Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбектің юфкасы: Арианадан ауызашарға дәмді тағам рецебі

Опубликовано:

Өзбектің юфка тағамы. Скриншот
Өзбектің юфка тағамы. Скриншот: YouTube/Ариана Дәуренқызы

Өзбек асханасының ерекше тағамдарының бірі - юфка тағамы. Бүгінгі материалда дәмді әрі құнарлы тағамның ең оңай рецебін ұсынатын боламыз.

Өзбек халқының юфка тағамы жайлы көпшілік біле бермейді. Десе де дәмді әрі құнарлы юфка өзбек асханасының ең танымал ыстық тағамдарының бірі. Ариана Нұрланқызының YouTube арнасынан аталған тағамның жасалу жолымен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы:

Асхана: Өзбек

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 20 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы:

Cу - 1 стакан

Тұз - 1 шай қасық

Сұйық май - 1 ас қасық

Ұн - 250-300 гр

Пияз - 3 дана

Өсімдік майы - 50 мл

Сәбіз - 1 дана

Тартылған ет - 400 гр

Қара бұрыш, дәмдеуіштер, паприка, аскөк - дәміне қарай

Жүгері крахмалы - 2 ас қасық

Дайындалуы

1. Қамыр илейміз

Жұмсақ қамыр илейміз. Скриншот
Жұмсақ қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/Ариана Дәуренқызы

Ыдысқа бір стакан жылы су құйып, үстінен 1 ас қасық тұз бен сұйық май қосамыз. Тұз суда ерігенше жақсылап араластырамыз. Сосын үстінен біртіндеп ұнды сеуіп, жұмсақ қамыр илеп, 15-20 минутқа тындырып қоямыз.

2. Cалмасын дайындаймыз

Cалмасын дайындаймыз. Скриншот
Cалмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Ариана Дәуренқызы

Үш пиязды қабығынан аршып, тураймыз. Сәбізді ірі үккіштен өткіземіз. Сосын қызып тұрған табаға 50 мл өсімдік майын құйып, алдымен пиязды мөлдір болғанша, әдемілеп қуырып аламыз. Сосын үстінен сәбізді салып, сөлі шыққанша қуырамыз. Оның үстінен 400 гр тартылған ет, дәміне қарай тұз, қара бұрыш, дәмдеуіштерді қосып, салмасын пісіріп аламыз.

3. Қамырды жаямыз

Қамырды жаямыз. Скриншот
Қамырды жаямыз. Скриншот: YouTube/Ариана Дәуренқызы

Қамырды алдымен бірнеше бөліктерге бөліп аламыз. Қамырды табаға пісіргенде табаға жабыспас үшін, аздаған мөлшердегі ұнға екі ас қасық жүгері крахмалын қосып, араластырып аламыз. Сосын қамырдың әр бөлігін ұн мен жүгері қосылған ұнтаққа аунатып, орташа көлемдегі дөңгелек етіп жаямыз.

4. Тағамды қазанға пісіреміз

Юфка тағамын қазанға пісіреміз. Скриншот
Юфка тағамын қазанға пісіреміз. Скриншот: YouTube/Ариана Дәуренқызы

Қазанның түбіне сұйық майды тамызып, қамырдың әр дөңгелек бөлігін пісіріп бастаймыз. Қамырдың бетіне салмасын салып, үстінен тағы бір қамырды саламыз. Осылайша, тағамды қатпар-қатпарымен, аз-аздан салмасын сала отырып, толығымен пісіріп шығамыз. Қамырдың барлық бөлігі біткеннен кейін, қазанның қақпағын жауып, отты өшіріп, 15 минутқа бұқтырып қоямыз.

5. Дайын тағамды дастарханға қоямыз

Юфка тағамын дастарханға ұсынамыз. Скриншот
Юфка тағамын дастарханға ұсынамыз. Скриншот: YouTube/Ариана Дәуренқызы

Дайын болған тағамды қазаннан бір-бірден алып, жеке-жеке етіп, орап тәрелкеге саламыз. Дәмді әрі құнарлы болып шығатын өзбек тағамы, кез келген дастарханның сәнін келтіретіні сөзсіз. Аталған тағамды әсіресе, ауызашарға дайындап берсеңіздер болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2071707-ozbektin-yufkasy-arianadan-auyzasarga-damdi-tagam-recebi/

pixel