Хычины: Ірімшік қосылған жайма нан рецебі
Жарияланған күні:
Хычины - тау халықтары арасында кеңінен танымал тағам. Ірімшік қосылып жасалатын ұлттық тағамды үй жағдайында қалай дайындауға болады? Бүгінгі материалдан білетін боласыздар.
Хычины - Солтүстік Кавказ аймағында танымал болған, тау халықтарының ұлттық тағамдарының бірі. Ірімшік қосылған жайма нанның шыққан жері - Кабардин-Балқар елі деген дерек бар. Танымал фудблогер Диана Есенбекова назарларыңызға дәмі тіл үйіретін жайма нанның рецебін ұсынатын болады.
Сипаттамасы
Асхана: Солтүстік Кавказ елдері
Санаты: басты тағам
Дайындалу уақыты: 15 минут
Дайын болу уақыты: 10 минут
Құрамы
Жылы су - 300 мл
Ерітілген сары май - 150 г
Ашытқы - 1 ас қасық
Қант - 1 ас қасық
Жұмыртқа - 1
Тұз - 1 шай қасық
Ұн - 500 г с
Cулугуни немесе моцарелла ірімшігі - мөлшеріне қарай
Дайындалуы
1. Қамырдың сұйық құрамын дайындаймыз
Шұңғыл ыдысқа жылы су, ерітілген май, ашытқы мен қантты араластырып, 15 минутқа бетін жауыр қоямыз. Одан кейін бір жұмыртқаны қосып, дәміне қарай тұз сеуіп, араластырамыз.
2. Ұн қосып, қамыр илейміз
Дайын қоспаға ұнды електен өткізіп, біртіндеп қосамыз. Сосын жұмсақ қамыр илейміз. Қамырдың бетін жауып, жарты сағатқа қойып, ашытамыз.
3. Қамырды жаямыз
Ашыған қамырды алып, алдымен екіге бөлеміз. Сосын әр бөлікті үшке бөлеміз. Әр бөлікті орташа қалыңдықта жаямыз.
4. Қамырға ірімшікті салып, тағы да жаямыз
Ірімшікті ірі үккіштен өткіземіз. Сосын әр дөңгелек қамырдың ортасына салып, қамырдың жан-жағын түйеміз. Осылайша, сыр қосылған қамырды тағы да күлше тәрізді етіп, жаямыз.
5. Күлшелерді пісіреміз
Дайын болған күлшені қызып тұрған табаға салып, екі жақ беті қызарғанша пісіреміз. Күлшелер дәмді болуы үшін, оған сары май жағып, дастарханға ұсынсаңыз болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2089742-hychiny-irimshik-qosylgan-zhaima-nan-retsebi/