Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Авокадо қосылған қытырлақ ноқат салаты: Арианадан ең дәмді салаттың рецебі

Опубликовано:

Қытырлақ ноқат салаты. Скриншот
Қытырлақ ноқат салаты. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Қытырлақ ноқат салаты соңғы күндері көпшіліктің сұранысына ие болып жүрген ең дәмді тіскебасарлардың бірі. Тез әрі жылдам жасалатын салаттың рецебімен бүгінгі материалда таныс бола аласыздар.

Авокадо қосылған қытырлақ ноқат салаты кез келгеннің дастарханның сәнін келтіруі мүмкін. Фудблогер Ариана Серікқызының YouTube арнасынан осы және өзге де тіскебасарлар мен басты тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: тіскебасар

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 20 минут

Құрамы

Руккола - мөлшеріне қарай

Ноқат - 200 мл

Авокадо - 2 дана

Қызыл пияз - 1 дана

Қызанақ - 2-3 дана

Қызыл бұрыш - 1 дана

Брынза - 100 гр

Зәйтүн майы - 5 ас қасық

Лимон шырыны - 1 ас қасық

Сарымсақ - 1 тісше

Бал - 1 шай қасық

Қыша - 1 шай қасық

Қара бұрыш - 0,5 шай қасық

Дайындалуы

1. Ноқатты пісіреміз

Ноқатты салатқа дайындаймыз. Скриншот
Ноқатты салатқа дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Алдын ала қайнатылған ноқатты формаға саламыз. Үстінен шым-шым тұз, аздаған паприка сеуіп, үккіштен өткен ірімшікті саламыз. Сөйтіп алдын ала қызған пешке, 180 градусқа қойып, 15-20 минутқа, қытырлақ күйге келгенше кептіріп аламыз.

2. Авокадоны тураймыз

Авокадоны тураймыз. Скриншот
Авокадоны тураймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Авокадоны қабығынан аршып, ортасындағы сүйегін алып тастаймыз. Сосын екіге бөліп, жұқа етіп тураймыз.

3. Көкөністер мен брынзаны тураймыз

Көкөністер мен брынзаны тураймыз. Скриншот
Көкөністер мен брынзаны тураймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Алдымен болгар бұрышын тазартып, кейін жіңішке етіп тураймыз. Сосын қызанақ пен брынзаны ірі, шаршы етіп тураймыз.

4. Пияз бен рукколаны дайындаймыз

Пияз бен рукколаны дайындаймыз. Скриншот
Пияз бен рукколаны дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Қызыл пиязды ортасынан бөліп, сақина етіп тураймыз.

5. Соус дайындаймыз

Соус дайындаймыз. Скриншот
Соус дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Соусты дайындау үшін кесеге өсімдік немесе зәйтүн майын құямыз. Үстінен бал, бір шай қасық қыша, аздаған сарымсақ және лимон шырынын қосамыз. Дәмін келтіру үшін, қара бұрышты себеміз.

6. Салаттың барлық құрамын араластырамыз

Салаттың барлық құрамын араластырамыз. Скриншот
Салаттың барлық құрамын араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Алдымен ыдысқа қызыл пияз бен рукколаны саламыз. Сосын көкөністер мен брынзаны саламыз. Үстінен қытырлақ ноқатты салып, соуспен араластырамыз. Осылайша, салат дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2081711-avokado-qosylgan-qytyrlaq-noqat-salaty-arianadan-en-damdi-salattyn-recebi/

pixel