Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кілегей қосылған тауық еті: Диана Есенбекова ауызашарға жеңіл тағамның рецептін ұсынды

Опубликовано:

Кілегейге піскен тауық еті. Скриншот
Кілегейге піскен тауық еті. Скриншот: YouTube/Super_kelin_Diana

Қасиетті Ораза айында қыз-келіншектер ауызашарға түрлі тағам дайындап жатады. Жеңіл әрі тез дайындалатын кілегейге піскен тауық етінің рецептісін назарға ұсынамыз.

Ауызашарға оңай әрі тез дайындалатын кілегейге піскен тауық етінің рецептісін ұсынамыз. Фудблогер Диана Есенбекова өзінің YouTube арнасында осы сияқты көптеген дәмді тағамдардың рецептісін ұсынады.

Сипаттамасы

Асхана: Азия

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 25 минут

Құрамы

Тауықтың төс еті - қалауыңызға қарай

Паприка, тұз, дәмдеуіш - дәміне қарай

Сарымсақ - 1 тісше

Пияз - 1 дана

Қызыл тәтті бұрыш - 1-2 дана

Ұн - 1 ас қасық

Томат пастасы - 1 ас қасық

20% кілегей - дәміне қарай

Күріш - 1 кесе

Сұйық май - 2 ас қасық

Дайындалуы

1. Тауықтың төс етін ірі етіп тураймыз

Тауықтың төс етін тураймыз. Скриншот
Тауықтың төс етін тураймыз. Скриншот: YouTube/Super_kelin_Diana

Тауықтың төс етін ірі етіп турап, түбі терең ыдысқа саламыз. Үстінен паприка, тұз, дәмдеуіштерді дәміне қарай себеміз. Сосын бір тісше пияз қосып, жақсылап араластырамыз.

2. Пиязды тураймыз

Пиязды тураймыз. Скриншот
Пиязды тураймыз. Скриншот: YouTube/Super_kelin_Diana

Пиязды қабығынан аршып, екіге бөліп, ірі шаршы түрінде турап аламыз.

3. Болгар бұрышын тураймыз

Болгар бұрышын ұсақтап тураймыз. Скриншот
Болгар бұрышын ұсақтап тураймыз. Скриншот: YouTube/Super_kelin_Diana

Болгар бұрышын жуып, жіңішке бөліктерге бөлеміз. Сосын әр бөлікті ұсақтап, шаршы түрінде турап аламыз.

4. Тауық етін қуырып аламыз

Тауық етін қуырып аламыз. Скриншот
Тауық етін қуырып аламыз. Скриншот: YouTube/Super_kelin_Diana

Қызып тұрған табаға сұйық май құямыз. Сосын үстінен тауық етін салып, қызарып, әбден жұмсарып піскенше қуырып, пірісіп аламыз.

5. Табада көкөністерді қуырамыз

Көкөністермен бірге етті қуырамыз. Скриншот
Көкөністермен бірге етті қуырамыз. Скриншот: YouTube/Super_kelin_Diana

Табадан етті алып, сол табаға алдымен пиязды саламыз. Сосын тәтті қызыл бұрышты салып, жақсылап қуырамыз. Үстінен бір ас қасық томат пастасын салып, тағы да қызарғанша қуырамыз. Соңында ет пен бір ас қасық ұн салып, жақсылап қуырамыз. Үстіне 20 пайыздық кілегейді құйып, бұқтырамыз.

6. Күрішті пісіреміз

Күрішті пісіреміз. Скриншот
Күрішті пісіреміз. Скриншот: YouTube/Super_kelin_Diana

Қызып тұрған табаға өсімдік майын құйып, үстінен күрішті саламыз. Күрішті жақсылап қуырып, суын құямыз. Осылайша күріш пісіп, дайын болып шығады.

7. Дайын тағамды дастарханға ұсынамыз

Дайын тағамды дастарханға ұсынамыз. Скриншот
Дайын тағамды дастарханға ұсынамыз. Скриншот: YouTube/Super_kelin_Diana

Күрішті салқын сумен шайылған кесенің ішіне салып, тәрелкенің ортасына саламыз. Маңайына кілегейге піскен етті салып шығамыз. Дәмді тағамның үстіне көк жуа немесе аскөкті сеуіп, тағамның дәмін келтіреміз. Осылайша, тез әрі оңай дайындалатын кешкі ас тағамы дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2070207-kilegei-qosylgan-tauyq-eti-diana-esenbekova-auyzasarga-zenil-tagamnyn-receptin-usyndy/

pixel