Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңде сүт көрсең не болады: танымал түс жорушылардың тұжырымы

Опубликовано:

Сүт
Сүт. Көрнекі фото: pixabay.com

Сүт – өмірдің және ананың символы. Сүт туралы түс жақсылықтың нышаны саналады.Сонымен сүт туралы түс тағы нені білдіруі мүмкін? Жауабын түс жору кітаптарынан бірге іздеп көрейік.

Бұл материалдан оқитындарыңыз:

  • Лоффтың жоруы бойынша, түске неге сүт кіреді?
  • Миллер сүт туралы түсті қалай жорыған?
  • Хассенің түс жоруында сүт туралы түстің мағынасы не?
  • Нострадамустың пікірінше, сүт туралы түс нені білдіреді?
  • Мұндай түсті Цветков қалай жорыған?
  • Фрейдтің түсіндіруінше сүт туралы түс неден хабардар етеді?
  • Ислам түс жоруы бойынша сүт туралы түстің мәні
  • Феломеннің түс жоруындағы сүт туралы түстер ненің нышаны?
  • Юнонаның түс жоруында мұндай түс қалай түсіндірілген?
  • Ванга сүт туралы түстің мағынасын қалай талдаған?

Лоффтың жоруы

Лоффтың түс жору кітабында негізінен ана сүті мен емізу рәсіміне көбірек көңіл бөлінген. Онда әйелдер де, ерлер де қатысатын сюжеттер сипатталған. Түсіңде ана сүтін көрсең не болады? Лоффтың түсіндірмесі:

  • Баласыз әйел түсінде бала емізіп отырса, болашақ ана ретінде көңілі алаң боп жүргенін білдіреді, бала көтеріп, босануы мүмкін.
  • Жас ана түсінде бала емізіп отырғанын көрсе, сүті жете ме, баласын дұрыс емізіп жүр ме деген уайымын білдіреді.

Ер адам түсінде бала емізіп отырғанын көрсе, бейсаналы түрде дағдарыста жүргені. Өзіне күмәнмен қарап, альфа еркектерімен салыстырғанда өзін нағыз еркек ретінде сезінбеуі мүмкін.

Миллердің жоруы

Миллердің түсіндіруінше, сүт –жақсылықтың нышаны, әсіресе сүтті түсінде әйел адам көрсе, бұл жақсылықты білдіреді. Танымал түс жору кітабындағы қызықты түсіндірмелер мынадай:

  • Фермер түсінде сүт ішіп отырса, бұл мол өнім мен үйдегі берекені білдіреді.
  • Саяхатшы түсінде сүт ішіп отырса, сапары сәтті болады.

Түске сүт өзен болып ағып жатса, денсаулық пен байлықты білдіреді. Түсінде сүт сатқан адам өңінде мол берекеге кенеледі. Түсіңде біреуге сүт беріп жатқан адам өңінде қайырымдылық жасайды.

Саптыаяққа құйылып жатқан сүт
Әйел саптыаққа сүт құйып тұр. Көрнекі фото: pixabay.com

Хассенің жоруы

Мисс Хассе сиыр сүтін денсаулықтың сыр беруінің белгісі деп санаған, ал сүт сатып алу туралы түсті қуаныштың жаршысы деп түсіндірген. Түсінде сүт ішсең, өңіңде не болуы мүмкін? Мұндай түс мол табысты, мол өнімді және сәтті сапарды білдіреді.

Түсінде сүт сатып жүрген адам өңінде көп ұзамай байиды. Адам түсінде елге тегін сүт таратып жүрсе, үйінде татулық болады деген сөз.Түсінде омырауына сүт келсе, өңінде өсіп, өркендейді.

Нострадамустың жоруы

Нострадамустың жоруы бойынша, сүт үйдегі молшылықты білдіреді. Ондай түс сондай-ақ ізгі ниетті, достықты және әйел махаббатын білдіреді. Адам мұндай түсті ұзақ сапар алдында көретін болса, бұл жақсылықтың нышаны.

Түсіңде сүт қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы болады. Бұл – өмірдің барлық саласындағы сәттіліктің, ақшаның, денсаулықтыңбелгісі. Сүт тарату – түс көруші адамның басқа адамдарға деген мейірімділігі мен жақсы мінезінің көрінісі.

