Дастарханның сәні - испаниялық десерт: Арианадан арнайы рецепт
Жарияланған күні:
Испаниялық чуррос десерті - шай дастарханының сәнін келтіретінін анық. Ендеше ерекше әрі тәтті десерттің рецебін сақтап, қонақтарыңызды таң қалдырып көріңіз.
Испаниялық чуррос десерті жайлы көпшілік біле бермейді. Алайда ол сіздің әрі жақындарыңыздың ең сүйікті десертіне айналуы әбден мүмкін. Фудблогер Ариана Дәуренқызы аталған тәттінің рецебін ұсынып, оның жасалу жолымен таныстыратын болады.
Сипаттамасы
Асхана: Испания
Санаты: десерт
Дайындалу уақыты: 30 минут
Дайын болу уақыты: 20 минут
Құрамы
Су - 150 мл
Қант - 70 гр
Сары май - 40 гр
Ұн - 110 гр
Жұмыртқа - 2-3 дана
Сұйық май - дәміне қарай
Дайындалуы
1. Қамыр дайындаймыз
150 мл суды қызып тұрған табаға құйып қайнатамыз. Сосын қант пен сары майды қосып, араластырамыз. Үстінен аз-аздап ұн қосып, жұмсақ қамыр дайындаймыз. Дайын қамырды суытамыз.
2. Қамырға жұмыртқа қосамыз
Қамырға 3 дана жұмыртқаны қосып, біртіндеп араластырамыз. Жұмыртқаны бірден үшеуін қоспай, әрқайсысын жеке-жеке қосып, араластырған дұрыс. Сонда қамыр жеңіл әрі үлпілдек болып шығады.
3. Қамырды арнайы қалыпқа саламыз
Қамырды десерт жасауға арналған арнайы қалыпқа саламыз. Қалыпқа салу барысында арасында ауа қалмауын қадағалаңыз. Әйтепесе, десертті формаға келтірген уақытта, пішіні жөнді болмай шығады.
4. Десертті пісіреміз
Алдын ала қызған майға десертті біртіндеп саламыз. Тәттіні орташа отта пісірген абзал. Осылайша, десертті екі жақ беті сарғайғанша, жақсылап қуырып аламыз.
5. Десертті қант пен даршын қоспасында айналдырамыз
Дайын болған десертті даршын мен қант қоспасында аунатып аламыз. Осылайша, испаниялық чуррос десерті дайын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2082437-dastarxannyn-sani-ispaniyalyq-desert-arianadan-arnaiy-recept/