Қоюландырылған сүт қосылған дәмді пончиктер: Арианадан ерекше рецепт
Жарияланған күні:
Дәмді пончиктер жасаудың түрлі рецепті бар. Алайда көпшілік қоюландырылған сүттен де пончиктер пісіруге болатынын біле бермейді. Назарларыңызға қоюландырылған, тәтті сүттен жасалатын пончиктердің ең дәмді әрі тез жасалатын рецептін ұсынамыз.
Әлем бойынша пончиктердің түрлі рецепті бар. Фудблогер Нариман Ариана өзінің YouTube арнасында қоюландырылған сүттен жасалатын, оңай әрі жылдам дайындалатын пончиктердің рецептісін ұсынады. Блогердің YouTube арнасынан басқа да дәмді тағамдардың рецептісімен таныс бола аласыздар.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа
Санаты: десерт
Дайындалу уақыты: 15 минут
Дайын болу уақыты: 20 минут
Құрамы
Ұн - 300-350 гр
Қоюлатылған сүт - 190 гр
Жұмыртқа - 2 дана
Қопсытқыш - 1 ас қасық
Тұз - дәміне қарай
Ұн - 300-350 гр
Дайындалуы
1. Қоюландырылған сүтке жұмыртқаны қосамыз
Қоюландырылған сүтке екі жұмыртқа, шымшым тұзды қосып, жақсылап араластырамыз. Ыдыстағы масса қаймақ сияқты қою болуы тиіс.
2. Ұнды қосамыз
Дайын болған қоспаға бір шай қасық қопсытқышты қосамыз. Сосын електен өткен ұнды салып, жақсылап араластырып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамырдың бетіне целлофан жауып, 15 минутқа тындырып қоямыз.
3. Қамырды бірнеше жолаққа бөліп, домалақ пішінде кесеміз
Тынған қамырды орташа қалыңдықта жайып, бірнеше жолаққа бөлеміз. Әр бөлікті ұзынша етіп илеп, орташа көлемде, шаршы пішінде тураймыз. Кейін әр шаршыны домалақ пішінге келтіреміз.
4. Пончиктерді пісіреміз
Отқа алдын ала майды қойып, қыздырып аламыз. Қызған соң, отты басып, баяу оттағы майға пончиктерді асықпай, бір-бірден саламыз. Пончиктердің екі жағы қызарғанша, жақсылап қуырып, пісіріп аламыз.
5. Дайын пончиктерді дастарханға ұсынамыз
Дайын пончиктерді ыдысқа салып, майын сарқып аламыз. Осылайша, оңай әрі тез пісетін болатын пончиктер дайын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2067582-qoyulandyrylgan-sutten-damdi-poncikter-arianadan-erekse-recept/