Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам қалай жақсы көреді: шынайы сезімді білдіретін 8 белгі

Опубликовано:

Ер мен әйел
Ер адам мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Аруын шынайы жақсы көретін жігіттің еріннен сүюі де ерекше. Ол бірде нәзіктік танытып, енді бірде құмарлықпен, кейде аялап қана сүюі мүмкін. Мұндай сезімдер үлкен махаббатты аңғартады. Қарым-қатынас бойынша сарапшылар нағыз махаббаттың сүйісі қалай болатынын айтып берді.

Ұялу, сыпайы болу

Егер ер адам қатты ғашық болса, қызды көргенде қобалжыса, ол тым баяу сүйіседі әрі тартыншақтайды. Бұл әсіресе алғашқы сүйісуге қатысты болса керек. Ер адам қыздың ернін сипап жатқандай әсер қалдырады, сол арқылы қызды зерттеп, оған ұнай ма, ұнамай ма деп бақылап отырған сияқты болады.

Сүйісу кезінде окситоцин гормоны бөлінеді. Окситоцин тартымды ететін қылықтарды оятуы мүмкін, - дейді психология профессоры Рут Фельдман. Егер қыз сүйіскенге дейін өзінің сезіміне күмәнданса, одан кейін жігітке деген қызығушылығы оянуы мүмкін. Ер адамның да махаббаты сүйіскен соң артады.

Көзге қарау

Егер жігіт сүймей тұрып қыздың көзіне ұзақ қараса (бұл бірнеше секундқа созылуы мүмкін), бұл оның жанарының тұңғиығына батып кеткісі келетінін, таза және шынайы сезімін, оған таңданатынын білдіреді.

Сүйісу – қарапайым әрекет, бірақ жұпты жақындастырады. Көзге ұзақ қарау бір-бірін сүйген қос жүрек иесінің жақын болуы үшін жол ашатындай. Мәселен "Унесенные ветром" мелодрамасындағы Ретт Батлер сүйікті аруымен қоштасар алдында соңғы рет сүйіп қалардан бұрын Скарлеттке көз алмай қараған еді. Бұл көзқарас оның сөзінен де ұшқыр болатын.

Құшақтап сүю

Әйелді бір мезетте сүю әрі құшақтау арқылы ер адам тура мағынасында да, астарлап та оған арқа сүйеуге болатынын аңғартады. Ол аруына қамқорлық жасауға және оны қорғауға дайын деген сөз. Мұндай сенімді "Титаник" фильміндегі қос ғашықтың сүйісуінен анық байқауға болады. Кейт Уинслеттің кейіпкері Роза өзінің өмірі мен тағдырын төменгі палубадағы жолаушы Джекке сеніп тапсырған еді.

Олбани университетінің зерттеушілері әйелдердің ерлерге қарағанда сүйісуге көбірек мән беретінін анықтады. Олардың көпшілігі сүйіспей тұрып жыныстық қатынасқа түскісі келмейді. Егер әйел ер адамды сүйгісі келмесе, олардың қарым-қатынасы осымен аяқталуы да ғажап емес. Сүйісу арқылы әйел ерінің міндеттеріне баға береді.

Күйеу жігіт пен қалыңдық
Саябақта отырған күйеу жігіт пен қалыңдық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бетінен сүю

Егер жігіт қызды ернінен ғана емес, бетінен де сүйсе, онда ол сүйіктісін қатты жақсы көреді және онымен ең жылы эмоцияларды байланыстырады.

Дегенмен бұл жағдайда кейбір нюанстарды ажырату маңызды. Егер қыз ернінен сүйгенін қаласа, ал жігіт оның бетінен сүйіп қана кетіп қалса, онда ол мұндай қатынасты тек достық ретінде бағалайды немесе қандай да бір себептермен ол қызбен қарым-қатынас орнатуға қорқады.

Мұндай сүйісу адамдар арасындағы достық пен ұнатуды білдіреді. Бұл жөнінде "Наука поцелуя: о чем говорит наши губы" кітабында жазылған. Егер ғашықтардың бірі сүйіктісінің бетінен сүйсе, бұл қамқорлықты, жақын болуды және шынайы сезімді білдіреді.

Мойыннан сүю

Мойын мен құлақ эрогендік аймақтар болып саналады. Мойыннан сүю ер адамның әйелге деген құштарлығын көрсетеді. Егер ол қыздың ернінен, бетінен және мойнынан кезек-кезек сүйсе, онда бұл ыстық сезімнің көрінісі, - деп жазады сарапшы Шон Джеймсон.

