Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңғақ пішінді печенье: Ақнұр Тілекқызынан рецепт

Опубликовано:

Дайын болған печеньелер. Скриншот
Дайын болған печеньелер. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Бала күнімізде әйгілі жаңғақ пішінді печеньелер көптің сүйікті тәттісі болғаны анық. Бүгінгі материалда назарларыңызға атақты печеньенің тез әрі оңай жасалатын рецептін ұсынамыз.

Кеңес Одағы кезінде бүлдіршіндердің сүйікті тәттісі - жаңғақ тәрізді печеньелер "хит" пірәндікке айналған еді. Танымал фудблогер Ақнұр Тілекқызы назарларыңызға әйгілі печеньенің тез әрі оңай пісетін рецептін ұсынады. Фудблогердің YouTube арнасынан көптеген тәтті-дәмдінің рецептімен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 10 минут

Дайын болу уақыты: 20 минут

Құрамы

Жұмыртқа - 1 дана

Сары май - 125 гр

Қант ұнтағы - 1 стақан

Ванилин - 0,5 шай қасық

Қопсытқыш - 1 шай қасық

Какао ұнтағы - 1 шай қасық

Ұн - 1,5/2 стақан

Дайындалуы

1. Қамыр илейміз

Жұмсақ қамыр илейміз. Скриншот
Жұмсақ қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Сары майға бір жұмыртқа, қант ұнтағын қосып, жақсылап араластырамыз. Оның үстінен ванилин, қопсытқыш, бір шай қасық какао, ұн қосып, араластырып, жұмсақ қамыр илейміз.

2. Қамырдан жаңғақ тәрізді печенье жасаймыз

Қамырдан жаңғақ тәрізді печенье жасаймыз. Скриншот
Қамырдан жаңғақ тәрізді печенье жасаймыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Қамырды кішкене бөліктерге бөліп, оған домалақ пішін береміз. Сосын әр домалақты екіге бөліп, пышақпен жаңғақ тәрізді өрнектер салып шығамыз.

3. Печеньені пісіреміз

Печеньені пеште пірісіреміз. Скриншот
Печеньені пеште пірісіреміз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Пешті алдын ала 180 градуста қыздырып аламыз. Сосын дайын печеньелерді 15 минутқа қойып, қызарғанша пісіріп аламыз.

4. Печеньенің ортасына қоюлатылған сүт жағамыз

Печеньенің ортасына қоюлатылған сүт жағамыз. Скриншот
Печеньенің ортасына қоюлатылған сүт жағамыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Піскен печеньенің ортасына қалауыңызша қоюлатылған сүт немесе шоколад жақсаңыз болады. Осылайша, дәмі тіл үйіретін печеньелер дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2066922-zangaq-pisindi-pecene-aqnur-tilekqyzynan-recept/

pixel