Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Раменды үйде пісіреміз: Диана Есенбекова кәріс асханасындағы ең танымал тағам рецебін ұсынды

Опубликовано:

Кәріс ұлтының рамен тағамы. Скриншот
Кәріс ұлтының рамен тағамы. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Кәріс асханасын ұнататын жандар үшін - рамен ең сүйікті әрі жасалуы оңай тағам болатыны анық. Үй жағдайында кәрістердің ұлттық тағамын қалай дайындауға болады? Бүгінгі материалдан білетін боласыздар.

Рамен - кәріс ұлтының негізгі әрі сүйікті тағамдарының бірі. Бүгінгі күні көптеген халық сүйіп жейтін тағамға айналған раменды үйде де жасауға болады. Фудблогер Диана Есенбекова назарларыңызға раменның ең оңай жасалу жолын ұсынады.

Сипаттамасы

Асхана: Корея

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 30 минут

Дайын болу уақыты: 10 минут

Құрамы

Сиыр еті - қалауыңызша

Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

Сұйық май - мөлшеріне қарай

Кәріс рамены - 3 дана

Жұмыртқа - 3

Көк пияз - қалауыңызша

Дайындалуы

1. Етті дайындаймыз

Етті турап, қуырамыз. Скриншот
Етті турап, қуырамыз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Алдымен етті жақсылап жуып, жұқа етіп турап аламыз. Етті табаққа салып, дәміне қарай тұз, бұрыш қосып, араластырамыз. Сосын қызып тұрған табаға сұйық майды құйып, етті жақсылап қуырып аламыз.

2. Рамен кеспесін пісіреміз

Рамен кеспесін пісіреміз. Скриншот
Рамен кеспесін пісіреміз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Шұңғыл ыдысқа су құйып, қайнатамыз. Сосын раменнің кеспесін салып, пісіреміз. Соңында раменға арналған дәмдеуіштерді қосамыз.

3. Жұмыртқа мен көк пиязды дайындаймыз

Жұмыртқа мен көк пиязды дайындаймыз. Скриншот
Жұмыртқа мен көк пиязды дайындаймыз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Үш дана жұмыртқаны пісіріп, ортасынан екіге бөліп, тураймыз. Сосын етті жұқалап турап аламыз. Көк пиязды да ұсақтап тураймыз.

4. Раменды дастарханға ұсынамыз

Раменды дастарханға ұсынамыз. Скриншот
Раменды дастарханға ұсынамыз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Дайын болған раменнің кеспесін кесеге саламыз. Үстінен сорпасын аздап құямыз. Үстінен жұмыртқа, ет пен көк пиязды саламыз. Осылайша, дәмді әрі ең оңай жасалатын рамен дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2088113-ramendy-uide-pisiremiz-diana-esenbekova-karis-ashanasyndagy-eng-tanymal-tagam-retsebin-usyndy/

pixel