Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазанда піскен люля кебаб: Ақнұр Тілекқызынан ең оңай әрі дәмді рецепт

Жарияланған күні:

Қазанда піскен люля кебаб. Көрнекі сурет
Қазанда піскен люля кебаб. Көрнекі сурет: pixabay.com

Люля кебаб - халық арасында кеңінен танымал әрі сүйікті тағамдардың бірі. Бүгінгі материалда үй жағдайында аталған тағамды оңай әрі тез жасау жолымен бөлісетін боламыз.

Қазанда піскен люля-кебаб рецебімен фудблогер Ақнұр Тілекқызы таныстыратын болады. Блогердің YouTube арнасынан бұдан бөлек өзге де тағамдардың дәмді рецептерімен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Түрік

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 30 минут

Дайын болу уақыты: 40 минут

Құрамы

Тартылған ет - 800 гр

Пияз - 2 дана

Тұз, бұрыш, паприка - дәміне қарай

Сарымсақ - қалауыңызға қарай

Картоп - 1 кг

Өсімдік майы - мөлшеріне қарай

Дайындалуы

1. Картопты қуырамыз

Картопты қуырып аламыз. Скриншот
Картопты қуырып аламыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Алдымен картопты қабығынан аршып, жақсылап жуып аламыз. Қазанға өсімдік майын құйып, жақсылап қыздырып аламыз. Үстінен картопты салып, екі жақ беті қызарғанша, жақсылап қуырып аламыз.

2. Тартылған етті дайындаймыз

Тартылған етті дайындаймыз. Көрнекі сурет
Тартылған етті дайындаймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тартылған етке пияз, тұз, қара бұрыш, паприканы қосып, жақсылап араластырамыз. Еттің сөлі шығып, тұзы жақсы сіңіуі үшін, оны 5-10 минут бойы араластырған абзал.

3. Тартылған етті таяқшаға жинап, қуырамыз

Тартылған етті таяқшаға жинап, қуырамыз. Скриншот
Тартылған етті таяқшаға жинап, қуырамыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Тартылған етті таяқшаларға жабыстырамыз. Сосын қызып тұрған майға салып, екі жағы қызарғанша, жақсылап, қуырып аламыз. Отты орташа қалыпта қыздырған дұрыс. Себебі қатты отта, люля кебабтың сырты күйіп, іші піспеу қалуы мүмкін.

4. Люля кебаб пен картопты қазанда пісіреміз

Люля кебабты пісіреміз. Скриншот
Люля кебабты пісіреміз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Люля кебабты картоппен бірге қазанға салып, үстінен аздаған өсімдік майы мен бір кесе қайнаған су құйып, 30 минут бойы орташа отта бұқтырып, пісіріп аламыз. Дайын болған люля кебабты үлкен табаққа салып, үстінен аскөкті сеуіп, жақындарыңызға ұсынсаңыз балады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2081015-qazanda-pisken-lyulya-kebab-aqnur-tilekqyzynan-en-onai-ari-damdi-recept/