Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ет қосылған дәмді бәліш: Ариана Дәуренқызынан ерекше рецепт

Опубликовано:

Дайын пирожки. Скриншот
Дайын пирожки. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Көпшілік арасында бәліш дайындаудың түрлі рецебі бар. Назарларыңызға жасалу жолы ерекше бәліштің рецебін ұсынамыз.

Бәліш - жақындарыңыздың ең сүйікті тағамдарының бірі болуы мүмкін. Фудблогер Ариана Дәуренқызы аталған тағамды дайындаудың ерекше жолын ұсынады.

Сипаттамасы

Асхана: Шығыс Еуропа

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 30 минут

Дайын болу уақыты: 40 минут

Құрамы

Сүт - 200 мл

Тұз - 1 шай қасық

Қант - 1 ас қасық

Сұйық май - 50 мл

Ашытқы - 1 шай қасық

Жұмыртқа - 1 дана

Ұн - 400-450 гр

Тартылған ет - 250 гр

Пияз - 1 дана

Бұрыш, дәмдеуіштер - дәміне қарай

Жасыл пияз - мөлшеріне қарай

Ірімшік - мөлшеріне қарай

Дайындалуы

1. Қамыр илейміз

Қамыр илейміз. Скриншот
Қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Ыдысқа алдымен жылы сүт, тұз, қант, ашытқы, сұйық май мен жұмыртқаны қосып, араластырып аламыз. Сосын біртіндеп ұнды қосып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамыр көтерілу үшін, бетін жауып, жылы жерге 1-1,5 сағатқа қоямыз.

2. Салмасын дайындаймыз

Салмасын дайындаймыз. Скриншот
Салмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Тартылған етке пиязды турап салып, дәміне қарай тұз, бұрыш пен дәмдеуіштерді қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Қамырды жайып, салмасын саламыз

Қамырды жайып, салмасын саламыз. Скриншот
Қамырды жайып, салмасын саламыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Қамыр көтерілген соң, бірнеше бөлікке бөліп, орташа көлемде домалақ етіп жаямыз. Қамырдың бір жақ шетіне тартылған етті, жасыл пияз және үккіштен өткен ірімшікті саламыз. Қамырды видеодағыдай етіп кесіп, пирожкиді түйе бастаймыз.

4. Пирожкиді пісіреміз

Пирожкиді пісіреміз. Скриншот
Пирожкиді пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Дайын болған пирожкелердің үстінен жұмыртқа жағып, противеньге саламыз. Сосын алдын ала қызған пешке, 180 градусқа, 30-40 минутқа қойып, пісіріп аламыз. Осылайша, дәмі тіл үйіретін, ерекше пирожкилер дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2081777-es-qosylgan-damdi-balis-ariana-daurenqyzynan-erekse-recept/

pixel