Қытырлақ баклажан қосылған танымал салат: Ариана ұсынған рецепт
Жарияланған күні:
Қышқыл-тәтті соустағы баклажан салаты кез келген дастарханның сәнін келтіреді. Назарларыңызға дәмді әрі жеңіл салаттың ең дәмді рецебін ұсынамыз.
Баклажаннан дайындалатын қышқыл-тәтті соустағы салат бүгінде ел арасында кеңінен танымал. Фудблогер Нариман Ариана аталған салаттың ең оңай әрі дәмді нұсқасын назарларыңызға ұсынады. Блогердің YouTube арнасынан осы сияқты өзге де түрлі тағамдардың рецептілерімен таныс бола аласыздар.
Сипаттамасы
Асхана: Қытай
Санаты: тіскебасар
Дайындалу уақыты: 25 минут
Дайын болу уақыты: 15 минут
Құрамы
Баклажан - 2 дана
Cалқын су - мөлшеріне қарай
Тұз - 2 шай қасық
Жүгері крахмалы - 3 ас қасық
Черри қызанақтары - 20-25 дана
Руккола жапырақтары - мөлшеріне қарай
Қышқыл-тәтті соус - дәміне қарай
Дайындалуы
1. Баклажанды тураймыз
2 баклажанды сыртын жуып, қабығын аршимыз. Сосын ортасынан бөліп, әр бөлікті бірнеше жолаққа бөлеміз. Жолақтарды ірілеу етіп тураймыз.
2. Баклажанды тұздаймыз
Алдымен баклажанды ыдысқа салып, салқын су құямыз. Оған екі шай қасық тұз салып, жақсылап араластырамыз. Осылайша көкөнөсті 15 минутқа, тұзды сіңдіру үшін қалдырып қоямыз.
3. Қағаз сүлгімен құрғатамыз
Қағаз сүлгіні жайып, оған баклажанды саламыз. Көкөніс қытырлақ болып шығу үшін, оны әбден құрғатып сүрткен жөн болады.
4. Баклажанды қуырамыз
Баклажанды құрғатып болған соң, ыдысқа салып, жүгері крахмалып қосып, жақсылап араластырып аламыз. Қазанға майды құйып, отта қыздырамыз. Қызған майға крахмалда аунаған баклажандарды салып, қуырып аламыз.
5. Черри қызанақтарын тураймыз
5. Салатты тәрелкеге жинаймыз
Шұңғыл тәрелкелерге алдымен черри қызанақтарын, сосын баклажандарды саламыз. Үстінен руккола жапырақтарын қоямыз.
6. Тәтті-қышқыл соуспен араластырамыз
Көкөністерді жинап болған соң, үстінен дайын тәтті-қышқыл соусты құямыз. Осылайша жеңіл әрі дәмді салат дайын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2075859-qytyrlaq-baklazan-qosylgan-tanymal-salat-ariana-usyngan-recept/