Ораза айтта жеті шелпекті қалай пісіру керек: 15 минут уақытыңызды алатын рецепт
Жарияланған күні:
Ораза айт мерекесінде қазақ халқы дәстүр бойынша жеті шелпек пен бауырсақ пісіреді. Назарларыңызға 15 минутта дайын болатын жеті шелпектің ең оңай рецебін ұсынамыз.
Ораза айт мерекесі жақындағалы бері көптеген қыз-келіншек ас мәзірін дайындауда. Осыған орай, назарларыңызға ашытқысыз жасалатын жеті шелпектің рецептісін ұсынамыз. Фудблогер Шынар Түсіпованың YouTube арнасынан осы сынды өзге де тағамдардың түрлі рецептісімен таныс бола аласыздар.
Сипаттамасы
Асхана: Қазақ
Санаты: басты тағам
Дайындалу уақыты: 30 минут
Дайын болу уақыты: 15 минут
Құрамы
Сүт -200 гр
Жұмыртқа - 2 дана
Тұз - 0,5 шай қасық
Қант - 2 ас қасық
Ұн - 500-550 гр
Дайындалуы
1. Қамырға қажет сүтті дайындаймыз
Бөлме температурасындағы жылы сүтке екі жұмыртқаны қосамыз. Массаның үстіне екі шай қасық тұз бен екі ас қасық қантты салып, ерігенше жақсылап араластырамыз.
2. Қамырға ұнды қосып, жұмсақ қамыр илейміз
Сүт пен жұмыртқа қоспасына ақырындап ұн қосып, алдымен венчикпен жақсылап араластырамыз. Осылайша, жұмсақ қамыр илейміз. Дайын қамырды иін қандыру үшін, бетін жауып, 5-10 минут тындырамыз.
3. Шелпектерді жаямыз
Қамырды табаның көлеміне қарай, бірнеше бөлікке бөлеміз. Әр бөлікті оқтаудың көмегімен, жіңішке, домалақ етіп жаямыз.
4. Шелпектерді қуырамыз
Табаға майды қыздырып, дайын шелпектерді екі жақ беті қызарғанша қуырамыз. Бұл ретте, майдың қызып тұрғаны абзал. Әйтпесе, шелпектер майды көп сіңіріп, қамыры майлы болып шығады.
5. Дайын шелпекті дастарханға ұсынамыз
15 минутта ашытқысыз дайын болатын шелпектер Ораза айт дастарханының сәнін келтіретіні анық. Мұндай шелпекті қонақтарға ыстық күйінде ұсынсаңыз, тіптен жақсы. Шелпектеріңіз ыстық әрі дәмді күйінде бірден желінетін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2079839-oraza-aitta-zeti-selpekti-qalai-pisiru-kerek-15-minut-uaqytynyzdy-alatyn-recept/