Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастарханның сәні - испаниялық десерт: Арианадан арнайы рецепт

Опубликовано:

Испандық чурро десерті. Көрнекі сурет
Испандық чурро десерті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Испаниялық чуррос десерті - шай дастарханының сәнін келтіретінін анық. Ендеше ерекше әрі тәтті десерттің рецебін сақтап, қонақтарыңызды таң қалдырып көріңіз.

Испаниялық чуррос десерті жайлы көпшілік біле бермейді. Алайда ол сіздің әрі жақындарыңыздың ең сүйікті десертіне айналуы әбден мүмкін. Фудблогер Ариана Дәуренқызы аталған тәттінің рецебін ұсынып, оның жасалу жолымен таныстыратын болады.

Сипаттамасы

Асхана: Испания

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 30 минут

Дайын болу уақыты: 20 минут

Құрамы

Су - 150 мл

Қант - 70 гр

Сары май - 40 гр

Ұн - 110 гр

Жұмыртқа - 2-3 дана

Сұйық май - дәміне қарай

Дайындалуы

1. Қамыр дайындаймыз

Қамырын дайындаймыз. Скриншот
Қамырын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

150 мл суды қызып тұрған табаға құйып қайнатамыз. Сосын қант пен сары майды қосып, араластырамыз. Үстінен аз-аздап ұн қосып, жұмсақ қамыр дайындаймыз. Дайын қамырды суытамыз.

2. Қамырға жұмыртқа қосамыз

Қамырға жұмыртқа қосамыз. Скриншот
Қамырға жұмыртқа қосамыз. Скриншот: YouTube/СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қамырға 3 дана жұмыртқаны қосып, біртіндеп араластырамыз. Жұмыртқаны бірден үшеуін қоспай, әрқайсысын жеке-жеке қосып, араластырған дұрыс. Сонда қамыр жеңіл әрі үлпілдек болып шығады.

3. Қамырды арнайы қалыпқа саламыз

Қамырды қалыпқа саламыз. Скриншот
Қамырды қалыпқа саламыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Қамырды десерт жасауға арналған арнайы қалыпқа саламыз. Қалыпқа салу барысында арасында ауа қалмауын қадағалаңыз. Әйтепесе, десертті формаға келтірген уақытта, пішіні жөнді болмай шығады.

4. Десертті пісіреміз

Десертті пісіреміз. Скриншот
Десертті пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Алдын ала қызған майға десертті біртіндеп саламыз. Тәттіні орташа отта пісірген абзал. Осылайша, десертті екі жақ беті сарғайғанша, жақсылап қуырып аламыз.

5. Десертті қант пен даршын қоспасында айналдырамыз

Десертті қант пен даршында араластырамыз. Скриншот
Десертті қант пен даршында араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Дайын болған десертті даршын мен қант қоспасында аунатып аламыз. Осылайша, испаниялық чуррос десерті дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2082437-dastarxannyn-sani-ispaniyalyq-desert-arianadan-arnaiy-recept/

pixel