Мойыннан сүю
Сүйіктісінің мойнынан сүйген ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егер ер адам сүйіскен кезде әйелдің бетін сипаса, бұл ондағы құмарлық пен сезімталдықты көрсетеді. Ол өзінің осы бір әрекетін есте қалдыратындай етуге тырысатын сияқты.

"Красотка" фильмінің соңында Ричард Гир сомдаған кейіпкер Джулия Робертстің кейіпкерін құшырлана сүйіп, осылай болғанына сенбей, оның бетінен ұстап, бақытты екенін көрсетеді.

Маңдайдан, көзден сүю

Бұлай сүю әкенің сүйіспеншілігіне ұқсайды. Осылайша "Мен сені жақсы көремін, мен сенімен біргемін" дегендей ілтипат пен қамқорлық көрсетеді. Мұндай адамның жанында сіз өзіңізді мейірімді әкенің қасында жүргендей қауіпсіз сезінесіз.

Маңдайдан сүю ер адамға әйелдің шашын иіскеп ләззат алуға және оны сезінуге мүмкіндік береді, сондықтан мұны жай ғана сүю деуге болмайды. Бұл тек бастамасы, маңдайдан сүю әйелге біраз дүниені аңғартуы мүмкін.

Маңдайдан сүю
Қыздың маңдайынан сүйген жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көзден сүю күлкілі болып көрінуі мүмкін, бірақ ер адам осы әрекеті арқылы сезімінің күшті екенін білдіреді, таңдаған аруының әлеміне деген көзқарасын, оны қаншалықты жақсы көретінін көрсеткісі келеді.

Қабақтан сүю періштедей пәк сезімге баланады. Бұл "Наука поцелуя: о чем говорят наши губы кітабында күшті сезімнің, ерлі-зайыпты арасындағы жайлылық сезімінің көрінісі деп жазылған. Сүйген жандардың бір-бірін кірпіктерімен қытықтайтын "көбелек сүйісі" жастық шақты және жаңа махаббатты білдіреді.

Құмарлық

Біз фильмдерден қаншама сүйісу картинасын көреміз! Онда қызықты, агрессивті, сабырсыз күйдегі және тілді жиі қолданатын француз сүйісуі болып жатады. Осыдан кейін қыздың өзін-өзін ұстап тұруы қиын. Ер адамда да солай.

Алғашқы кездесуде құшырланып сүю орынсыз және бұл тек ер адамның жыныстық қалауын білдіруі ғажап емес. Бірақ егер мұндай сүйісуден соң жігіт сезімін білдіріп, ұсынысын айтса, бұл ер адамның ұнатқан аруына жақындауға деген шынайы ниетін аңдатады.

"Очень страшное кино" комедиясының кейіпкерлері Сидней Кембелл мен Бобби тіл арқылы сүйіскен еді. Олардың сүйісуі жоғары бағаланды және 2000 жылдардың басында MTV Movie Awards марапатында актерлер "Ең жақсы сүйісу" жүлдесін алды.

Соқтығысып қалған кездегідей сүйісу

Ер мен әйел көптен бері бір-бірін көрмей, ақыры кездеседі делік. Ер адам әйелді құшағында ұстап тұрып сүйеді. Мұндай сүйісті күшті соққы секілді сипаттауға болады. Ер адамның ішін жалын шарпып жатыр, ал ерлер қауымы мұндай сезімді ешқашан сөзбен жеткізе алмайды. Сондықтан сүйісу бәрін айтып тұрғандай. Мұндай сүйістен оның әйелге қалай қарайтынын және ол үшін сүйіктісінің қаншалықты маңызды екенін түсінбеу мүмкін емес.

Егер ер адам сүйіскен кезде көзін жұмса, бұл оның жағымды сәттен толық ләззат алғысы келетінін білдіреді. Сондай-ақ бұл жұптың жақындай түсуіне мүмкіндік береді. Ол қыздың қылығына мән бермейді, керісінше өз сезімінің ырқына бағынады.

Your Tango білім беру және ақпараттық веб-сайтының авторы Бен Ван Хевелен ең жақсы сүйісу - бұл сезімді тұтатуға мүмкіндік беретін сүйісу, - дейді.

Ер адамның әйелге деген сезімін түсінудің бір жолы - оның оны қалай сүйетініне назар аудару. Осы орайда қарым-қатынас бойынша сарапшылар дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2082053-er-adam-qalai-zaqsy-koredi-synaiy-sezimdi-bildiretin-8-belgi/

pixel