Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоюландырылған сүт қосылған дәмді пончиктер: Арианадан ерекше рецепт

Опубликовано:

Дайын болған дәмді пончиктер. Скриншот
Дайын болған дәмді пончиктер. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Дәмді пончиктер жасаудың түрлі рецепті бар. Алайда көпшілік қоюландырылған сүттен де пончиктер пісіруге болатынын біле бермейді. Назарларыңызға қоюландырылған, тәтті сүттен жасалатын пончиктердің ең дәмді әрі тез жасалатын рецептін ұсынамыз.

Әлем бойынша пончиктердің түрлі рецепті бар. Фудблогер Нариман Ариана өзінің YouTube арнасында қоюландырылған сүттен жасалатын, оңай әрі жылдам дайындалатын пончиктердің рецептісін ұсынады. Блогердің YouTube арнасынан басқа да дәмді тағамдардың рецептісімен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 20 минут

Құрамы

Ұн - 300-350 гр

Қоюлатылған сүт - 190 гр

Жұмыртқа - 2 дана

Қопсытқыш - 1 ас қасық

Тұз - дәміне қарай

Ұн - 300-350 гр

Дайындалуы

1. Қоюландырылған сүтке жұмыртқаны қосамыз

Қоюлатылған сүтке жұмыртқаны қосамыз. Скриншот
Қоюлатылған сүтке жұмыртқаны қосамыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

Қоюландырылған сүтке екі жұмыртқа, шымшым тұзды қосып, жақсылап араластырамыз. Ыдыстағы масса қаймақ сияқты қою болуы тиіс.

2. Ұнды қосамыз

Қоспаға ұнды қосамыз. Скриншот
Қоспаға ұнды қосамыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

Дайын болған қоспаға бір шай қасық қопсытқышты қосамыз. Сосын електен өткен ұнды салып, жақсылап араластырып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамырдың бетіне целлофан жауып, 15 минутқа тындырып қоямыз.

3. Қамырды бірнеше жолаққа бөліп, домалақ пішінде кесеміз

Қамырды бірнеше бөлікке бөліп, домалақ пішінде тураймыз. Скриншот
Қамырды бірнеше бөлікке бөліп, домалақ пішінде тураймыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

Тынған қамырды орташа қалыңдықта жайып, бірнеше жолаққа бөлеміз. Әр бөлікті ұзынша етіп илеп, орташа көлемде, шаршы пішінде тураймыз. Кейін әр шаршыны домалақ пішінге келтіреміз.

4. Пончиктерді пісіреміз

Отқа майды қойып. қыздырамыз. Скриншот
Отқа майды қойып. қыздырамыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

Отқа алдын ала майды қойып, қыздырып аламыз. Қызған соң, отты басып, баяу оттағы майға пончиктерді асықпай, бір-бірден саламыз. Пончиктердің екі жағы қызарғанша, жақсылап қуырып, пісіріп аламыз.

5. Дайын пончиктерді дастарханға ұсынамыз

Дайын пончиктерді дастарханға ұсынамыз. Скриншот
Дайын пончиктерді дастарханға ұсынамыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

Дайын пончиктерді ыдысқа салып, майын сарқып аламыз. Осылайша, оңай әрі тез пісетін болатын пончиктер дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2067582-qoyulandyrylgan-sutten-damdi-poncikter-arianadan-erekse-recept/

pixel