Цветковтың жоруы

Түсіңде омырауыңа сүт келгенін көрсең, өңіңде не болады? Цфетковтың пайымдауынша, сүт – жақсылықтың нышаны, ал омырау – бақыт пен табыстың символы. Егер адам түсінде омырауынан сүт тамып тұрғанын көрсе, өңінде денсаулығы жақсы болады, табысқа кенеледі. Омырау сүті – мықты денсаулықтың жаршысы.

Цветковтың айтуынша, сүт туралы түс байлықты, құнарлылықты және өсіп-өнуді білдіреді. Оның түсіндіруінше, түсінде сүт көргендердің үйінде береке болады, отбасы мүшелерімен тату-тәтті өмір сүреді.

Отбасы
Отбасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Ванганың жоруы

Ванганың жоруы бойынша, адам түсінде әдемі ыдыс-аяқтан сүт ішсе, өңінде біреудің күтпеген әрекеттеріне таңғалады. Егер сүтті сирек ішетін адам болса, түсіне кірген сүт тосынсыйды білдіреді. Егер адам түсінде сұйықтықты, соның ішінде сүт төгіп алса, өңінде күтпеген қонақ келеді.

Сүт – түс көруші адамның жан дүниесінің тереңінде жасырылған болжамдардың символы. Оны сезініп, бағалап, өзін сабырға шақырып, шешімін табу керек. Төгілген сүт – жақсылықтың белгісі емес. Бұл мазалап жүрген ойлардың бәрі шындыққа айналатынын білдіреді.

Фрейдтің жоруы

Фрейдтің жоруы бойынша, адамдар көбінде түсінде өңінде армандап. қол жеткізуге ұмтылып жүрген нәрсесін көреді. Түске банкада құйылып тұрған сүт кірсе, не болады? Мұндай түс адамның ашығып, шөлдеп жатқанын немесе шаршағанын білдіреді, ал сүт – оның күшін қалпына келтіретін, оны өмірге қайтаратын және энергиямен толтыратын нәрселердің символы.

Әйел баланы армандаса және бала емізуге дайын жүрсе, түсінде сүт көруі мүмкін. Саптыаяққа сүт құю – түс көрішу әйел болашақ балаларының әкесі ретінде таңдаған адаммен қарым-қатынас құруды қалап жүргенін білдіреді.

Ер мен әйел
Ер адам мен әйел адам құшақтасып тұр. Көрнекі фото: pixabay.com

Ислам бойынша жору

Ислам түс жоруы бойынша, сүт – адамға туғаннан берілетін мінез-құлық сапасының белгісі. Сиыр, енеке және түйе сүті – игіліктің белгісі.

Түсінде сүт ішкен адам өңінде беделге ие болады.

Феломеннің жоруы

Феломенаның жоруы бойынша сүт молшылықты, табысты және ақшаны білдіреді. Егер сүт саптыаяқтан асып, төгіліп тұрса, бұл – молшылық пен берекенің нышаны. Мұндай түс көрген адам өмір жолында басталатын жарқын сәттерге дайын жүруі керек.

Сүт
Сүт. Көрнекі фото: pixabay.com

Түсіңде ашыған сүт көрсең не болады? Ол ұрыс-керісті, ренішті білдіреді, жақын адамыңмен ренжісіп қалуың мүмкін. Феломеннің түсіндіруінше, түсінде адам сүт қайнатып жатса, бұл жақсылықтың нышаны емес.

Юнонаның жоруы

Юнона сүт туралы түсті қамқорлықтың, қолдаудың және ана махаббатының белгісі ретінде жориды. Бұл түс көрушінің және оның айналасындағы адамдардың оған деген мейірімділігінің белгісі. Егер адам түсінде сүт ішіп жатса, онда өңінде істеп жүрген істерінің дұрыс екенін білдіреді. Сол ісін жалғастырса, табысқа жетеді.

Сүтке шомылу – жақсы нышан. Бұл сондай түс көрген адамның табысқа кенелетінін, өмірінде жақсы өзгерістер болатынын білдіреді.

Әйел сүтті қолымен құйып алып тұр
Әйелдің қолындағы сүт. Көрнекі фото: pixabay.com

Түсте көрген сүт – көбінде жақсылықтың нышаны. Кейбір түстер жамандық шақыруы да мүмкін. Дегенмен көңілге күдік ұяламауы үшін түрлі түс жору кітаптарын оқып, ой түйген абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2086025-tusinde-sut-korsen-ne-bolady-tanymal-tus-zorusylardyn-tuzyrymy/

pixel