Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тауық қанаттарынан кәуәп: Нұрзина Серікбаевадан дәмді рецепт

Жарияланған күні:

Тауық қанаттарынан шашлык. Скриншот
Тауық қанаттарынан шашлык. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Тауық қанаттарынан жасалған кәуәп - отбасыңыздың сүйікті тағамдарының біріне айналуы мүмкін. Назарларыңызға аталған тағамның оңай әрі тез жасалатын рецебін ұсынамыз.

Сипаттамасы

Асхана: Таяу Шығыс елдері, Кавказ

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 40 минут

Дайын болу уақыты: 60 минут

Құрамы

Тауық қанаттары - 1 кг

Соя соусы - 2-3 ас қасық

Бал - 1 лай қасық

Кетчуп - 3 ас қасық

Пияз - 1 дана

Тұз, бұрыш, паприка, куркума - дәміне қарай

Картоп - 1,5 кг

Өсімдік майы - 30 гр

Күріш - 1 стакан

Қайнаған су - 1,5 стакан

Дайындалуы

1. Тауық қанаттарын маринадтаймыз

Тауық қанаттары. Скриншот
Тауық қанаттары. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Тауық қанаттарын жуып, бірнеше бөліктерге бөліп, тураймыз. Маринад үшін кетчуп, тұз, қара бұрыш, паприка, соя соусы және балды араластырамыз. Тәтті-қышқыл соусты тауық қанаттарына құйып, жақсылап араластырамыз. Сосын үстінен бір пиязды турап, салып, тағы да араластырамыз. Бәрін жақсылап араластырып алған соң, тауық қанаттарын 1 cағатқа қойып, маринадталуын күтеміз.

2. Картопты пісіреміз

Картопты пісіреміз. Скриншот
Картопты пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Картоптың қабығын аршымай, сыртын жақсылап жуамыз. Сосын ірілеу етіп, бірнеше бөліктерге бөліп, тураймыз. Сосын ыдысқа салқын суды құйып, картопты орташа отқа қоямыз. Су қайнаған соң, картопты бар-жоғы 3 минут қайнатып аламыз. Тұз, қара бұрыш, паприка, куркума, екі тісше сарымсақ және аскөкті араластырып, үстінен өсімдік майын құямыз. Осы соусты картопқа құйып, жақсылап араластырамыз. Дайын картопты 180 градуста қызып тұрған пешке 20 минутқа салып, картоп сарғайғанша пісіріп аламыз.

3. Тауық қанаттарын пісіреміз

Тауық қанаттарын пісіру. Скриншот
Тауық қанаттарын пісіру. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Маринадталған тауық қанаттарын әдемі болу үшін, шпажаларға тізген дұрыс. Шпажка болмаса, пештің протвеніне тізіп, пісірсеңіз де болады. Дайын қанаттарды 180 градуста, 40 минутқа қойып, қызарғанша пісіріп аламыз. Маринадтан қалған соус болса, тауық қанаттарының бетіне жағып, тағы да 5 минутқа пешке салып, пісірсеңіз болады.

4. Гарнирге күріш пісіреміз

Күрішті пісіреміз. Скриншот
Күрішті пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Күрішті жақсылап жуып аламыз. Кастрюльге өсімдік майын құйып, қызған сәтте күрішті салып, қуырып аламыз. 1 стакан күрішке, 1,5 стакан қайнаған су құйып, тұзын салып, баяу отта 20-25 минутта пісіріп аламыз.

5. Соус жасаймыз

Соусты дайындаймыз. Скриншот
Соусты дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Қызанақ, болгар бұрышы, сарымсақ, пияз, көк жуаны турап, блендерден өткіземіз. Дәміне қарай тұз қосамыз. Соустың қызарып тұрғанын қаласаңыз, томат қоссаңыз болады.

6. Тауық қанаттарынан жасалған кәуәпты дастарханға қоямыз

Тауық қанаттарынан кәуәп. Скриншот
Тауық қанаттарынан кәуәп. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Үлкен табаққа алдымен күрішті, сосын картопты саламыз. Ортасына тауық кәуәптарын саламыз. Кәуәптың үстінен әдемілік үшін, пияз бен жасыл жуаны салсаңыздар болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2077748-tauyq-qanattarynan-kauap-nurzina-serikbaevadan-damdi-recept/