдалы дәрумендерге бай әрі құнарлы. Оның құрамында темір мөлшері көп саналады. Назарларыңызға бауырдан жасалатын ең дәмді әрі оңай салаттың рецептін ұсынамыз.

Бауырдан жасалатын оңай әрі құнарлы салаттың рецептін фудблогер Клара Мамбетова Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Сипаттамасы

Асхана: Орта Азия

Санаты: тіскебасар

Дайындау уақыты: 10 минут

Дайын болу уақыты: 5 минут

Құрамы

Бауыр - 400гр

Жуа - 1 дана

Сәбіз - 1 дана

Жұмыртқа - 1 дана

Тұздалған қияр - 1 дана

Ірімшік - 100 гр

Майонез - дәміне қарай

Дайындалуы

1. Бауырды суда пісіріп аламыз

Дайын бауырды пісіріп, үккіштен өткізу. Сериншот
Дайын бауырды пісіріп, үккіштен өткізу. Сериншот: Instagram/klarita_mambetova

Алдымен бауырды суға салып, 20-25 минут пісіріп аламыз. Бауырды мейлінше тұтастай салғаннан гөрі, кішігірім бөліктерге бөліп салған жөн. Сондай-ақ оны көп қайнатпаған абзал, себебі көп қайнатылған бауыр қатты болып пісетін болады. Бауыр пісетін сәтте, дәміне қарай тұзын салып, сүзіп аламыз. Сосын ірі үккіштен өткізіп, жалпақ ыдысқа саламыз.

2. Сәбіз, жуа, жұмыртқа, тұздалған қиярды дайындаймыз

Бауырдың үстіне қалған құрамды саламыз. Скриншот
Бауырдың үстіне қалған құрамды саламыз. Скриншот: Instagram/klarita_mambetova

Сәбіз пен жуаны алдын ала тазалап, қуырып аламыз. Дайын салманы бауырдың үстінен саламыз. Оның үстіне шаршы етіп туралған тұздалған қиярды, сосын жұмыртқаны саламыз.

3. Салатқа майонезді қосамыз

Салаттың негізгі құрамына майонезді қосамыз. Скриншот
Салаттың негізгі құрамына майонезді қосамыз. Скриншот: Instagram/klarita_mambetova

Салаттың негізгі құрамына майонезді қосамыз. Оның үстіне қайтадан бауыр, сәбіз бен жұмыртқа, тұздалған қияр және жұмыртқаны саламыз.

4. Cалаттың үстіне ірімшік себеміз

Cалаттың бетіне ірімшік себеміз. Скриншот
Cалаттың бетіне ірімшік себеміз. Скриншот: Instagram/klarita_mambetova

Соңында салаттың бетіне ірімшік себеміз. Осылайша тез әрі оңай әзірленетін, құрамында бауыры бар салат дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2065073-bauyrdan-zasalgan-klaradan-en-damdi-ari-qunarly-salattyn-recepti/

pixel