Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазанда пісетін шоколадты бәліш: Диана Есенбековадан ерекше бәліш рецебі

Опубликовано:

Қазанда піскен шоколадты бәліш. Скриншот
Қазанда піскен шоколадты бәліш. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Көпшілік сүйіп жейтін шоколадты бәлішті қазанда да пісіруге болады. Мұндай рецепт, әсіресе, пеші жоқ қыз-келіншектер үшін таптырмас лайфхак болуы мүмкін. Назарларыңызға қазанда піскен, тәтті шоколадты бәліштің рецебін ұсынамыз.

Жақындарыңызға кешкі шайға шоколадты бәліш дайындап берсеңіз болады. Алайда, үйіңізде пеш істен шығып қалса, бәлішті қалай дайындаса болады? Танымал фудблогер Диана Есенбекова қазанда пісетін шоколадты бәліштің рецебін ұсынып көрді.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы

Жұмыртқа - 3

Қант - 1 стакан

Cұйық май - 30 г

Cүт - 1 стакан

Ұн - 200 г

Қопсытқыш - 1 ас қасық

Какао - 30 г

Шоколад - 1

Дайындалуы

1. Жұмыртқа мен қантты араластырамыз

Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Скриншот
Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Шұңғыл ыдысқа үш жұмыртқаны жарамыз. Үстінен қантты қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

2. Сұйық май мен сүтті қосамыз

Сұйық май мен сүтті қосамыз. Скриншот
Сұйық май мен сүтті қосамыз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Жұмыртқа көпіршіп, қантпен жақсылап араласқан соң, үстінен сұйық май құямыз. Сосын сүтті қосып, жақсылап араластырамыз.

3. Ұн мен какао ұнтағын қосамыз

Ұн мен какао ұнтағын қосамыз. Скриншот
Ұн мен какао ұнтағын қосамыз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Дайын қоспаға ұнды біртіндеп, електен өткізіп қосасыздар. Сосын жақсылап араластырсыздар. Барлық құрам араласып болған соң, үстінен какаоны електен өткізіп, себеміз. Сондай-ақ қопсытқышты қосып, бәрін жақсылап араластырамыз.

4. Қазанды майлап, ұн себеміз

Қазанды майлап, ұн себеміз. Скриншот
Қазанды майлап, ұн себеміз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қазанды майлап аламыз, сосын ұн себеміз. Бұл бәліштің қазанға жабыспауына көмектеседі. Қазанның ортасына стаканды қойып, маңайына бәліштің қамырын құямыз.

5. Бәлішті пісіреміз

Бәлішті пісіреміз. Скриншот
Бәлішті пісіреміз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Бәліштің қамырын қазанға құйған соң, ауа кірмес үшін, қазанның бетін майлықпен жауып қоямыз. Бетін қақпақпен жабамыз. Бәлішті 5 минут қатты отта, сосын жарты сағат баяу отта пісіреміз. Бәліштің бетіне шоколадты жағып, дастарханға ұсынамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2088116-qazanda-pisetin-shokoladty-balish-diana-esenbekovadan-erekshe-balish-retsebi/

pixel