jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Хожелі мантысы: Ақнұр Тілекқызы ұсынған дәмді тағамның рецебі

    Түйілген манты. Көрнекі сурет
    Түйілген манты. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Хожелі мантысы - өзбек және өзге де түркі тілдес ұлттардың сүйікті тағамы. Оның жасалу жолы үйреншікті мантыдан өзгешелеу және ел арасында рецебі өте көп. Бүгін назарларыңызға аталған мантының тез әрі оңай жасалатын түрімен таныстырамыз.

    Ақнұр Тілекқызының YouTube арнасынан дәмі тіл үйіретін хожелі мантысының рецебімен таныс болыңыздар. Аталған арнадан фудблогердің өзге де рецептілерін көре аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Өзбек

    Санаты: басты тағам

    Дайындалу уақыты: 40 минут

    Дайын болу уақыты: 35-40 минут

    Құрамы

    Су - 200 мл

    Жұмыртқа - 1 дана

    Тұз - шым-шым

    Ұн - 500 гр

    Ет - мөлшеріне қарай

    Пияз - 2 дана

    Тұз, бұрыш - дәміне қарай

    Дайындалуы

    1. Қамыр илейміз

    Қамыр илеуге арналған тұз, су, жұмыртқа. Скриншот
    Қамыр илеуге арналған тұз, су, жұмыртқа. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Ыдысқа жылы суды құйып, үстінен тұз, жұмыртқаны салып, жақсылап араластырамыз. Артынша аз-аздап ұн қосып, жұмсақтау етіп қамыр илейміз. Қамырдың иі қану үшін, екі рет тындырып, арасында қайтадан илеп отырамыз.

    2. Қамырды жаямыз

    Қамырды жаямыз. Скриншот
    Қамырды жаямыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Иі қанған қамырды жаямыз. Ол үшін алдымен қамырды бірнеше бөлікке бөлеміз. Сосын әр бөлікті жұқа, дөңгелек етіп жаямыз. Дайын жайылған қамырды төртбұрыштап кесеміз. Хожелі мантысының ерекшелігі - әр шаршы жұқа болуы тиіс. Ал, салмасы қарапайым мантының салмасындай болады. Яғни, етке пиязды қосып, дәміне қарай тұз, бұрыш салып, дайындаймыз.

    3. Мантыны түйеміз

    Мантыны түйеміз. Скриншот
    Мантыны түйеміз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Мантыны түйген сәтте, қамырдың ән данасын жай мантыға қарағанда, үлкендеу етіп тураймыз. Сөйтіп ішіне салып, бетін ашып, түйіп бастаймыз.

    4. Мантыны пісіреміз

    Хожелі мантысын пісіреміз. Скриншот
    Хожелі мантысын пісіреміз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Хожелі мантысын түйіп біткен соң, үстіне сұйық май жаға отырып, манты пісіретін табаққа бір-бірлеп қойып, ыдысымен отқа қоямыз. Аталған мантыны 35-40 минут пісірген дұрыс. Себебі, оның қамыры жұқа болғандықтан, қарапайым мантыға қарағанда, тез піседі.

    5. Мантыны дастарханға ұсынамыз

    Дайын мантыны дастарханға ұсынамыз. Скриншот
    Дайын мантыны дастарханға ұсынамыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Піскен мантыны табаққа салып, дастарханға ұсынамыз. Мантыға ерекше дәм беру үшін, қалауыңызға қарай соус әзірлесеңіз де болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.